• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Оқуға ұсынамыз

ƏКЕ МЕН БАЛА – МҰХАМЕДХАН СЕЙТҚҰЛОВ ПЕН ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВ – ОТАН ПАТРИОТТАРЫ ОТЕЦ И СЫН – МУХАМЕДХАН СЕЙТКУЛОВ И КАЮМ МУХАМЕДХАНОВ – ПАТРИОТЫ ОТЕЧЕСТВА

Уважаемые сотрудники библиотек, учителя,читатели.

Эта книга рекомендована Министерством РК для включения в обучение. Педагогам школ и вузов РАЗНЫХ дисциплин эта книга будет в помощь. 

Әке мен бала - Мұхамедхан Сейтқұлов пен Қайым Мұхамедханов - Отан патриоттары. Отец и сын - Мухамедхан Сейткулов и Каюм Мухамед- ханов - патриоты Отечества. - 120 б. - қазақша, орысша.

Достойные сыны Отечества, патриоты родной земли, Отец и Сын - Мухамедхан Сейткулов и Каюм Мухамедха- нов всей своею жизнью и конкретными поступками откры- вали и сохранили для народа научно-культурные ценности и духовные основы независимости. Они искренне любили родную землю и преданно служили своему народу. Вос- питание на примере жизни и судьбы патриотов Отечества формирует сопричастность граждан общей истории, сопе- реживание трагическим страницам в судьбе нашего наро- да и формирует ответственность за страну. Книга является вкладом в духовное обновление общества и патриотическое воспитание молодежи. Книга предназначена работникам го- сударственных органов, педагогам и воспитателям средних школ, колледжей и вузов.

 Посвящается Мухамедхану Сейткулову и Каюму Мухамедханову - Отцу и Сыну, истинным патриотам казахской земли, искренне любившим свой народ, отдавшим жизнь и свободу за историческую правду, преданность истине и служение народу. Их жизнь и судьба являются вечным примером высокой духовности, совести и справедливости.

«Хочется надеяться, что противные человеческому естеству слова “репрессия”, “депортация”, “Гулаг” понемногу вытравливаются из сознания наших сограждан....

Понимаю: некоторые документы той эпохи и поныне - полвека спустя - не всем по нраву. Страх прошлого и мелочный эгоизм (пендешілік) обволакивают души. А вдруг обидятся потомки отнюдь не славных мужей? Но что делать? Историю грешно закамуфлировать, редактировать, переписывать, отрихтовать по конъюнктурным и ложно понятым этическим соображениям. Правду необходимо знать, если мы хотим иметь дело с духовным прогрессом народа. И именно в этом заключается один из нравственных постулатов Каюма Мухамедханова».

Герольд Бельгер. 2007 г.


« ... ӨЛСЕМ, АЛАШ АЗАМАТТАРЫНАН ЖАНЫМ

АРТЫҚ ЕМЕС ... »

Қайым Мұхамедханов (1951 ж.)

« ... ЧТО МОЯ СМЕРТЬ, КОГДА ТАКИЕ ЛЮДИ,

КАК АЛАШЕВЦЫ, ПОГИБЛИ...»

Каюм Мухамедханов (1951 г.)

Независимость государства - это не абстрактное понятие, а конкретные люди, достойные сыны Отечества, которые всей своею жизнью и конкретными духовно- нравственными поступками открывали и утверждали ценности независимости, сохранили дух Алаш, объединяли наш народ на конкретных примерах сохранения культуры, науки, духовности. Они искренне любили родную землю и свой народ и всегда думали о его будущем. Воспитание на примере жизни и судьбы Мухамедхана Сейткулова и Каюма Мухамедханова укрепляет духовные устои независимости, формирует сопричастность граждан общей истории, сопереживание трагическим событиям в судьбе народа и развивает их ответственность за свою землю.

В 2016 г. была издана рекомендация Администрации Президента Республики Казахстан: в честь празднования 25-летия Независимости Республики Казахстан, для поднятия патриотического духа народа и в юбилейный год 175-летия Ибрая Алтынсарина, 150-летия Алихана Букейханова, 100-летия Каюма Мухамедханова и др. личностей увековечить их имена. Мероприятия памяти исторических личностей прошли во всех регионах страны и были выпущены юбилейные почтовые марки. Именем Каюма Мухамедханова были названы улицы в г. Семей, Астана, Актобе, Атырау, Кокшетау, Тараз и в других областях страны.

Также в 2016 г. Управление внутренней политики г.Алматы инициировало проект о Мухамедхане Сейткулове и Каюме Мухамедханове - патриотах Отечества. Проект был успешно выполнен в г. Алматы общественным фондом «Центр образования и культуры имени Каюма Мухамедханова». Встречи в учебных заведениях и студенческий флэш моб, акции памяти и круглый стол подняли патриотический дух учащейся молодежи, включили в диалог о патриотизме научно-культурную и педагогическую интеллигенцию г.Алматы и г.Астаны. Участники мероприятий (1000 человек) и эксперты отметили важность целенаправленной работы в масштабах страны по теме «Отец и сын: Мухамедхан Сейткулов и Каюм Мухамедханов - патриоты Отечества». Это отвечает задачам, поставленным в опубликованной статье Президента Н.А.Назарбаева «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания», в которой особое внимание уделено духовному обновлению. Духовность опирается на историческое сознание, открытое для исторической правды. Правда сохраняет национальную идентичность, формирует сопричастность каждого гражданина общей истории, общей трагедии, общей радости. Жизнь и судьба Отца и Сына являются примером высокой духовности, совести и преданного служения своему народу.

Мухамедхан Сейткулов сыграл важную роль в сохранении культурного наследия нашего народа, в просвещении людей и в становлении многих знаковых личностей нашей истории. Его дом в городе Семей («Алаш қала») стал местом встреч партии «Алаш», местом обсуждений неравнодушными людьми вопросов истории, культуры и будущего казахского народа. Он поддерживал издание газет и журналов, в его доме происходило становление казахского театра. Истинный патриот родной земли, благородный человек, мужественный и справедливый Мухамедхан разделил трагическую участь своих друзей - алашординцев. Его расстреляли 80 лет назад, 2 декабря 1937 года в 2 ч. ночи. Место растрела и захоронения до сих пор не известно. Его имя и добрые дела остались в памяти народа.

Каюм Мухамедханов - достойный сын своего отца, воспитанный в духе Алаш, воспринял идеи своего отца и его друзей - посетителей родового дома. Сквозь всю жизнь он достойно пронес память об отце и его дру- зьях: мужественно в течение многих лет боролся за реа- билитацию многих имен, когда все было под запретом. Вернул из небытия сотни имен, тысячи трудов. Лич- ность Мухамедхана Сейткулова и его дом в г. Семей, личность Каюма Мухамедханова, его вклад и заслуги перед Отечеством - это тема для отдельных исследова- ний и изучения. Это вечная память народа Казахстана. Работа по духовному обновлению и воспитанию патри- отов нашей земли должна быть наполнена конкретным содержанием и продолжена в учреждениях образования и культуры.

Қайымның әкесі - М.Сейтқұлов (1870-1937) - аса мейірімді, білімді, жомарт, алашордашы, ислам уағызшысы болған адам еді. Оның қазақ мәдениетінің белгілі қайраткерлерін қалыптастыру жолындағы еңбегі ерен. Сейтқұлов ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың алғашқы үш онжылдығында қазақ халқының рухани да- муына ықпал етті. Ол көптеген қолжазбалар мен тари- хи өлең-жырларды жинақтаушы және мәдени мұраны сақтаушы. Мұхамедхан Сейтқұлов 1937 жылдың 2 желтоқсаны күні түнде атылды. Кейін ақталған.

М.Сейтқұловтың үйіне Абай, Шәкәрім, Абай шә- кірттері, белгілі мәдениет қайраткерлері, жазушылар мен баспагерлер жиналатын. Үйдің үлкен залының бір бөлігін мазмұнға бай кітапхана алып тұратын, мұнда көптілді әлем классикасы, жаздырып алынған және әр жерден әкелінген сол заманның газет-журналдары бол-


6



ды. Қайымның әкесі қазақ, орыс, татар, араб тілдерінде оқитын және аса жомарт адам еді. Сейтқұловтың қаржыландыруымен «Сары-Арқа» газеті, 1918 ж. ба- стап Ж.Аймауытов және М.Әуезовтың редакциясымен «Абай» журналы шығарылатын. Әлихан Бөкейханов Семейдің сол жағалауында өткен жиында қалаға бас- тапқы «Алаш» атауын қайтару туралы мәселе көтерген кезде, Сейтқұлов оған қолдау беріп, қалаға «Алаш» ата- уын қайтаруды нақтылы дәлелдермен қорғаған. Осын- дай заманалар мен дәстүр жалғастығының мысалдары аз емес.

М.Дулатовтың қызы Гүлнар Дулатова әкелерінің дос болғанын еске алады. 1911 жылы Сейтқұлов Міржақып Дулатовты кепілдік салып, тұтқыннан босатады. Ал Шәкәрімнің белгілі фотосуреті Сейтқұловтың үйіне келген кезде түсірілген. Сонымен бірге, Сейтқұлов Шәкәрімнің қамаудан босап шығуына көмектеседі.

Туған үйдің жылуы, қоршаған ортасы, білім өрісі өзінің елі мен жерін шынайы сүйетін, сондай-ақ ғылыми-мәдени құндылықтарды сақтауды ниет еткен тұлғаны қалыптастырды. Қайым әкесінің жазушылар мен композиторлар, халық ақындары, өнер адамдары- мен жақын байланысын байқады. Алаш зиялылары Семейдегі (Заречный слободкада, ескі атауы «Алаш») Сейтқұловтың үйін кездесу орны ретінде таңдады. Алты жастағы Қайым әкесінің үйінде алғаш рет М.Әуезовты көрді, ол мұнда жиі қонақта болатын. Қайымның әкесі М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек», «Қарагөз» және т.б. пьесаларының алғашқы репетициясын жасауға қолайлы жағдайлар жасады.

Қайым жас кезінен әкесінің достары берген тап- сырмаларды орындайтын, мысалы, Ыдырыс Мұстам- баевтың тапсырмасы - кітапты араб харпімен, көркем жазумен көшіру немесе түрлі тілдерге аудару. Қайым өзінің алғашқы өлеңдерін үйге келген әкесінің до- старына оқитын. М.Сейтқұлов 1921, 1928, 1932 және 1937 ж.ж. қуғын-сүргінге және тәркілеуге ұшырады.


7



М.Сейтқұловтың үлкен ұлы Қайымға отбасын асырау үшін 15 жастан бастап көп жұмыс істеуге тура келді. Ол кемежайда жүк тасушы, жұмысшы, кадр бөлімі қызметкері, мәдениет қызметкері, мұғалімдік қызмет атқарды.Екі жылдық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін әзірлеу курсынан кейін, Семей пединститутына түсіп, 1941 жылы экстернмен аяқтайды. Қайым 17 жастан бастап Семей қаласының әртүрлі мекемелерінде сабақ бере бастады. Үздік педагог-тәлімгер өмірінің 60 жыл- дан астамын жастарды тәрбиелеу және білім беру ісіне арнады.

Әкесі тұтқындалғаннан кейін Қайым Педагогикалық институттан қуылады. Сол кезде жасөспірім жігітке әкесінің досы Мұхтар Әуезов моральдық тұрғыда қолдау береді, ол Қайым үшін ғұмыр бойы тәлімгер және ұстаз болып қалды. Шәкірт ұстазына өмірінің соңына дейін адал болды. Адамдарды жақсы тани- тын М.Әуезов Қайымның бойынан ерекше дарын, имандылық пен адалдықты байқайды. М.Әуезов Қайымды Абай туралы роман-эпопея жазу барысында түрлі тапсырма орындайтын ғылыми тілші етіп алады. Ол бұл кезде Алматыда еді, ал нақтылайтын жағдайлар тек шалғай ауылдардағы ақсақалдармен әңгіме кезінде, мұрағаттарда, түрлі қалаларға хат жазып, хабар алмасу арқылы ғана нақтыланатын.

1930-жылдардың аяғында Абай мұрасы, оның шәкірттері мен ізбасарларына жойылып кету қаупі туды. Абай Сөзі бұрмаланды, шығармалары ғылыми тұрғыда зерттелмеді. Қолжазбалары мен жеке зат- тары жоғалды, өмірінің куәгері болған қариялар азайды.

М.Әуезов қазақ мәдениетінің елеулі бөлігін сақтауға бағытталған бірқатар тапсырманы өзінің шәкірті Қайымға сеніп тапсырды:

қалау


8



құру және сақтау

•   Ойшыл-ақынның құнды сөзін текстологиялық

талдау әдісімен сақтап қалу

Қайым жүк көлігімен шалғай ауылдарға айлап са- пар шекті. Абайды көзі көрген қариялармен, өмірі мен шығармашылығынан хабардар адамдармен әңгімелесіп, тұрмыстық заттардың, киімдер мен кітаптардың, Абай қолжазбаларының шынайылығын нақтылады. Қайым Мұхамедханов 1940 жылы Қазақстанда, Семей қаласында тұңғыш Мемлекеттік әдеби-мемориалды Абай мұражайын ұйымдастыруға өлшеусіз еңбек сіңірді. Көшбасшылық идея. Десек те, идеяны өмірде іске асыру - көшбасшы болудан да артық. Мұражайды нөлден бастап құру - әркімнің қолынан келе бермейтін іс, кейбіреулер іргетасын құруға жауапкершілік ала- ды. Қ.Мұхамедханов ұстазы М.Әуезовпен бірге Семей қаласында алғашқы ғимаратты таңдады. Ал Қайымның досы және әріптесі Борис Акерман іс-сапарлар мен зерт- теулер кезінде үнемі жанынан табылды. Сол кезеңде 500 жәдігер нақтыланды, барлық жәдігерлерге ғылыми сипаттама беріліп, мұражай бойынша толық «Жолбас- шы» құрал жазылды. Мұндай негіздемесіз мұражайдың құрылмасы анық еді.

Қызметін мұражайда аға ғылыми қызметкер болып бастаған Қайым, жоғары оқу орнында сабақ беруін жалғастырды, ал 1947 жылы Мұражай ҚазССР-і Ғы- лым Академиясы қарамағына өткізілген кезде және ғылыми қызметті сақтап қалу мақсатында, Академия Президенті Қ.Сәтпаевтың бұйрығымен ол Мұражай директоры болып тағайындалып, 1951 ж. репрессияға дейін басшылық етті. Қайым сонда да педагогикалық қызметін ешқашан тастамады. Профессор Е.Исмаилов сол кездің өзінде: Қ.Мұхамедханов мемлекеттік Абай мұражайын алғашқы ұйымдастырушы және ғылыми қызметкердің бірі ретінде қазақ әдебиетінің классигі


9



Абайдың өмірі мен шығармашылығына тікелей қатысы бар ерекше құнды қолжазбаларды, мұрағаттық, фольклорлық материалдарды жинақтады. (1945 ж.)

Қайым ғылыми зерттеулердің бағыт-бағдарына жол ашып, кітапхана мен қолжазба қорын елеулі толықтырды; сол кезде стендтерден Абайдың ата- аналарының, қоршаған ортасының, шәкірттері мен ізбасарларының портретін, сирек шығыс кітаптары және қолжазбаларды көруге болатын. Соңынан жала жабылған бір мақалада осы жәдігерлердің бәрі ескі- құсқы деп саналды («Мұражайды ескі-құсқыдан тазарту»/«Очистить музей от хлама» - 1951 жылы баспасөзде жарияланған көп мақаланың бірі осылай аталды). Қайымның жауабы: Пушкин, Толстой, Лер- монтов мұражайында олардың ата-аналарының суреті жоқ па екен?

• Қазір бұған сену өте қиын, дегенмен Абай үшін үнемі күресуге тура келді. Абайдың 100 жылдығын әзірлеу жөніндегі мерейтойлық үкімет комитетінің Ғылыми хатшысы жұмысын атқара от- ырып, Қ.Мұхамедханов сол кездегі биліктен қолдау болмаса да, ақын мерейтойын лайықты өткізді. Абайдың Жидебайдағы қыстауын қайта қалпына келтіру, ақын және туған-туысқандарының зира- тын жақсарту қажет болды. Абай бейнесін мүсін және бейнелеу өнерінде мәңгілік есте қалдыру жұмыстарын ұйымдастыру; заводтарға хат жазып, материалдар іздеу; Абайға және оның айналасына қатысты жерлерде мемориалдық тақта орнату тура- лы іздену қажеттілігі туындады, - қазір бәрін тізбелеу мүмкін емес. Қайым соның бәрімен айналысты. Сол жылдардағы хаттар мен мұрағат құжаттары - соның айғағы.

Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұр- шайықов Қ.Мұхамедхановтың текстологиялық зерт- теулерінің маңыздылығын, оның Абай мектебін зерт-


10



теуге қосқан үлесін, оның М. Әуезовтың ең жақын досы болғандығын атап өтті. Эпопеяны жазу кезінде М.Әуезов Мұхамедхановтан көптеген материал алған еді:

«..... Кәкең Абайтану ғылымының ең білгірі болды.

Бүкіл саналы ғұмырын абайтану ғылымын дамытуға жұмсады. Абай шығармаларының текстологиясы тура- лы тамаша зерттеу еңбегін жазды. Соңына «Абайдың ақын шәкірттері» деген төрт томдық қымбат қазына қалдырды. «Абай» энциклопедиясын шығаруға аянбай атсалысты. Кәкең ұлы Мұхтар Әуезовтің ең жақын досы болды. «Абай жолы» эпопеясына байланы- сты көптеген деректерді Мұхаң Кәкеңнен - Қайым Мұхамедханұлынан алды».

Сол кезде, отызыншы жылдардың соңына қарай, Абай мұрасы және оның айналасы жойылып кету- ге шақ қалды. Бір мезетте көп шаруа тындыру қажет болды: көптеген экспедициялар кезінде Абайды көзі көрген қариялардың ақын және оның шәкірттері ту- ралы естеліктерін жазып алу; ауызша түрде сақталған шығармаларын қалпына келтіру, жазбаша үзінділерді мұқият оқып, қай шәкірттікі екенін текстологиялық тал- дау әдісімен анықтап, дәлелдеу қажет болды. Ал уақыт болса тығыз - қариялар азайды, өлеңдері ұмытыла ба- стады, қолжазбалар жоғалды. Бұл - қазақ мәдениетінің елеулі (пласт) кезеңі еді. Семейлік ғалымның еңбегі сол - ол алғаш рет Абайдың әдеби мектебіне ғылыми негіздеме қалады. Бұл төңкеріске дейінгі және қазіргі қазақ әдебиеті арасында өзіндік «көпірдің» ашы- луы болды. Абай мектебі, бұл - қазақ әдебиетіндегі бірегей мектеп. Жалпы әлем әдебиетінің өзінде әдеби мектептердің болуы бірен-саран ғана.

Абай мектебі - бұл абайтану ғылымындағы жаңа бағыт. Бұлар Абайдан оқыған, кеңесін тыңдаған, Абай арқылы орыс, әлем және шығыс мәдениетімен танысқан бір топ ақын-жыраулар, сазгерлер мен ертегішілер, әншілер. Абай шәкірттері ұлы ойшыл, ақынның


11



гуманистік және философиялық көзқарасының әсерінде болды. Олар - ақынның өз ұлдары және жас ақындар - Әубәкір, Әріп, Әсет, Баймағамбет, Көкпай, Мағауия, Тұрағұл, Шәкәрім, алаш зиялылары тәрізді ізбасарлары. Қ.Мұхамедханов Абай мектебі ақындарының есімдерін қалпына келтірді, олардың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер жинап, толық өмірбаяндарын жазды. Бәрінен бұрын, ол Абай шәкірттері мен ізбасарларының шығармаларын қалпына келтіру бой- ынша ірі іздестіру-зерттеу жұмысын жүргізіп, ғылыми түсініктер беріп, баспаға әзірледі. Абай шәкірттері мен ізбасарлары мектебі - ғылымдағы жаңа бағыт, оны, нақты айтқанда, мәдениеттің бір кезеңін анықтап және сақтап қалған Қайым. Қ.Мұхамедханов 1940 жылы тапқан Абай шәкірттерінің еңбегі ғылыми айналымға енгізілген. Қазір Абай шәкірттерінің шығармалары көпке белгілі, бұл еңбектер мектептер мен оқу орын- дары бағдарламасына енген: Ақылбайдың «Дағыстан», «Зұлыс», «Хисса Жүсіп», Мағауияның «Медғат- Қасым», «Еңлік-Кебек», Көкбайдың «Сабалақ», «Кенесары-Наурызбай», Әсеттің «Салиха Сәмен» және «Евгений Онегин» аудармасы, Әріптің «Біржан-Сара», Тұрағұл, Мұқа, Әубәкір және тағы басқа шәкірттері мен алашшыл ізбасарларының шығармалары мен ау- дармалары. Қайым Абай шәкірттерінің шығармаларына әсерін тигізген орыс, батыс және шығыс әдебиеті және мәдениетімен байланыс орната білді. Мыса- лы, Пушкиннің «Бақшасарай фонтаны» және «Кавказ тұтқыны», Лермонтовтың «Мцыри» және «Демон» по- эмалары Ақылбай мен Мағауияның «Дағыстан» және «Медғат Қасым» шығармаларын жазуға; Хаггардтың «Копи царя Соломона» романы Ақылбайдың «Зұлыс» және т.б. шығармаларына әсер етті. Кейіннен, ғалымның әрекет етуімен осы шығармалар мектеп және оқу орын- дары бағдарламасына енгізілді. Десек те, 1950 жылғы сталиндік репрессия кезеңінде тарихи шындық үшін әзір болып, басыңды тігетін жағдайлардың болғанын


12



ешкім ашып айта алмады. Сондықтан, жастар ғылыми әділдіктің жеңілдікпен келмегінін білуі тиіс. Ғалымның адами моральдық қағидасы мен этикасы ғылыми- мәдени құндылықтарды сақтауда елеулі орын алады.

Ғылым жолындағы қуғын-сүргін, «Абайдың әдеби мектебі» диссертациясын (1951 жылы 7 сәуір) қорғау еліміздің тарихындағы елеулі оқиғаның бірі болды. Диссертация қорғалды, бірақ ұстаз бен шәкірт - Әуезов пен Мұхамедхановты айыптау тоқтамады. Дис- сертацияны қорғау кезінде басталған айыптаулар, абай- тану барысын талқылауда, сондай-ақ 1951 жыл бойы баспасөзде тапсырыс бойынша жазылған мақалалармен жалғасын тапты. Мұның соңы Мұхамедхановты Абай мұражайы директоры және оқытушы қызметінен бо- сатумен аяқталды. Соңынан Қ.Мұхамедханов 1951 ж. 1 желтоқсанда тұтқынға алынды, ол Семей және Ал- маты қ. НКВД түрмесіне, Қарағанды лагеріне қамауға алынды. Шектен шыққан азаптаулар - ыстық және суық камера, тырнақ астына ине жүгірту, басқа су та- мызу, моральдық қысым және өлім жазасымен қорқыту Қайымның ерік-жігерін сындыра алмады: ол «Абай мектебі бар» деп жауап берді. Ғалым ғылыми идеялары- нан бас тартпады, қазір халық мақтанышына айналған Абай мектебін сақтап қалды. Дегенмен, сол кезде Абай шәкірттері буржуазияшыл ұлтшылдар қатарына жатқызылды, тек бір идеология - марксизм-ленинизм мектебі мойындалды. Біз қазір, өмірімізге қауіп төнбеген тыныш заманда шындық үшін күресе аламыз ба? Ал, сол бір қиын кезеңде ғалым-азаматтың адамгершілігі мен жауапкершілігі маңызды құндылықтарды сақтап қалды, сол арқылы біз бүгінгі таңда халық атымыз- ды сақтадық. Ұстаздың шәкіртіне берген үшінші тап- сырмасы - бұл Абай сөзінің түпнұсқасын сақтау. Абай сөздері ондаған жылдар бойы бұрмаланып жарияланғаны белгілі. Оның өзіндік себептері болды: нақтылы шығарманың немесе көне қазақ сөздерінің контекстін білмеу, шығыс тілдерінен алынған сөздер,


13



діни терминдерден үрку, кейде редакторларға түсініксіз сөздерді халық ұғынатын сөздерге еш ойланбастан ау- ыстыру. Қайым 1940 жылдардан бастап және өмірінің соңына дейін Абай шығармаларының текстологиясы- мен айналысты. Ол Абайдың барлық өлеңдері мен поэ- маларына түсініктеме жазды, сонымен ойшыл-ақынның ерекше сөздерінің тазалығын сақтады. Сонымен бірге, ол Абайдың 31өлеңін нақтылап, ақынға тиесілігін анықтады, өйткені олар бұрын жоғалған немесе жаңсақ аударылған деп саналып келген еді.

Әдебиеттанушы және журналист Еділ Асылбек былай дейді: «Қайым Мұхамедханов әдебиеттанудың, абайтанудың тұтас мектебін ұсынды. Ол жетекші абайтанушы болды және қала береді. Ол өзінің са- налы ғұмырында Абай мұрасын зерттеуші ғана емес, оны сақтау жолындағы жанқияр күрескер болды десек, артық айтқанымыз емес». Айта кет- сек, тіпті 1990 жылдары, алғаш рет ақынның 150 жылдығына Абай шығармаларының екі томдығын Қайым түсініктемелерімен шығару кезінде, жекелеген ғалымдар түрлі редакциямен бұрмаланған, оқырманға «үйреншікті» қалпында шығаруға әрекет жасады. Абай үшін күресу және жеңіп шығу Қайымға осы кезде де керек болған еді.

Ғалым, Жирмунскийдің шәкірті Дм.Лихачев, орыс мәдениеті үшін көптеген көне мәдениет ескерткіш- терін текстологиялық талдау әдісімен сақтап қалды. Қ.Мұхамедханов Абай, Шәкәрім, Бұқар жырау, Қа- банбай батыр, Бөгенбай батыр, Махамбет, алаш азаматтарының сөздерін қазақ мәдениеті үшін тексто- логия әдісімен сақтады.

1918 жылы Қайым Мұхамедхановтың әкесі Мұха- медхан Сейтқұлов Ж.Аймауытов және М.Әуезовтың редакциясымен шығарылған «Абай» журналын қаржы- ландырған.

Қ.Мұхамедханов әріптесі Р.Мусинмен бірге 1922 ж. «Абай» журналын жандандырды, ол редколлегияның


14

Құрметті басшысы және көптеген мақалалардың авто- ры болды. Журналдың жекелеген нөмірлерінде оның бірнеше мақаласы жарияланды.

Қолжазбалар мен мұрағат материалдарын анықтап, сақтап және зерттей келе Қ.Мұхамедханов Абай, Шәкәрім, Әуезов, алаш зиялыларының шығармашы- лығын зерттеудің тұтастай ғылыми бағытына жол сал- ды.


Қайым Мұхамедханов - Қазақ ССР-і мемлекеттік Гимні мәтінінің авторы. (1945). 27 жастағы жас жігіт Қ.Мұхамедханов 1943 жылы конкурс жеңімпазы атан- ды - ол Республика Гимнін жазды, алғашқы жолдары «Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған» деп басталады. О заманда мұндай жалын атқан сөзді тек нағыз па- триот қана жаза алатын. Бұл мәтін 30 жасар компози- тор М.Төлебаевты музыка жазуға шабыттандырды. Бұл гимн бірнеше онжылдықтар бойы айтылғанын ұмытпаған жөн! Дегенмен сол замандағы билік өз халқын ер, ержүрек деп айтуға жасқанатын, сол себепті «ер» сөзін «біз» деген сөзге ауыстырып, жекелеген ав- торлар - жас ақын (Қ.Мұхамедханов) және жас компо- зитор (М.Төлебаев) яғни, «серіктестер» ұжымы атынан шығарды.

1992 жылы Қайым тәуелсіз Қазақстанның Әнұранын шығаруға арналған байқауға қатысып, мәтіні тағы жеңіске жетті. Бірақ бұл жолы Қайым «авторлар ұжымын» қосатын болғандығы себепті қатысудан бас тартты.

Қайым ақын 1936 ж. бастап жариялана бастады, оның алғашқы өлеңдері жасөспірім кезінде жазылған еді. Ол 100 ден аса өлеңдер мен поэмалар жазды, сондай- ақ Ғ.Тоқай, Т.Шевченко т.б. ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударды.


15



Карлагта «Туған ел - алтын бесік», «Балаларыма», «Жұбайым Фархинурға», «Отырдық тар қапаста күнді санап», «Шерубай станциясы» т.б. өлеңдерін жазды. 1952 жылы жазылған өткір және мұңға толы өлеңінен үзінді:

«Туган ел - алтын бесік, ұшқан ұям,

Көз жұмылмай тұрганда қайтіп қиям?

Тарта гөр, Семейімнің топырағы,

Төстіктей жеріңемен еркін сыям...»

1954 жылдың қаңтарында Карлагта Қ.Мұхамедха- нов он бес күн ішінде Н.Карамзиннің «Сормаңдай Лиза» повесін қазақ поэзиясы тілімен аударды. Қазақ әдебиетінде орыс прозасын қазақ поэтикалық тілімен аударудың бар жоғы үш қана мысалы бар. Бұлар - М.Лермонтовтың Абай аударған «Вадим», А.С.Пушкиннің Шәкәрім аударған «Дубровский», Н.Карамзиннің Мұхамедханов аударған «Сормаңдай Лиза» шығармалары.

Абай және Пушкин, Абай және Лермонтов, Абай және Крылов, Абай және Бунин, Абайдың орыс до- стары - Михаэлис, Долгополов, Леонтьев және ғалым- әдебиетші Мұхамедхановтың басқа да зерттеулері орыс әдебиеті мен мәдениетінің Абайға үлкен әсер еткенін көрсетеді.

Ғалымның ғылыми ізденістерінің қатарынан Рыле- ев, Семенов Тян-Шанский, Крачковский, Веселовский, Бартольд, Уәлиханов пен Достоевский, Каюм Насый- ри, Ғабдолла Тоқай, Шариф Камал, Берді Кербабаев, Тоқтағұл, Мицкевич, Хусаин Фаизханов, Хамза Ниязи, Микаэл Налбандян, Сулейман Стальский, Ильяс Бора- ганский, Ян Райнис, Лу Синь, Адам Мицкевич, Ежи Юрандет, Тарас Шевченко және т.б. орын алды.

Қайым-текстолог: Энциклопедиялық білім және текстологиялық талдау әдісін ерекше меңгеру, Абай, Шәкәрім, Бұхар жырау, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Махамбет, алаш зиялыларының сөздерінің


16



тазалығын сақтауға ықпалын тигізді. Мұхамедханов алаш азаматарының мұрасын тереңнен зерттеуші болып табылады, олар өз заманында Қайымның әкесінің үйіне жиі келетін зиялы азаматтар еді. Олардың еңбектерін араб, латын харпінен қазіргі қазақ тілі харпіне көшірді, ғылыми түсініктемелер жазды, еңбектері мен өмірбаяндарын баспаға әзірледі. Алаш зиялыла- ры туралы алғашқы жарияланымдар, ғалым әзірлеген өмірбаяны мен еңбектері баспасөзде жарық көре баста- ды, соның бірі «Семей таңы» газеті.

Қайым Шәкәрімнің текстологы болды, сондай- ақ ақын үшін күресті: Шәкәрімнің ұлы Ахатпен бірге ақынның есімін ақтауда бар күш-жігерін аямады, 1958 жылы Мәскеуден Шәкәрімнің ақталғаны туралы анықтама келгеннен кейін, отыз жыл бойы Шәкәрім шығармашылығын ақтап алу үшін және ақынның құнды сөздерінің тазалығын сақтап қалу үшін күресті. Мұхамедханов қазіргі күні де Қазақстандағы жалғыз- дара ғалым-текстолог болып табылады, оның XVIII- XIX ғ.ғ. ақын-жыраулары және ХХ ғ. басындағы ақындар шығармаларының канондық негізін анықтау жолындағы еңбегі өлшеусіз - дейді ғалым-филологтар.

Ғалым-текстологтың энциклопедиялық білімі ҚСЭ (Қазақ Совет энциклопедиясы) 12 томына ғылыми түсініктемелер жазуға, қателері мен жаңсақтығын жөндеуге, тарих, әдебиеттану, өлкетану, театр, батыр- лар туралы т.б. мақалаларды нақты мәліметтермен толықтыруға мүмкіндік берді. Машинамен басылған 70 беттен тұратын мәтінді жөндеу - бұл жеке ғылыми жұмыс және энциклопедия мазмұнын әрі қарай өңдеуге арналған анықтама-көмекші материал.

Қолжазбаларды жинаушы және сақтаушы Қайым 1940 ж. басында көптеген қолжазбаларды анықтап, өңдеп ҚазССР-і ҒА мұрағатына сақтауға өткізді, соның ішінде «Әріп» 25 б.п., «Қабанбай батыр», «Бөгенбай батыр», Абай, Шәкәрімнің белгісіз өлеңдері, батырлар, алаш зиялылары туралы материалдар және т.б. мәдени


17


2 2397



құндылықтар. Бұл жұмысты ол ғұмыр бойы жүргізді және Ғылым Академиясы, мемлекеттік мұрағат, Абай мұражайы, өлкетану мұражайы, Достоевский мұражайын және т.б. қорын құнды материалдармен толықтырды. Ол көзі тірісінде көптеген қолжазбаларды, құнды жарияланбаған материалдар мен қолжазбаларды өз шәкірттеріне тапсырып кетті.

Әке мен бала - Мұхамедхан Сейтқұлов және Қайым Мұхамедханов XIX ғасырдан ХХІғ. дейінгі үш жүз- жылдыққа созылған заманның рухани байланысын сақтап қалды.

Драматург Қайым келесі пьесаларды жазды, «Май- даннан майданға», « Комиссар Ғаббасов», «Перне», «Ер Білісай».

Ол түрлі тілдерден қазақ тіліне аударма жасау арқылы әр халықтың мәдениетін түсінуге елеулі үлесін қосты.

1941 жылы Қ.Мұхамедханов жазушы, композитор, КСРО халық әртісі У.Гаджибековтың «Аршын-мал- алан» музыкалық комедиялық қойылымын алғаш рет қазақ тіліне аударды. Ғалымның мұрағатында, сондай- ақ театрлардың әдеби қорларында осы аудармалардың ноталары мен мәтіндері сақталған. Айта кеткен жөн, аудармашы музыкалық ария мәтінінің сөздері мен бу- ындарын нота бойынша әншінің даусына дәл келтіріп, комедия контексінің қазақи әуенге сай сақталуы үшін жазған. «Аршын-мал-алан» музыкалық комедиясы алғаш рет Семейдің музыкалық-драмалық театрын- да қойылды, кейіннен көрермен көңілінен шыққан пьеса сол жылдары Қазақстанның басқа да драма театрларының репертуарына енді.

Шариф Камалдың «Қажы әфенді үйленеді» комедиясының татар тіліненқазақ тіліне аударылуы, 1970 жылдары театр сахналарында үлкен жетістікке жетті.

Қ.Мұхамедханов аударған шығармалар қатарынан Пушкиннің «Русалка» поэмасы, француз драматургы


18



Пьер Огюстеннің Бомаршенің «Фигароның үйленуі» шығармасы бойынша пьесасы, Боккаччоның «Декаме- рон», поляк драматургы Ежи Юрандоттың «Уақыт сон- дай» т.б. орын алады.

Қ.Мұхамедханов ұмытылып кеткен көптеген есімдерді қайтаруға көп еңбек сіңірді, солардың ішінде Ильяс Бораганский, Мажит Даулетбаев, Саба- лов, Молдажанов, Жомартбаев т.б.

Майталман педагог-тәлімгер Қайым 50 жыл Семей пединститутында дәріс берді, жалпы педагогикалық еңбек өтілі, 1930 жылдары курстарда дәріс оқығанын қосқанда, барлығы 60 жыл. Ол жастардың бірнеше буынан тәрбиелеп шығарды. Педагогтар және ғалым- әдебиеттанушылар, философтар мен мемлекет қайраткерлері, білім және мәдениет мекемелерінің бас- шылары, ақындар мен газет-журнал құрылтайшылары

- бәрі шәкірттері. Қайымның ізбасарлары - ғылым жолында жүрген математика, физика мамандары, олар кейін Қайымның әсерімен ақындық жолды қуған шәкірттері. Қазіргі жастар ғалым-азамат жерлестері Мұхамедхановтың өмірі мен шығармашылығынан ша- быт алып, ол туралы зерттеулер жазады, ғалымның туған отаны Семей қаласындағы ескерткіші жанында ән айтып, өлеңдерін оқиды.

Қ.Мұхамедханов 1940 жылдан Жазушылар Ода- ғының мүшесі. 1942-1947 жылдары Семей облысы (Се- мей, Павлодар, Өскемен) бойынша Қазақстан Жазушы- лар Одағының уәкілі болды. Мұхамедханов ақындар мен жазушылардың шығармашылық дамуына зор үлес қосты. Жас таланттар мен ақындарды қамқорлығына алып, қолдау үшін түрлі ұйымдарға жазған хаттары сақталған.

Шәкірттері мен қарапайым азаматтар Қайымның көзі тірісінде және өмірден озғаннан кейін де ғалымға ризашылық білдіріп, әндер, өлең-поэмалар арнады, оның өзі тұтас бір жинақты құрайды. Адамның бақыты

- туған халқынан алған ақ батасы мен ризашылық


19



білдірген жылы сөзі. Қазіргі заман жастарының жыр- арнаулары патриоттық сезімге толы, өйткені олар үшін Қайымның өмірі - рухани тірек, туған жері мен халқына деген адалдықтың үлгісі.

Елдің тағдыры ғалымның өмірінде өзіндік ізін қалдырды. Қайымның қиындыққа толы тағдыры мен бақытты ғұмыры Ж.Саин, Естай ақын, Вс.Иванов, Қажымұқан, Жамбыл; халық ақындары, театр қайрат- керлері, әртүрлі ұлттардың ғылым және мәдениет қайраткерлерімен; Абай, Шәкәрім, Әуезов, алаш зия- лыларымен әсерлі шығармашылық кездесулермен есте қалды. Әкенің үйі осындай кездесулердің қайнар бұлағы болса, осы дәстүрді ұлы жалғастырды.

Абайтану - Әуезовтану - Шәкәрімтану - Қайым- тану - бұл өзара логикалық байланыстағы және қа- лыптасудың күрделі жолының, күрес пен мәдениетті қорғаудың, ғылым мен халық рухының бір-біріне өзара тәуелді үрдісінің тарихи ақиқаты. Бұл - халықтың бірегей мәдени кеңістігі.

Қайым Мұхамедхановтың есімі көптеген энцикло- педияларға енді. Ғалым-патриоттың отаны Семей қа- ласында ескерткіш орнатылды (2010 ж.), ал, өзі өмір сүрген және еліміз тарихының көрнекті қайраткерлері бас қосқан үйге Мемориалдық тақта қойылды (2004 ж.).

ӘОЖ 37.0 КБЖ 74.200 Ә 43

Издание подготовлено Общественным фондом

«Центр образования и культуры

имени Каюма Мухамедханова»

Рецензии написали:

С.Борбасов, профессор, доктор политических наук, А.Исин, профессор, кандидат исторических наук, А.Исмакова, профессор, доктор филологических наук.

 

: 12:57  


Ұзақ жылдар бойы басшылық қызметтерде болып, ел басқарған, Маңғыстау түбегінің түлеуі жолында түн ұйқысын төрт бөліп, маңдай терін төг

Жаңалыққа өту  

Ақын, журналист, жазушы, өлкетанушы Медет Дүйсеновтың кітаптарын оқуға ұсынамыз.  

Жаңалыққа өту  

Маңғыстау түбегін түгел шарлап, өлкенің арғы-бергі тарихын талмай зерттеп жүрген белгілі өлкетанушы, жазушы Отыншы Көшбайұлының шығармаларын ...

Жаңалыққа өту  

Өлке туралы тарихи, танымдық зерттеу, публицистикалық кітаптардың авторы, «Маңғыстау» энциклопедиясы 1-басылымының алқа мүшесі және авторларының ...

Жаңалыққа өту  

Өлкетану қорынан: Әдебиетші-ғалым, ақын, журналист Қабиболла Сыдиықұлының  бұл кітабы - көп жылдық еңбегінің нәтижесі. Кітапта автордың «Қазақ Совет ...

Жаңалыққа өту  

Бектұр Төлеуғалиұлының бұл тарихи повесі ел басына төнген нәубет - "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" оқиғасымен тығыз байланысты. Шығармада сол ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамыздың «Өлкетану» залына келіп, Жәмек Мүслімұлының «Көз жеткен» кітабын оқуға шақырамыз. Кітапқа автордың әңгімелері, өлең,

Жаңалыққа өту  

Халық батыры  Т. Төлеғожаұлы туралы тереңірек танысқыларыңыз келсе кітапханамыздың  Өлкетану залынан таба аласыздар.  

Жаңалыққа өту  

"Сөйлесе, сөздің шешені". Тілеген Мәмбетұлының туғанына 160 жыл. Мәмбетұлы Тілеген ( 1863 - 1926) жылдар аралығында өмір сүрген Маңғыстау билерінің ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу