РусскийҚазақша             RSS Twitter Facebook
Бүгінгі таңда облыстық кітапхананың кітап қорында 400 мыңнан астам кітап және 1 миллионға жуық мерзімді басылымдар бар
Телефон:   +7 7292 51 46 24 Толық байланыс мәліметтері

«Өнер» атты кестемен сурет тігу клубы өз жұмысын бастады.

"Өнер" кестемен сурет тігу клубының жұмыс кестесі : Сәрсенбі,жұма күндері сағат 15.00 - 16.00

Клубтың мақсаты: Жеке активті өмір позициясы, яғни алға қарай өзгеге ұқсамайтын қызығушылық     тудыру.Бос уақытты тиімді пайдалану.

Клубтың саясаты: Интелектуалды қарым-қатынас барысындағы эмоционалды даму.

Эмблемасы: қошқар мүйіз.                                                                                                                       (Өткен дәуірлерде археологиялық қазбаларда ою-өрнекке назар аударғанда шабыт                         оянады).      

Кестемен тігу -  бұл техниканы табиғат әлеміне, музейлік коллекцияға, үй-іші жиһазын безендіруге тәжірибелі қолдануға көмек ретінде бар білгенін сол клуб жетекшісі Нағашыбаева Райхан оқушыларға үйретіп келеді.

Оның өзінің музейлік коллекциясында : Леонардо да Винчидің «Дама с горнастаем», Леонардо да Винчидің «Мона Лиза»,  Ян Вермеердің «Девушка с жемчужной сережкой» атты суреттерді өз қолымен тіккен. Ол суретті көріп отырып  өзіңді музейде жүргендей әсер аласың.Бұл дүниелер сонау 16 ғасырдан бастап адамзатты таң қалдырып келеді, міне осындай таңғажайып әлем дүниелерін клубті ұйымдастырушы Нағашыбаева Р. балаларға үйретуден жалыққан емес.Бұл жерде айта кетер жайт, клубқа мүше болу, үйрену процесі тегін, әрі жас ерекшеліктері шектеусіз.Қолы бос, үйде бала тәрбиесімен отырған ана, жасы келіп зейнеткерлікке шыққан зейнеткер, оқушы қауым барлығы қатыса алады.

Міне осындай алға қойған мақсаты, талабы және ынтасы бар клубтың басар тауы алда зор деп білеміз.Оқырман қауым сіздерді осындай клуб бар екендігін құлақтар етіп, мүше болуға өнерді үйренуге шақырамыз. 

                                                                                 МОӘК кітапханашысы Нағашыбаева Р.А. 


Оқылған саны: 3008



"Музыка әлеміндегі таным"

Құрметті оқырмандар! Халықаралық музыка күніне арналған "Музыка әлеміндегі таным" атты кітап көрмесі 2 қазан күні өз жұмысын бастайды.


Оқылған саны: 9

ҚР Отбасы күніне арналған

Құрметті оқырмандар! ҚР Отбасы күніне арналған  «Тәрбие басы - отбасы» атты  әңгіме сағатына шақырамыз. Болатын уақыты: 12 қыркүйек  күні, сағат 11-00-де.

 


Оқылған саны: 20

"Өнер өріндегі өр тұлғалар"

iconiconicon

Өнер бөлімінде "Өнер өріндегі өр тұлғалар" атты ІІ жартыжылдық кітап көрмесі өз жұмысын бастады.    


Оқылған саны: 79

"Маңғыстаудың мақтанышы - Шамшадин"

iconicon

Өнер бөлімінде ақын, режиссер, әнші, суретші, әуесқой композитор Шамшадин Сабытаевтың туғанына 80 жас толуына орай "Маңғыстаудың мақтанышы - Шамшадин" атты кітап көрме ұйымдастырылды. 


Оқылған саны: 150

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

iconicon

Құрметті оқырман! «Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Іс-шараның мақсаты – жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, ана тілге мұқият қарауға, оқу мәдениетін қолдау және дамыту мен сауаттылық бағдарламасын арттыруға, рухани мұраны сақтауға және оқуға деген жәрдемдесу болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2007 жылы оқу орындарының қызметкерлері мен кітапханашылардың арасында өткізілген сауалнама нәтижелері бойынша оқырмандардың көптеген пікірлері мен ұсыныстарының негізінде Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» таңдалынып алған болатын.


Оқылған саны: 450

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы


Оқылған саны: 555

«Өнер» атты кестемен сурет тігу клубы өз жұмысын бастады.

«Өнер» атты кестемен сурет тігу клубы өз жұмысын бастады. 


Оқылған саны: 3008

«Ажур +» атты қолөнер клубына шақырамыз

iconiconicon

«Ажур +» атты қолөнер клубына шақырамыз 


Оқылған саны: 4574