• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Кітапхана бөлімдері

Кітапхана бөлімдері

Балалар бөлімі
Әртүрлі топтағы бүлдіршіндерден бастап, балалар оқуының жетекшілеріне, мұғалімдерге, қызмет көрсетеді. Мұнда балаларды қызықтыратын әртүрлі тақырыпта көрмелер, ертеңгіліктер, ойын- саяхаттар, балабақша, мектептермен бірлесіп әрқашан  түрлі шаралар өткізіп тұрады.

Жасөспірімдер бөлімі
14 пен 21 жас аралығындағы жасөспрімдерге қызмет көрсетеді. Бұлар мектептің 8-11 сынып оқушылары, жоғарғы және арнаулы орта, кәсіптік оқу орныдарының студенттері, жұмысшы жастармен қатар, сондай-ақ, жастар мәселесімен айналысатын мекеме, ұйым қызметкерлері және т.б. жастардың бос уақытын тиімді пайдаланып, жан дүниесін байытуға көмектесетін бөлім. Бөлімде түрлі іс-шаралар, кездесулер, кештер, кітап көрмелері өткізіліп тұрады.

Оқырманға қызмет көрсету бөлімі
Оқырманға қызмет көрсету бөліміне оқу залы, абонемент, өнер секторы қызметі кіреді. Оқырманды сұранысы бойынша түрлі саладағы әдебиеттермен қамтып қана қоймай, абонемент бөлімі арқылы көркем әдебиетті бос уақытында үйге алып  оқуына жағдай жасайды. Сонымен қатар, өнер секторында түрлі өнер иелеріне арналып түрлі мекелік шаралар, кездесу кештер, музыкалық кештер, кітап көрмелері ұйымдастырылып тұрады.

Кітап қорын толықтыру және өңдеу  бөлімі
Оқырман сұранысына сай және жаңадан жарық көрген Отандық және шетел шығармаларын , түрлі электронды нұсқадағы әдебиеттерді, жалпы алғанда барлық саладағы әдебиеттерді кітапхана қорына жинақтап,  алынған кітаптарды өңдеумен айналысады. Бөлім РАБИС бағдарламасы бойынша әдебиеттерді өңдеп, электронды каталог қорын толықтырып отырады. Сонымен қатар, бөлім тозығы жеткен, мазмұны жағынан ескірген әдебиеттерді де сұрыптап, қордан шығару жұмыстарымен, мерзімді басылымдарға жазылу жұмыстарымен де айналысады.

Анықтама-библиографиялық бөлім
Кітапхан қорындағы барлық басылымдар  картотека, каталог арқылы және электронды каталог арқылы оқырманның сұранымын орындай отырып, анықтамалық- библиографиялық қызметтер атқарады. Сондай- ақ, бөлім түрлі ақпарат күндерін ұйымдастырып, библиографиялық  тізімдер, шолулар, библиографиялық көрсеткіштер, күнтізбелер дайындайды.

Кітап қорын сақтау бөлімі
Тарихи, мәдени саладағы барлық басылымдарды жинақтайды. Сондай-ақ, бұл бөлімде таралымы аз, бірақ мазмұны жағынан өте құнды басылымдар, сирек кездесетін басылымдар, оқырман сұранысына ие әдебиеттерді жинақтап, сұранысқа сәйкес қызметтер атқарады.

Арнаулы бөлім
Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға қызмет көрсетеді.  Брайль қарпіндегі, дыбыстандырылған және үлкен қаріптегі әдебиеттерді жинақтай отырып, түрлі шаралар, дауыстап оқулар, кітап көрмелерін ұйымдастырып тұрады. Бөлім арнаулы кітапханалар үшін қолданыстағы АИС СБ РК бағдарламасымен жұмыс жасайды.

Техникалық бөлім
Техника саласына қатысты барлық әдебиеттерді жинақтайды. Бұл бөлімде сондай-ақ, тек қана басылымдар ғана емес, түрлді өнертапқыштардың патенттік басылымдарын да табуға болады. Мұнда техникалық саладағы қызметкерлер, студенттер үшін «Маман күндері» және «Ақпарат күндері» ұйымдастырылып,  жаңа  техникалық әдебиеттердің кітап көрмелері өткізіліп тұрады.

Әдістемелік бөлім
Барлық облыс көлеміндегі кітапханаларға әдістемелік көмек беретін бөлім. Бөлім қызметкерлері кітапхана саласындағы жаңа қызмет түрлерін және алдыңғы қатарлы кітапханалардағы озық кітапханалық жаңалықтарды үнемі саралай отырып, сондай-ақ, кітапханашы  мамандар үшін түрлі зерделі кеңестер, байқаулар, сенинар, тренингтер, конференциялар өткізіп тұрады.

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу