• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Қабиболла Сыдиықов туралы

Қабиболла Сыдиықов туралы

«Қабекеңнің бір ғана «Ақын-жыраулар» деген еңбегі үшін жəне барлық еңбектерін қосып есептегенде бір емес, екі-үш докторлық атаққа лайықты».

«Каспий теңізі толқындана соққанда ойысы мен дөңесі болады. Осындай толқынды жылдардың дөңесі сияқты ылғи таланттар болғаны таң қалдырады. Бұл талапкерлерге өзі ақын, өзі ғалым Қабиболла басшылық жасағанда үйірмедегі нағыз маздақ өзі болды. Оттан тұтанған таланттар бүгінгі күні сөздерімен өрнек төгілген қаламгер болғандығын көріп отырмыз. Олардың қазір әрбіреуін сөз етсек, Қабиболлаға байланыстырамыз. «Мы все вышли из гоголевской шинели» деп орыстың ұлы жазушысы Федор Достоевский айтқандай, бұлардың бәрі де Қабиболланың тәрбиесінен шыққандар. Бұл – заңды. Мектептегі оқушылар мектепте бір ұстазын пір санаған, ал бәріміздің піріміз – Қабиболла болды».

«Қабиболланың үшінші құлшы­нысының бағыты халық әдебиетін, аңыз-әңгімелерін, жырларын, ән-күйлерін жинауға деген ұмтылыс. Ол 1959 жылдан 1990 жылға дейін ел аузындағы інжу-маржандарды жинау­дан жалықпастан, тура 30 жыл еңбек етті…»

Қадыр Жүсіп, филология ғылымдарының докторы,  Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры.

«Қабиболла Сыдиықұлы өзінің «Ақын-жыраулар», «Сарқылмас қазына», «Хал-қымен қайта табысқандар», «Көркемдік өрнегі» атты монография, зерттеу еңбек-терінде Абыл, Қалнияз, Нұрым, Ақтан, Қашаған, Бала Ораз, Мұрын, Әбубәкір Мұрат сияқты көптеген жыраулық дәс-түрдегі халық ақындарының өмірі мен шығармашылығына тоқталып, жан-жақты зерттейді».

Жарқын Әлі 

ДАРЫН ДАРА

Халқымның жыр кенішін саралауы,

Атағын нұрлы күндей даралады.

Орнында тұр данагөй тұғыры асқақ,

Ғылымның батпан жүкті қара нары.

Сөйлесе сөзі ерен сары алтындай,

Қоспады үн кер ауызға қаралтымдай.

Самғады ол баппен ғана қияндарға,

Сұңқардың кеңге сермер қанатындай.

Бағыттан мақсат тұтқан қайтқан емес,

Таппаған болмашы бір жайттан егес.

Сырты да, іші де оның аппақ еді-ау,

Біреуге бір лағнет айтқан емес.

Шаң қауып, менсінбеген ұлық қалды,

Жолы да ор қазғанның тұйықталды.

Кім бөгет бола алады шын ғалымға,

Мінеки, Қаби дегдар ұлықталды.

Жалғанның алақанын күлбіретіп,

Желегін ақиқаттың үлбіретіп.

Тәлімін берген ондай хакім аз-ау,

Шәкіртін мәпелеген үлдір етіп.

Даңқын әуелеткен көкке, міне,

Ауылға, аймағына, мектебіне,

Жылыойға, жұрт риза арысының,

Мүсінін нық орнатқан бөктеріне.

Ұлыны ұлықтаудан жаңылмаған,

Айналдым, пейіліңнен тарылмаған,

Қазағым, мақтан, шалқы, төріңде тұр,

Сексеннің шыңына өрлеп дарын дараң.

Төлеген ЖАҢАБАЙҰЛЫ, шәкірті, Қазақстанның Құрметті журналисі.

 



https://youtu.be/ZjFqDwNCSc0?si=1BhFx5txdTSWUVp9  Биыл Қ.Сыдиықұлының 90 жылдығына орай, ғалымды көзі көрген, шығармашылық байланыста болған ...

Жаңалыққа өту  

https://youtu.be/xr51gQeV2xo?si=9ghjJ_ZAbFDeZZU0 Ақмаржан қала Ақтаудағы қазыналы мекеннің бірі – Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы.  Кітап ...

Жаңалыққа өту  

https://www.youtube.com/watch?v=Tva8U9LnW1Y  ...

Жаңалыққа өту  

«Қабекеңнің бір ғана «Ақын-жыраулар» деген еңбегі үшін жəне барлық еңбектерін қосып есептегенде бір емес, екі-үш докторлық атаққа лайықты». «Каспий ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу