• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Маңғыстау суретшілері

ЖАСАМПАЗ УАҚЫТ

Маңғыстау облысы географиялық орналасуы орталықтан қашықтығына карамастан республиканың мәдени өмірінде болып жатырған процестерден оқшау қалған емес. Маңғыстау суретшілерінің шы- ғармаларында да Қазақстан бейнелеу өнеріне тән негізгі бағыттар айнымай көрініс табады.

Ал енді біз алғашқы бастауға, жасампаздықтың ең алғашқы қадамын жасаған нүктесіне бет бұралық. Ақтау (ол уақытта Шевченко) болашақ Маңғыстау облысының орталығы ретінде 1963 жылы қа- лыптаса бастады. Мүнай қорына асқан бай бүл өлкеге бұрынғы КСРО-ның барлық респу- бликаларының өкілдері ағылып келе бастады. Қысқа мерзімде мүнай, газ, химия, т.б. өнеркәсіптері жедел қарқынмен дамыды. Шапшаң нейтронды ғажайып атом реакторы өлкені қуат көзімен қамтамасыз етті. Маңғыстау “екпінді құрылыс” деп жарияланды. Қала көз алдымызда туып, қарыштап қанат жая бастады. Оны жастар тұрғызды, қала жастардың қаласы еді. Көптеген жандар онымен өз тағдырларын байланыстырды.

Әрбір қаланың өз бетбейнесі болады. Ақтаудың бейнесін М.И.Левин басқарған петербургтік архитекторлар жасады. Олар қаланы салудың Бас жоспарын жасақтады. Қала құрылысы мен архитектура табиғат әлемі мен адамның жан дүниесін байланыстырады. Халықтың тұрмыс-тіршілігі, оның мәдениеті мен тарихы қалалар мен ғимараттардың кеңістікте бекітілген келбетінде өзінің ма- териалдық бейнесін табады. Ежелгі замандардан бері қалаларды салу процесі ғасырдан ғасырга ұласып келеді, бір ұрпакты екінші ұрпақ алмастырады, осылайша қалалар өсіп, біртіндеп қалыптасады және солай біртіндеп өз бейнесін өзгертіп отырады. Мұндай қалаларда көп реттерде ескі архитектура үлгісі жаңамен, кішкентай ағаш үйшіктер алып тас ғимараттармен қатар тұра береді. Әлде бағына, әлде сорына, Ақтау мұндайдан ада, оның бейнесі бірегей де біртұтас болып шықты. Рухани айрықша моніне қарай архитектураны тасқа қашалған дәуірдің кескіні, өз заманының идеалдары мен эстетикасын көрсететін айнасы деп атайды. Бұл ретте Ақтаудың архитектурасында шындығында да казіргі заманның эстетикасы корініс тапқан. 1978 жылы Ақтау қаласының жобасын жасаған архитекторлар үжымына Халықаралық архитекторлар Одағының “Күрделі табиғи жағдайда ксшенді қала ансамблін жасағаны, қала территориясын көгалдандыру мен суландыру аркылы дәстүрлі қала бейнесіне гуманистік сипат берудегі табысты әрекеттері үшін” қазіргі заманғы кала са- лудың теориясы мен практикасына көп енбек сіңірген аса корнекті сәулетші Патрик Аберкромби жүлдесі берілді. Қаланың тұрғын үй және^өнеркәсіптік құрылысы жедел қарқынмен салынып басталған кезенде қаланың қоғамдық ғимараттарын, шағын аудандар мен аландарды қазіргі заманға лайықты етіп безендіру қажеттілігі айқын сезілді. Бірте-бірте алғашқы тақырыптық және әсемдеу мозаикалары, ғимараттардың маңдайшалары мен жақтауларындағы паннолар, кескіндер, түғырлы мүсіндер, фонтандар пайда бола бастады. Кешенді безендірілген объектілердің ішінде “Абай” мәдениет сарайының “Қызғылт залы” мен “Таң” (мүсіншісі Б.Свинер) фонтаны, бассейнді-фонтанды Ақтау қонакжай кешені және “Қыз бен марал” (мүсіншісі А.Худаева) мүсіні, жағалаудағы Т.Г.Шевченконың ескерткіші ең бір сәттілер қатарында болдьй/Облыс суретшілері архитекторлармен бірге архитектуралык кеңістіктің бөлінбейтін бір бөлігі болып табылатын ұйымдаскан эстетикалық ортаны — органикалық ансамбльдерді жасап шығарды. Суретшілер монументтік мүсіндерді жасаған уақытта үлкен азаматтық идеяларды сенімді түрде іске асыруға үмтылып отырады.  Бүл ұмтылыс қала алаңдарындағы ескерткіштерден анық байқалады. Олардың барлығы бірігіп, белгілі бір үлкен композициялық ансамбльдің үйлесімді бірлігін көрсетеді; Соның ішінде Ынтымақ алаңындағы Тобанияз ескерткіші, халық ақыны Қашағанға арналған ескерткіш, теңіз жағасындағы паркте орналасқан “Батыс” атты шекарашылар ескерткіші, Ақтау қаласының негізін қалаушылардың бірі Р.А.Григоряінның мүсіні. 

1974 жылы қала түрғындарының мәдени өмірінде үлкен айтулы жаңалық болды, осы жылы бейнелеу өнерін насихаттайтын көрме залы ашылды. Ол Алматылық көшпелі өнер кормесінің филиалы болып табылады. Қалада республикалық суретшілер Одағының Көркемөнер қорының шеберханалары болмауына байланысты бұл корме залы Маңғыстау суретшілерін біріктірстін орталық болып есептеледі. 1976 жылы осы көрме залының қабырғасында алғаш рет жергілікті суретшілердің көрмесі ашылды. Бүл үйымды алғаш қүрушы суретшілердің көбі қазір жоқ. Олар — Сергей Титов, Сергей Завьялов, Ильгиз Юнусовтар болатын. Ол кез өте қызықты, тамаша уақыт еді. Қаланың мәдени өмірі жанданып, жаңғыра бастады. Маңғыстау өлкесіне Алматыдан, Мәсксуден, жан-жақтан суретшілердің шығармашылық топтары ағылып келді. Осы жерде Бүкілодақтық құрылыс объектісінде алғашқы суреттемелер пайда болды. Кейіннен осы сұлбалар Маңғыстаудың екпінді еңбек адамдары жөнінде салынған шығармаларда материал ретінде пайдаланылды. Осылайша, түбектің байлығын игеру, өнеркәсіпті дамыту жонінде мәдени жылнама жазыла бастады. Бұл еңбектер кейіннен “Каскор” өндірістік бірлестігінің галереясын ұйымдастыруда іске асты. Жергілікгі суретшілердің еңбектерінде басты назарда өнеркәсіп объектілері ғана емес, Маңғыстау өлкесінің табиғаты шөл даланың өзіндік табиғи әсемділігімен таң қалдырады. Былайғы адамға көзге көрінбейтін елеусіз, қатал да суық табиғат суретші және шебер колорист үшін өзінің түрлі-түстілігімен нәзік түсті реңімен кымбат. Осы арада атақты шығыс ақыны Саадидің “О, шөл дала, басқа жердің бәрі де сенің алдында дәрменсіз!” деген сөзі еске түседі.

Маңғыстаулык суретшілер өз еңбектерінде пейзаж жанрын көп қолданадьі. Тек кана құм емес, сонымен қатар сиқырлы жартастар, әдемі таушатқалдары, шар тәріздес тастар — мұның бәрі суретші үшін баға жетпес таусылмайтын материал болып табылады. Түстік қарама-қарсылық, ырғақты бейнелеу, космоспен үнсіз тілдесу, табыну — А.Аносов, (“Қаратау”, “Қарақия”, “Шерқала”), А.Беккер (“Аптап”, “Сағым”) пейзаждарына тән қүбылыс. 

Шөл даланың өлі тыныштығын теңіз өзінің мәңгі қозғалысымен бүзады. Ол — Маңғыстау суретшілері үшін жігер, жаңа шабыт беретін күш-қуаттың бастау көзі. Суретшілер С.Аксенов, П.Алатырев, В.Шев- ляков “марина” жанрына ерекше мән береді. Олардың пейзаждарындағы аспанмен астасқан буырқанған теңіз алуан түрлі бояуымен баурап алады. В.Коршун, жас таланттар — И.Ермакова, П.Кухтин, Ю.Менченконың лирикалық пейзаждарында әуенділік, табиғатты асқан нәзіктікпен сезіну басты орын алады.

Саясиландырудан арылған қазіргі заманғы бейнелеу өнері әртүрлі бағыттармен стильдерге ие бола бастады. Оның басты идеясы — тиым салудан адалығы, шығармашылық мүмкіндігін толық ашу, танып білудің жаңа формалары мен таным категорияларын іздеу. Символизм, салыстырмалылық, баяндау, философиялык ойлау - мүның бәрі бүгінгі көркем- өнердің жалпы ортақ басты белгілері. Бұл белгілер Маңғыстау суретшілеріне де тән. Суретшілер А.Құлбай мен Б.Бақыбаевтың шығармаларында негізі тіршілік, дүние әлеміне, ежелгі бейнелеуге сүйеніп, адам табиғатының өзгермейтін, тұрақты да әрқилы бастауына көтерілетін мифологиялық бағыттар орын алған. Өздерінің терең тамырлары баііланыстырып жатқан көшпенділердің мәдениеті, оз халқының тарихы олардың ұдайы назарында. Өз шығармаларында олар адам өмірінің алуан кырлы аспектілері жасырынып жатқан ғасырлар сүзгісінен өтіп, сұрыпталған халықтың даналығы мен қара- пайымдылығын ашып көрсетеді. А.Құлбайдың шығармаларында (“Адай рухы”, “Ата қоныс”) көне қорымдардың сұлбалары бедерленген ата-баба мазарлары мен қазақтардың ежелгі рулық таңбалары пайдаланылады.

Ежелгі Маңғыстау даласы қасиетті, әулиелі орындарға бай. Солардың бірі — Оғландыдағы Бекет Ата жерасты мешіті. 2000 жылы халыққа имандылық рухын тарату, ағарту ісі ушін өз қолымен тау жақпарынан төрт мешіт қашап салған осы данышпан-ағартушының 250 жылдығы кең колемде аталып өтті. Бұл тақырып К.Қүрбаниязовтың, А.Құлбайдың, М.Жүмағалиевтің т.б. суретшілердің шығармаларында корініс тапты.

Азаматтық өркениет техникалык прогресс жағынан дүбірлі дамуына қарамастан, қазір өте кірпияз, аурулы, рухани індеттер салмағы астында жаншылуда. Жоғары адамгершілік ұсыныстарды іздеу — қазіргі заманғы өнердің ең қайнарлы идеясы десе де болады. Елена мен Владимир Григорьянның шығармаларында бүл ізденістер библия сөздерімен үндесіп жатыр. Олардың картиналарында Евангелие өсиеттері —өлтірме, үрлама дейтін ежелгі қарапайым ақиқаттар бейнеленеді, ол ақи- қаттарды іздеудің қажеті қанша. бұл данышпандық осиет екі мыңжылдан бері өмір сүріп келе жатыр, оларды тек қана қабылдау керек дегенге саяды.

Маңғыстау суретшілерінің шығармашылығы туралы айтқанда, олардың тақырыбының әртүрлшігі ғана емес, сонымен қатар олардың шығармашылығының: бояу, графика (лино- гравюра, тушь), әсемдік қолданбалы өнер (кыш, батик, ағаш ою, т.б.) түрлерінің де копқырлылығын айта кеткен орынды. Маңғыстаулық суретшілер 'әр түрлі дорежедегі көрмелерге белсене қатысып келеді. Олардың біразы республикалық конкурстық көрмелердің, шығармашыл жастардың халықаралық “Шабыт” фестивалінің, шетелдік көрмелердің қатысушылары, диплом иегерлері болып табылады. Олардың жүмыстары Астанадағы Қазақстан Республикасы Президентінің сарайында, галереяларда, Қа- зақстанның жеке коллекцияларында, жақын және алыс шетелдерде сақтаулы.

Маңғыстау көркемөнерін әділ бағалар болсақ, ондағы жағымды құбылыстарды айтпай кетуге болмайды: косіпкой кылқалам шеберлері көбейіп, талантты жастар осіп, жетіліп келеді. Олардың арасында Онер академиясының, республикалық көркемөнер оқу орындарының, Маңғыстау көркемөнер колледжінің түлектері бар.

Жасампаз дәуір осылай жалғаса бермек.

"Мың бояулы Маңғыстау" кітабынан.

  



“ ...Планеталардың дәл мундай көз қарықтырар ”жарқы- рауы мен гажайып жүлдыздар жаңбырын мен басқа еш жерден көрген ем

Жаңалыққа өту  

1924 жылы Ставрополь өлкесінің Иргаклы поселкесінде туып,  2000 жылы қайтыс болған. Кескіндемеші. Арнайы білім алмаған. Үлы Отан соғысының ардагері. ...

Жаңалыққа өту  

1953 жылы Нальчик қаласында туған. Кескіндемеші, бедерлеуші, көркемдеуші. 1978 жылы Н.Крупская атындағы сырттай халықтық өнер университетін бітірген. ...

Жаңалыққа өту  

1951 жылы Днепродзержинск қаласында туған. Суретші. Арнайы білімі жоқ. Маңғыстауда 1974 жылдан бері тұрады. 1987 жылдан бастап бірнеше қалалық, ...

Жаңалыққа өту  

1943 жылы Свердловск қаласында туған, 2001 жылы дүниеден өтті. Ағаш оюшы. Арнайы білім алмаған. Маңғыстауда 1961 жылдан бері тұрған. 1998 жылдан бері ...

Жаңалыққа өту  

1937 жылы Ростов облысының Таганрог қаласында туған. Кескіндемеші. Арнайы білім алмаған. Маңғыстауда 1977 жылдан бастап түрады. 1998 жылдан бері ...

Жаңалыққа өту  

1939 жылы Иваново облысының Бусино ауылында туған. Флорист. Арнаулы білімі жоқ. 1968 жылдан бері Маңғыстауда. 1976-1985 жылдары СПТУ-4 кәсіптік ...

Жаңалыққа өту  

1966 жылы Қарақалпақстанның Хожелі қаласында туған. Театр суретшісі. 1985 жылы Нөкіс қаласындағы онер училищесін бітірген. 1995 ...

Жаңалыққа өту  

1963 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Кескіндемеші. Монументальдық-сәндеу өнерімен де айналысады. 1987 жылы Алматыдағы көркемөнер ...

Жаңалыққа өту  

1963 жылы Орал қаласында туған. Сызбашы, сәндік колданбалы өнердің шебері. 1987 жылы Витебск технологиялык институтында жеңіл өнеркөсіп саласының ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу