• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Өмірбаяны

Қабиболла Сыдиықұлы

Қабиболла Сыдиықұлы 1934 жылы 18 наурызда Атырау облысының Жылой ауданындағы (қазіргі Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы) Қарақұм мекенінде дүниеге келген.  

1950 жылы Құлсарыдағы Абай атындағы орта мектебін бітірді.

1950-1955 жылдар Жылой ауданында халыққа білім беру саласында жұмыс жасады.

1955 жылы Атырау оқытушылар институтының қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін, 1960 жылы Қазақ университетінің филиология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген.

1950-55 жылдары Атырау облысы Жылой ауданының халық ағарту саласында, 1960-69 жылдары Атырау педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент міндетін атқарушы, 1969-82 жылдары ҚР ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы әдебиет пен өнер институының әдебиет тарихы бөлімінде кіші, аға ғылыми қызметкер болып істеді.

1982-84 жылдарда Форт-Шевченко қаласындағы Т.Шевченко мемориалдық музей-комплексінің директоры болған.

1984 жылдан М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері болып өмірінің соңына дейін істеді.

1949 жылдан бері Қабиболла Сыдиықұлы жергілікті және республикалық баспасөз беттерінде өлең, очерк, мақала, ғылыми зерттеулер жариялап келді.

1959-1985 жылдарда Атырау, Маңғыстау, Орал, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан (Тарбағатай, Зайсан өңірін), Түрікмен, Қарақалпақ аймағын аралап, халқымыздың әдеби, мәдени мұраларын жинады.

1986 жылғы Өзбекстан, Тәжікстан, 1987 жылғы Маңғыстау, 1989 жылғы Түрікменстан, Өзбекстан, Атырау экспедицияларына ғылыми жетекшілік етті.

Ақын-жыраулар мұрасын, халық әндерін, ауыз әдебиеті нұсқаларын, шежірелер мен тарихи деректерді жинауға зер салды.

Қ. Сыдиықұлы Маңғыстау, Атырау тарихы хақында кітаптар, әдеби, ғылыми зерттеулер, публицистикалық мақалалар мен өлеңдер, очерк, суреттемелер, әдеби мұралар жариялады. Олардың бастылары «Жас дәурен» (1962), «Теңіз лебі» (1968), «Ақберен» (1972), «Маңғыстау» (1973), «Ақын-жыраулар» (1974), «Октябрь арайында» (1979), «Дала жыршылары» (1989), «Көркемдік өрнектер» (1992) атты жинақтар.

  Қабекеңнің қатысуымен «Біржан сал мен ақын Сараның айтысы» (1960), «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (1967), «От ортасынан оралмағандар» (1972), «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері» (1976), «Абай шығармаларының екі томдығы» (1977), «ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982), «Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті» (1983), «Қазақ фольклоры мен әдебиет шығармаларының текстологиялық зерттелуі» (1983), «ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы» (1985), «ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары» (1988), «Қазақ поэзиясының антологиясы» (1992), «ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті», «Батырлар жыры» 5,6 томдар, «Алқаласа әлеумет» (1991), Таңдамалы шығармаларының 3 томдығы, т.б. сияқты құнды кітаптары жарық көрді.

1966 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің ғылыми кеңесінде филология ғылымының докторы, профессор З.Қабдоловтың жетекшілігімен «Қазақ жырларындағы халықтық дәстүр хақында» деген тақырыпта диссертация қорғап, филология ғылымының кандидаты дәрежесіне, 1975 жылы республика ғылым академиясы президиуымының шешімімен «Кеңес халықтары әдебиеті мамандығы бойынша аға ғылыми қызметкер» деген атаққа ие болды.

2001жылы 67 жасында дүние салды. 

Дереккөздер[өңдеу]
  • Біртума жыр саңлақтары, А., 2001;
  • Каспий қайраңы, киелі өнер, А., 2001;
  • Атамекен, А., 2004;
  • Таңдамалы шығармалары, 2-т., А., 2007.
  1. Жоғарыға көтеріліңіз↑ «Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007
  2. Жоғарыға көтеріліңіз↑ «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;
  3. Жоғарыға көтеріліңіз↑ [[Маңғыстау энциклопедиясы]], Алматы, 1997;
  4. Жоғарыға көтеріліңіз↑ «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007. 

: википедия

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу