• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Еңбектері

Қабиболла Сыдиықұлы

Қ.Сыдиықов жергілікті және республикалық баспасөз беттерінде 1949 жылдан бері өлең, очерк, мақала, ғылыми зерттеулер жариялап келді. 1959-1985 жылдарда Атырау, Маңғыстау, Орал, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан (Тарбағатай, Зайсан өңірін), Түрікмен, Қарақалпақ аймағын аралап, халқымыздың әдеби, мәдени мұраларын жинады. М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының әдеби, һәм музыкалық мұралар жинау жөніндегі 1986 жылғы Өзбекстан, Тәжікстан, 1987 жылғы Маңғыстау, 1989 жылғы Түрікменстан, Өзбекстан, Атырау экспедицияларына ғылыми жетекшілік етті. Ақын-жыраулар мұрасын, халық әндерін, ауыз әдебиеті нұсқаларын, шежірелер мен тарихи деректерді жинауға зер салды.

Қ.Сыдиықов ақын-жыраулар мен әнші-күйшілер, әдеби, мәдени, тарихи, архитектуралық мұралар, қол өнері, халықтар достығы, Маңғыстау, Атырау тарихы хақында кітаптар, әдеби, ғылыми зерттеулер, публицистикалық мақалалар мен өлеңдер, очерк, суреттемелер, әдеби мұралар жариялады. Олардың бастылары «Жас дәурен» (1962), «Теңіз лебі» (1968), «Ақберен» (1972), «Маңғыстау» (1973), «Ақын-жыраулар» (1974), «Октябрь арайында» (1979), «Дала жыршылары» (1989), «Көркемдік өрнектер» (1992) атты жинақтар.

Қабекеңнің қатысуымен «Біржан сал мен ақын Сараның айтысы» (1960), «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (1967), «От ортасынан оралмағандар» (1972), «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері» (1976), «Абай шығармаларының екі томдығы» (1977), «ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982), «Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті» (1983), «Қазақ фольклоры мен әдебиет шығармаларының текстологиялық зерттелуі» (1983), «ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы» (1985), «ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары» (1988), «Қазақ поэзиясының антологиясы» (1992), «ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті», «Батырлар жыры» 5,6 томдар, «Алқаласа әлеумет» (1991), Таңдамалы шығармаларының 3 томдығы, т.б. сияқты құнды кітаптары жарық көрді.

Қ. Сыдиықов  Шалгез, Абыл, Махамбет, Қашаған, Ораз, Есет, Нұрым, Ақтан, Қалнияз, Аралбай, Сәттіғұл, Ерімбет, Мұрын, Досы, Әкімалы, Елбай, Қашқынбай, Досжан (есентемір), Досжан (тама), Насихат т.б. сөз зергерлері мен әдеби, мәдени мұралар хақында 300-ден аса еңбектің авторы.              Бұл әрине, бір адамға аз жұмыс емес.

kazneb.kz

 

: https://adebiportal.kz/kz/authors/view/177

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу