• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

online-оқу

kazneb.kz

Құрметті оқырман!

Сіздің назарыңызға Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана қорына ұсынған Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасынаң онлайн оқуға кітап тізімін беріп отырмыз.

 kazneb.kz сайтыннан осы кітаптарды онлайн оқи аласыз. 

«Жұмбақ жайлап, аңыз өрген Маңғыстау»

Авторлар: Көшбайұлы, Отыншы

Кітаптағы ежелгі дәуірлерден бүгінге суыртпақтап сыр тартар шежіре баяндар, деректі әңгімелер, ескерткіш кесенелер Маңғыстау өңірінің тарихын нақтылай түседі.

«Махамбет және Маңғыстау»

Авторлар: Спан, Әбілқайыр

Кітапта Тәкен Әлімқұловтың "Қарой" әңгімесі мен Әбіш Кекілбаевтың "Махамбет" дастанын талдап-таразылай келе, көркемдік сыры мәселесінде көп-көп ойдың көкжиегіне бастайды. Бұл тұрғыда "Махамбет және Маңғыстау" жазушы-журналист пен әдебиетші-ғалымның іргелі ізденістерін танытар зерделі зерттеу екенін атап айту қажет.

«Маңғыстау ғашықтары»

Авторлар: Көшбайұлы, Отыншы

Автордың кітабына даланың қатал заңына мойын ұсынбай, арманда кеткен Маңғыстау ғашықтары туралы аңыздар негізінде жазылған көркем шығармалары енгізілген.

«Маңғыстау жерасты мешіттері, Подземные мечети Мангистау»

Кітапқа Маңғыстау өлкесінде орналасқан тарихи ескерткіштердің ең үздік туындыларының бірі - жер асты мешіттері туралы түрлі түсті суреттер мен тарихи мәліметтер жинақталған.

«Маңғыстаудағы аңшылық дәстүр»

Авторлар: Көшбайұлы, Отыншы

Автордың бұл еңбегінде Маңғыстау өңіріндегі аңшылық дәстүрдің кешегі тарихы, бүгінгі жайының небір қызықтары жан-жақты әрі әсерлі әңгімеленеді.

«Көне күннің жыр күмбезі»

Жинақта Маңғыстаудың айтулы сөз зергерлерінің жыр-толғауларының бұрын жарияланбаған нұсқалары, бұрын-соңды әдебиет әлеміне белгісіз болып келген өзге де авторлардың шығармалары, өмір деректері толықтырылып, жүйеленіп берілген.

«Нарату»

"Мәдени мұра" бағдарламасы аясында дайындалған бұл кітапқа Маңғыстау халық композиторларының күйлері енгізіліп отыр.

«Адайдың ырғамасы»

Бұл кітапқа Маңғыстау халық композиторларының әндері және жыр-саздары енгізіліп отыр.

«Интересные собеседники»

Авторлар: Карин, Г.

В данной книге заслуженного деятеля Казахстана Гани Карина известные представители власти, общества и бизнеса Мангистау говорят о своем видении развития страны, региона, рассказывают о решении экономических и социальных проблем, делятся некоторыми аспектами личной жизни.

«Маңғыстауым - ғұмырымның арнасы»

Авторлар: Сейітжан, Гүлжауһар

Бұл жинаққа автордың Маңғыстау өңірінде болған оқиғаларға негізделіп жазылған және осы өңірдің адамдарына арналған бір топ жаңа өлеңдері мен балладалары топтастырылды.

«Маңғыстау мұнайшылары, Нефтяники Мангыстау»

"Маңғыстау мұнайшылары" - Қазақстан мұнайының 100 жылдығына арналған очерктер, балладалар, өлеңдер мен деректі әңгімелер жинағы.

«Ақиқатқа айналған арман»

Авторлар: Өтесінов, Рахмет

Автор бұл кітабында Маңғыстау өңірінің қазынасы - сұйық отын өзенін ашқан еңбек адамдарының қажырлы қайратын, мол адамгершілік сезімдері мен биік мәртебелі қасиеттерін баяндайды.

«Рубежи и перспективы Мангышлака»

Авторлар: Горшенин, Вячеслав Дмитриевич В брошюре рассказывается о решении жизненно важных вопросов развития экономики и культуры мангышлакской области в одиннадцатой пятилетке.

«Жыр-дария. Маңғыстаудың ақын жыраулары»

Жинақта Маңғыстау өңірінен шыққан Қалнияз, Түмен, Сүгір, Мұрат және басқа да белгілі ақын-жырауларының жырлары берілген.

«Маңғыстау күйлері»

Құралда Маңғыстау өңірі халық композиторларының күйлері беріліп отыр.

«Маңғыстау - ер Бекеттің туған жері»

Авторлар: Балтабасұлы, Түмен

Кітапшада белгілі ақын Түмен Балтабасұлының жырлары топтастырылып беріліп отыр.

«Топограф Алексеев және Маңғыстау»

Авторлар: Спан, Әбілқайыр

Кітаптан Маңғыстау өңірін зерттеген орыс ғалымы топограф П. Алексеев түзген солтүстік үстірт пен оның Жемге дейін жалғасып жатқан аралық кеңістігінің топографиялық сипаттамасы туралы мол мағлұмат алуға болады.

«Мангистау: голоса столетий»

Авторлар: Мирзоев, Мамед Алекперович Книга повествует об экспедициях, разведывающих запасы нефти и газа, о путях формирования производственного комплекса большой нефти, строительстве города.

«Т. Г. Шевченко в Казахстане»

Авторлар: Беисов, Т

Монография автора посвящена казахстанской ссылке украинского поэта и хужожника Т. Г. Шевченко.

«Т. Г. Шевченко – суретші»

Авторлар: Вандровская, Е.

Кітапшада суретші Т. Г. Шевченконың саяси жер аударылып Қазақстанда болғандағы өмірі мен қызметі баяндалады

«Отчий край»

Авторлар: Аманниязов, К. Н.

Приводится история географических исследований и описание великолепных физико-географических объектов, а также легенды о святых местах, расположенных на территории Мангистауской области.

«Ойрандалған адай даласы»

Авторлар: Сариев, Ізтұрған

Бұл кітапта Адай көтерілісі жайнда мағлұмат берілген.

«Маңғыстау мирасы»

Авторлар: Теміртасов, Ғалым

Автордың бұл кітабында көп уақыттан бері тиянақты әрі табанды зерттеулерінің жемісі-Адай уезі және Адай округі халқының өмірі.

«Жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктерді анықтағыш, Определитель высших сосудистых растений»

Бұл кітапта Маңғыстау облысының өсімдіктерінің мемлекеттік кадастрынан жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктердің анықтағышы берілген.

«Мангистау : становление индустрии и люди, Маңғыстау деген бұл аймақ»

Авторлар: Спанов, Ә.

Книга рассказывает о самом дорогом и близком сердцу городе Актау и Прикаспийском горно-металлургическом комбинате - первенце индустрии древней земли Мангистау.

«Маңғыстау облсы өсімдіктерінің мемлекеттік кадастры, Государственный кадастр растений Мангистауской области»

Бұл жинақта кадастр материалдарының терең талдануы флораның өзгеру бағытын анықтау жайында мағлұмат берілген.

«Жұлдыздай аққан жылдар-ай!..»

Авторлар: Алдаберген, А. Қ.

Бұл еңбекте кейбір ұлттық ойын түрлері, салт-дәстүр, тәлім-тәрбиеге қатысты әңгімелер, өлеңмен өрнектеліп берілген.

«Маңғыстау - маңғаз мекенім»

Авторлар: Әріпов, Б.

Кітапта мақалалар, ой-толғаулар, естеліктер мен очерктер берілген.

«Ерлікке толы елу жыл. Маңғыстаумұнайгаз, Пятьдесят славных лет. Мангистаумунайгаз, Fifty years of courage. Mangistaumunaigaz»

Авторлар: Қосбармақ, Р.

Кәсіпорынның құрылу тарихы, Маңғыстау түбегіндегі мұнай өндірісі, мұнайшылардың жанқиярлық еңбегі баяндалған.

«Полное собрание сочинений»

Авторлар: Кондыбай, Серикбол

В книге-монографии "Эстетика ландшафтов Мангистау: перспективы для развития туризма" научно обоснованно, географически убедительно поднимает вопрос о новой для Казахстана отрасли – индустрии туризма. Словарь казахской мифологии является единственной книгой ученого, написанной на русском языке.

«Мен қашанғы жүйрігің»

"Мәдени мұра" бағдарламасы аясында дайындалған бұл кітапқа Маңғыстау жыршыларының жырлары енгізіліп отыр.

«Маңғыстау әзілдері»

Авторлар: Қорабаев, Е.

Жазушының әзіл-сықақ әңгімелер жинағы адамның күнделікті тұрмыс-тіршілігінде әредік кездесіп қалатын келеңсіз оқиғалардан өрілген.

«Мир казаха»

Авторлар: Маргулан, А. Х.

Сборник посвящен истории казахского народа, его быту, культуре и мышлению.

«Әбіш Кекілбаев – суреткер»

Авторлар: Дүйсенбаева, Жанбибі

Оқу құралында Әбіш Кекілбаевтың повестері мен кейбір романдарына негіз болған желілер және олардың көркемдік шешімі мәселесі қарастырылып, жазушы туындыларын орта, жоғары мектептерде оқутудың тиімді жолдары байыпталған.

«Атадан жеткен асыл тін»

Авторлар: Көшбайұлы, Отыншы

Кітапта атадан жеткен асыл мұраны жол ортада жоғалтып алмай, оны жаңғыртып, жасартып, дамытып келе жатқан сәулетшілер мен киіз үй шеберлері туралы, Маңғыстау өңіріндегі сәулетшілік өнердің даму тарихы туралы баяндалады.

«Жұмбақ жайлап, аңыз өрген Маңғыстау»

Авторлар: Көшбайұлы, Отыншы

Кітаптағы ежелгі дәуірлерден бүгінге суыртпақтап сыр тартар шежіре баяндар, деректі әңгімелер, ескерткіш кесенелер Маңғыстау өңірінің тарихын нақтылай түседі.

«Қаламгер құпиясы мен шығарма шырайы»

Авторлар: Дүйсенбаева, Жанбибі

Кітапқа қазақ жазушысы Ә. Кекілбаевтың шығармашылығы бойынша әр жылдарда жазған әдеби сын зерттеу мақалалары, мұрағат деректері, қолжазбалары, 1994-2009 жылдар аралығында берген көлемді сұхбаттары жүйеленіп, беріліп отыр.

«Махамбет және Маңғыстау»

Авторлар: Спан, Әбілқайыр

Кітапта Тәкен Әлімқұловтың "Қарой" әңгімесі мен Әбіш Кекілбаевтың "Махамбет" дастанын талдап-таразылай келе, көркемдік сыры мәселесінде көп-көп ойдың көкжиегіне бастайды. Бұл тұрғыда "Махамбет және Маңғыстау" жазушы-журналист пен әдебиетші-ғалымның іргелі ізденістерін танытар зерделі зерттеу екенін атап айту қажет.

«Маңғыстау ғашықтары»

Авторлар: Көшбайұлы, Отыншы

Автордың кітабына даланың қатал заңына мойын ұсынбай, арманда кеткен Маңғыстау ғашықтары туралы аңыздар негізінде жазылған көркем шығармалары енгізілген.

«Маңғыстау жерасты мешіттері, Подземные мечети Мангистау»

Кітапқа Маңғыстау өлкесінде орналасқан тарихи ескерткіштердің ең үздік туындыларының бірі - жер асты мешіттері туралы түрлі түсті суреттер мен тарихи мәліметтер жинақталған.

«Маңғыстаудағы аңшылық дәстүр»

Авторлар: Көшбайұлы, Отыншы

Автордың бұл еңбегінде Маңғыстау өңіріндегі аңшылық дәстүрдің кешегі тарихы, бүгінгі жайының небір қызықтары жан-жақты әрі әсерлі әңгімеленеді.

«Әбіш Кекілбаев және замана шындығы» Авторлар: Дүйсенбаева, Жанбибі

Еңбекте Ә. Кекілбаевтың туындыларындағы тарихи тақырыптың игерілуі, образ жасау жолдары, кейіпкерлердің типтендірілу ерекшеліктері, жазушының тарихи құжаттар мен мұрағат деректерін сөйлетуі, характер жасау шеберлігі, тағы басқа әдеби-теориялық мәселелер талданады.

«Тоғыз ауыл»

Авторлар: Көшбайұлы, Отыншы

Автор күндіз елдің шырқын, түнде ұйқысын бұзған жауға қарсы қолынан қаруы түспеген адай халқының ғасырлар бойғы арпалысып келген ел намысын жоғары қойған ерлік күресін шығармасына арқау етеді

«Киіз үйдің жүннен жасалған бұйымдары. Изделия из шерсти для убранства юрты»

Кітапта киіз үйдің тарихы және оны жасауда қолданылатын материалдар, киіз үйдің жүннен жасалған бұйымдары туралы баяндалады

«Текеметтің түрлері. Разновидности текемета»

Кітапта ұлттық қолөнеріміздің даму барысы, оның ішінде киіз басу, текеметтің түрлері және жасалу жолдары туралы баяндалған.

"Мәдени мұра" өңірлік салалық бағдарламасы, "Культурное наследие" региональная отраслевая программа

Бұл жинақта Маңғыстау облысының "мәдени мұра" аймақтық бағдарламасының іс-шаралары туралы айтылған.

«Көне күннің жыр күмбезі»

Жинақта Маңғыстаудың айтулы сөз зергерлерінің жыр-толғауларының бұрын жарияланбаған нұсқалары, бұрын-соңды әдебиет әлеміне белгісіз болып келген өзге де авторлардың шығармалары, өмір деректері толықтырылып, жүйеленіп берілген.

«Дала сахнасындағы дүбір»

Авторлар: Жылқышыұлы, Жетібай

Жинаққа ауыл театрының қойылымдары, өнерпаздар және олар сомдаған образдар тізімі, сондай-ақ жергілікті авторлар шығармалары енгізілген.

«Өнермен өрілген өмір»

Авторлар: Байекеев, Бірғали

Кітапқа Маңғыстау ұлт-аспаптары оркестрінің негізін салушы, тұңғыш дирижер, күйші Орын Құлсарыұлымен болған сыр-сұхбат және қазақ күйі, ұлы музыка, ұлы тұлғалар, киелі өңірдің өнерін жасаушылар, орындаушылар туралы естеліктер енген.

«Пути торговых сообщений эпохи средневековья на территории Арало-Каспийского водораздела»

Авторлар: Астафьев, А. Е.

Посвящена изучению истории торгового сообщения, проходившего по территории Мангистауской области в средневековье.

«Сүйінғара»

Авторлар: Әбдіхалықов, Маршал

Романда ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басындағы Маңғыстаудағы күрделі қоғамдық саяси жағдай, тарихи тұлға Сүйінғара Үргенішбайұлының ерлік істері, Маңғыстау үшін Ресей мен Хиуа хандығы арасындағы күрес мәселелері кеңінен сөз болады.

т.б.

kazneb.kz сайтынан.

 



«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы бойынша ҚАЗҰЭК-сы kazneb.kz порталындағы электронды нұсқалары Поэзия ...

Жаңалыққа өту  

kazneb.kz ...

Жаңалыққа өту  

Сандық көшірме жасалған кітаптар тізімі      kazneb.kz 1.       Агроклиматические ресурсы Гурьевской и Ленинград  ...

Жаңалыққа өту  

Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға Б. Әбдірахмановтың "Бекет-Атаның сұпылық жолы", О. Көшбайұлының "Сыбызғы сыңсып жылайды", "Маңғыстау ...

Жаңалыққа өту  

Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға Б. Әбдірахмановтың "Бекет-Атаның сұпылық жолы", О. Көшбайұлының "Сыбызғы сыңсып жылайды", "Маңғыстау ...

Жаңалыққа өту  

Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға Б. Әбдірахмановтың "Бекет-Атаның сұпылық жолы", О. Көшбайұлының "Сыбызғы сыңсып жылайды", "Маңғыстау ...

Жаңалыққа өту  

Құрметті оқырман! Сіздің назарыңызға Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана қорына ұсынған Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап ...

Жаңалыққа өту  

Әке мен бала - Мұхамедхан Сейтқұлов пен Қайым Мұхамедханов - Отан патриоттары.Отец и сын - Мухамедхан Сейткулов и Каюм Мухамед- ханов - патриоты ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу