РусскийҚазақша             RSS Twitter Facebook
Бүгінгі таңда облыстық кітапхананың кітап қорында 400 мыңнан астам кітап және 1 миллионға жуық мерзімді басылымдар бар
Телефон:   +7 7292 51 46 24 Толық байланыс мәліметтері

Ұмытылмас кездесулер

Желтоқсан куәгерлерімен дәстүрлі кездесу

iconiconicon

Кітапханамызда жасөспірім бөлімінің ұйымдастыруымен желтоқсан куәгерлерімен дәстүрлі кездесу шарасы өтті. Кездесуге Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалінің иегері А.Айтжанова, М.Есентұрлиева, Г.Әубәкіров, Ж.Оспанов және қала мектеп оқушыларымен мен  колледж студенттері, кітапхана қызметкерлері қатысты. Кездесуге қатысқан желтоқсан
Жарияланған күні: 20-12-2018  
Оқылған саны: 44

Кітапханадағы кездесу. Көмек Ыбырайұлы.

iconicon

16 қараша күні балалар бөлімінде Жерлесіміз, талантты балалар ақыны, Көмек Ыбырайұлымен кездесу кеші өтті. Кешке қаламыздағы 8, 12 мектептің 4 сынып оқушылары және Мұнайлы аудандық Маңғыстау 4 елді мекенінің әдіскері Нұрзада Көмекқызы, тәрбиешілер кішкене бүлдіршіндерімен қатысты. Балалар ақынның өлеңдерін оқып, әндерін шырқап, жұмбақтарын шешіп, 12 мектеп оқушылары "Алтын күз" көрінісін
Жарияланған күні: 21-11-2018  
Оқылған саны: 95

Мың бояулы Маңғыстау

iconiconicon

8 қараша күні өнер бөлімінде "Мың бояулы Маңғыстау" атты әңгіме сағат өтті. Әңгіме сағатына Маңғыстау өнер колледжінің 1 курс студенттері қатысты.


Жарияланған күні: 08-11-2018  
Оқылған саны: 87

МАҢҒЫСТАУ ҒАШЫҚТАРЫ

iconiconicon

18 қазан күні  кітапханамыздың оқу залында «Маңғыстау ғашықтары» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Кешіміздің кейіпкерлері осы Маңғыстау өңірінде өмір сүрген бір-біріне ғашық жандар: Ақбөбек пен Қайып, Ақшора мен Белтұрған, Қаработа мен Дөңқара, Асалы мен Көкетай еді.

Тыңдарман қауымға ерекше топтастырылған көрме ұйымдастырылды. Көрме әдеттегідей сөрелердегі қалың кітаптардан бөлек
Жарияланған күні: 19-10-2018  
Оқылған саны: 178

Кітапханадағы кездесу кеш. Журналист Наталья Задерецкая.

iconiconicon
Жарияланған күні: 14-09-2018  
Оқылған саны: 180

Кітап тұсаукесері. Әнуар Жәнібек.

iconiconicon

26 маусым күні кітапханамызда жасөспірім бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ҚР Сот жүйесінің құрметті қызметкері, журналист, телерадио жəне еңбек ардагері Əнуарбек Қайырғалиұлы Жəнібектің "Жаралы жолбарыс" кітабының тұсау кесері өткізілді. Шараға Әбілқайыр Спан, Қожахмет Демеуберген, Үміт Жәлеке, Жанат  Нұрмұханова, Сәфи Әжімұратов т.б қатысты.


Жарияланған күні: 29-06-2018  
Оқылған саны: 290

"Маңғыстаудың мақтанышы - Шамшадин"

iconiconicon

Маңғыстаудың мақтанышы - Шамшадин Сабытаевтың туғанына 80 жас толуына орай кітапханамыздың өнер бөлімінде кітап көрме ұйымдастырылды. 

Шамшадин Сабытаев көп қырлы талант иесі. Ол ақын, режиссер, әнші, суретші. Термеші ретінде Шамшадин Сабытаев республика бойынша көп орындала бермейтін Ақтан, Нұрым, Қашаған, Сүгір т.б. ақын-жыраулардың шығармаларын орындайды. Шамшадин Сабытаев әуесқой
Жарияланған күні: 15-06-2018  
Оқылған саны: 322

Маңғыстау батырлары. Балуанияз батыр.

24 мамыр күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында батыр Балуанияздың туғанына 200 жыл толуына орай "Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы" атты тарихи кеш өтті. Кешіне Маңғыстау медициналық колледжінің студенттері қатысты. Кеш жүргізуші: кітапханашы Нағашыбаева Р.А.

Балуанияз батыр кешені. 
Жарияланған күні: 29-05-2018  
Оқылған саны: 303

Сыбызғышы Әнесов Балапаш

16 мамыр күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің өнер секторының ұйымдастыруымен музыка аспаптарын жасаушы, сыбызғышы Әнесов Балапаштың туғанына 105 жыл толуына орай "Көне дүние күмбірі" атты кездесу кеші өтті. Кештің құрметті қонағы: Әнесов Балапаштың қызы Хадиша Балапашева шәкірттерімен. 


Жарияланған күні: 22-05-2018  
Оқылған саны: 320

Маңғыстау зергері Оразов Сағидолламен кездесу кеші.

iconiconicon

4 мамыр күні кітапханамыздың өнер бөлімінде Маңғыстау зергері  Оразов Сағидолламен кездесу кеші өтті. Кездесу кешіне №9 орта мектептің 9 сынып оқушылары, Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері, кітапхана қызметкерлері қатысты.

Сағидолла Оразов мектеп оқып жүрген кезінен сурет өнеріне жақын болып өскен. Бос уақытында қолына карандашын
Жарияланған күні: 04-05-2018  
Оқылған саны: 321

Археолог Андрей Астафьев

iconiconicon

17 сәуір күні кітапханамызда оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен археолог Андрей Астафьевпен кездесу кеш өтті. 


Жарияланған күні: 19-04-2018  
Оқылған саны: 353

Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу.

iconiconicon

Кітапханамызда Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері одағының қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мамедов Байрам, «Боевое братство» атты Ауғанстан соғыс ардагерлерінің Ақтау қалалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шаулиев Матжан, сонымен бірге  Дүйсембаев Қартбек, Қайырғалиев Серік қатысуымен кездесу кеш өтті. Шараға №«3502» әскери бөлімінің сарбаздары мен Маңғыстау политехникалық колледж
Жарияланған күні: 28-03-2018  
Оқылған саны: 473

Ұлттық өнер күні аясында әнші, сазгер Ізімов Ыбырай Қанатұлын еске алу кеші.

iconiconicon

6-наурыз Ұлттық өнер күніне орай кітапханамызда "Естен кетпес есімдер" атты  әнші, сазгер Ізімов Ыбырай Қанатұлын еске алу кеші өтті.  Шараға күйші, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері – Сержан Шәкірат, сатирик, ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі –Қожахмет Демеубергенұлы, әнші Тынышбай Қыстауғалиев, филармония әншісі,
Жарияланған күні: 06-03-2018  
Оқылған саны: 167

«Ұлттық киім-ұлтымыздың мақтанышы»

iconiconicon

Наурыздың 2-жұлдызында «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында  кітапханамызда «Ұлттық киім-ұлтымыздың мақтанышы» атты кездесу кеш ұйымдастырылды. Кештің мақсаты: қатысушыларға  қазақ халқының ұлттық киімдері, олардың түрлері және пайдалану ерекшеліктері туралы түсінік беру, ұлттық киім
Жарияланған күні: 02-03-2018  
Оқылған саны: 1068

Маңғыстау күйлерін насихаттаушы А. Жаңбыршымен кездесу кеші

iconiconicon

28 ақпан күні Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап  кітапханасында "Домбыраның қоңыр үні" атты өлке домбырашыларымен кездесу кеші өтті. Кештін құрметті қонағы: күйші-сазгер, педагог, орындаушы, өнер зерттеушісі, Маңғыстау күйлерін насихаттаушы Айтберген Жаңбыршы Әбілұлымен бірге Маңғыстау өнер колледжінің "Халық аспаптар" бөлімінің 1,3,4 курс студенттері келіп, күйші-композитор,
Жарияланған күні: 01-03-2018  
Оқылған саны: 472

Орақ Байғалиев. «Менің жырым – бүкіл әлем, байтақ ән» атты әдеби-музыкалық кеш

iconiconicon

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 14 ақпан күні ақын, педагог  Орақ Байғалиевтің шығармашылығына арналған «Менің жырым – бүкіл әлем, байтақ ән» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Кешті жүргізген абонемент бөлімінің кітапханашысы Биниязова Мираш Өмірзакқызы.  Шараға қатысқан:  ақынның қаламдасы Ә.Спан, №9 орта
Жарияланған күні: 14-02-2018  
Оқылған саны: 1103

ЖЕЛАЯҚ БАЛА, ЖАН ЖЕТПЕС ДАРА

iconiconicon

Елбасының " Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" макаласының аясында Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының балалар бөлімі қызметкері Ізбибі Сағызбаева қаламыздағы №16 мектеп 4 "д" сынып оқушыларына  даңқты желаяқ, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы жерлесіміз ӘМИН ТҰЯҚОВ
Жарияланған күні: 08-02-2018  
Оқылған саны: 382

Кітап тұсаукесері

iconiconicon

24 қаңтар күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Орынбай Бәлдеков» атты өмірбаяндық, тарихи-танымдық кітаптың тұсауы кесілді. Кітап Ұлы Отан соғысының ардагері, Маңғыстау өңірінің саяси-қоғамдық дамуына үлкен үлес қосқан ардақты азамат Орынбай Айтмағамбетұлы Бәлдековтің жинаған қолжазба материалдары бойынша құрастырылған. Кітапты
Жарияланған күні: 24-01-2018  
Оқылған саны: 678

«ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ДАРЫНДЫ ЖАСТАРДА»

iconiconicon

Бүгін яғни 23 қаңтар күні, Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында, ҚР Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ДАРЫНДЫ ЖАСТАРДА» атты Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 3 курс студенті, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Астана қалалық жастар
Жарияланған күні: 23-01-2018  
Оқылған саны: 1190

Маңғыстаудың төл тумасы

iconiconicon

Маңғыстаудың төл тумасы, өз заманының көрнекті тұлғасы, Бейнеу ауданын алғаш басқарған басшылардың бірі- Дүйсембі Әріпов ағамыз биылғы қаңтар айында 85 жасқа толды. Оқырмандарға ағаның еңбек жолы, өнегелі істері Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында шараға қатысқан оқырмандарға жіліктеп жеткізілді. Қызмет барысында еліміздің көрнекті тұлғаларымен кездескені, заманның заңғары
Жарияланған күні: 11-01-2018  
Оқылған саны: 452

Симфониялық шалқу

iconiconicon

29 қараша күні, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі. 

Ұлттық мәдениет – рухани болмыс

Қазақ халқының көнерген ұлттық аспаптарын таныстыру, насихаттау мақсатында кітапханамызда қобызшы Г. Баязитованың туғанына 100-жыл толуына орай «Симфониялық шалқу» атты кеш өтті. Қоңыр үнді қобыз - қиялына қанат бітіріп, арманның көкжиегін алысқа
Жарияланған күні: 29-11-2017  
Оқылған саны: 562

Ер Қосай Құдайкеұлының туғанына 510 жыл

iconiconicon

Ер Қосай Құдайкеұлы (1507 – 1594) – халық батыры, Маңғыстау қазақтарының орта ғасырлардағы көсемі. Ер Қосай Қазақ хандығы дами түскен кезеңде өмір сүріп, қазақ ұлты мен мемлекеттігін нығайтуға үлес қосқан ірі тарихи тұлғалардың бірі. Әділдігімен, шешендігімен мәлім, Орта Азия халықтарының ынтымақты, бейбіт өмір сүруіне ықпал етті. Жер, су дауларын қантөгіске жеткізбей шешті. Бүгінгі Жаңаөзен
Жарияланған күні: 27-10-2017  
Оқылған саны: 480

Оқырмандар конференциясы

iconiconicon

16 маусым күні ұстаз Ордалы Қосайдың "Кешені көрсін бүгінгі" атты оқырмандар конференциясы өтті.


Жарияланған күні: 16-06-2017  
Оқылған саны: 628

10-маусым жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні

iconiconicon

10-маусым жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні Ақтаудағы «Өрнек» сән үйінің директоры Ниязова Нұрияш Нұрбергенқызымен әсерлі, әдемі кездесу кеші өтті. Нұрияш Нұрбергенқызының жеке өмірі де, өнердегі жолы да бір атан түйеге жүк болардай керемет қызықты екен. Бір әдемі мемуарлық кітаптың иесі болатын өмір жолы мағыналы, мәнді екен деп сүйсініп тыңдадық.
Жарияланған күні: 09-06-2017  
Оқылған саны: 579


12