• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Тарихы мен мәдениеті

Тарихы мен мәдениеті

Тарихы мен мәдениеті 

Маңғыстау жері – бұл ежелгі өркениет елі, 11 мың тарихи ескерткіш мемлекеттің қорғауына алынған археологиялық қорық, ашық аспан астындағы мұражай, мыңдаған тасқа салынған сурет-дастандардың елі. Ерекше діни ғимараттар мен Бекет-Ата, Шақпақ-Ата, Шопан-Ата, Масат-Ата мешіттерінің өлкесі, оларға тек Қазақстаннан ғана емес, сондай-ақ Түрікменстаннан, Өзбекстаннан, Ресей мен Кавказдан, Иран мен Түркиядан сиынушылар үздіксіз ағылуда. Мыңдаған жылдар бұрын Маңғыстау жерімен Хорезм мен Хиуадан Еуропаға және Таяу Шығысқа созылған Ұлы жібек жолы өтті. Бұл жолдың бойымен Үстірт қыратында бекіністер, керуен-сарайлар, қолөнершілердің, малшылардың және аңшылардың қоныстары орналасқан. Табылған археологиялық заттар бұл бекіністер мен қоныстарда өмір деңгейінің айтарлықтай жоғары дәрежеде болғандығын дәлелдеп отыр. Халықтардың ұлы қоныс аударуы және осымен байланысты сансыз соғыстар Үстірт арқылы өтетін Жібек жолын үзіп тастады, ал кейінгі жүзжылдықтарда болған жойқын монғол шапқыншылығы оларды жер бетінен біржола жойып жіберді. Маңғыстау көп ғасырларға ойкуменаның ең шегіне қарай ығыстырылды және еуразиялық қатынастар үшін шешуші маңызға ие болуын тоқтатты. Оның үстімен құрғақ жел соғып өтіп, күн күйдіріп, түбекті мекендеген көшпелілердің өмірін тіршілік үшін тоқтаусыз арпалысқа айналдырды.

Бүгінде Маңғыстауды қазыналы түбек, тарихи ескерткіштер мен мыңдаған жолдар өлкесі деп атайды. Бұл жолдар теңіз жағасында пайда болған қала – Ақтауға, Қазақстан Республикасындағы ең жас орталықтардың бірі болып табылатын Маңғыстау облысына апарады. Ұлы геолог, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті, КСРО ҒА академигі Қ.И. Сәтбаев бірде түбекті ұшақпен айналып ұшқанда, оның құм пердесімен жабылған әйелдің кескініне ұқсайтынын байқап, оны «ұйқыдағы ару» деп атаған.

Түбекті геологтар оятты. Олар 1950-ші жылдардың басында Маңғыстау қойнауынан уран мен жер бетінде сирек кездесетін элементтердің, мұнай мен газдың кен көздерін тапты. Картада жаңа қалалар мен поселкелер пайда болды: теңіз жағалауындағы Ақтау, далалық жерден биікке көтерілген Жаңаөзен қаласы, мұнайшылардың поселкелері Жетібай, Қаламқас пен Қаражанбас. 

Маңғыстауда 5 мұражай жұмыс істейді, олардың қорларында өңірдің бір кезде ежелгі еуразиялық өркениеттің орны болғандығын дәлелдейтін археологиялық және палентологиялық олжалар бар. Жергілікті тұрғындар сол ерте уақыттың куәларын көздің қарашығындай сақтауда. Маңғышылақта ежелгі заман мен қазіргі заман үйлесім тапқан.

Маңғыстаудың архитектуралық өнері өзінің гүлдену кезіне жеткен кезде, 19 ғасырдағы халық сәулетшілерінің біртума шығармалары өз бойына шеберлердің бірнеше ұрпағымен жасалған барлық көпғасырлық тәжірибені жинақтаған.  Безендірілуі бойынша өте бай кесенелер тап сол дәуірмен даталанады. Олардың сымбатты пішіндері, сирек ою-өрнектің әсемдігі, түрлі-түсті бояумен әшекейленген ішкі қабырғалары ең міншіл көрерменнің өзін де таң қалдыруға тұрарлықтай. 1980 жылы Маңғыстау Мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы құрылды. Облыста 12 мыңнан аса тарихи және мәдени ескерткіштер бар. Қорықтың қарамағында мемлекеттің қорғауына алынған 139 нысан бар. Олардың ішінен 20-ы республикалық маңызға ие. 12000 мыңнан аса ескерткіштер ғылыми тұрғыдан зерттелген және өңделген. Олар Каспий жағалауындағы халықтардың мәдени және діни дамуының барлық кезеңдерін бейнелейді.

Бұрын түбек аумағы республикалық археологиялық картада ақ дақ күйінде көрсетілетін. Алғашқы археологиялық экспедиция көптеген қызықты заттарды тапқан. Маңғыстау мәдениетінің көптеген ескерткештері - өткеннің куәлері.   Олардың ішінде жартастан шауып жасалған жер асты төрт бөлмелі Шақпақ-ата мешіті бар. 

Маңғыстаудың таулы ауданында жарты ғасырлық Кызылқала қамалы табылған. Түпқараған түбегінің солтүстік тілмесі бөлігінде теңіз жағалауында өте сирек кездесетін ежелгі кешенді ғимараттар табылған, Сам құмы – қола дәуіріндегі мәдениет іздерінің айғағы. Шерқала құмды тауы – «Арыстан бекінісі» - ертеде болған ұрыстың іздерін сақтаған. Халық шығармалығының салт-дәстүрі сақталған. Шеберлер үй аспаптары мен киімдерді, зергерлік бұйымдарды безендірген, өрнектері сақталған.Қошқар-Ата зираты Ақтау қаласынан 17 шақырым жердегі кішігірім Ақшұқыр ауылының шет жағында орналасқан. Маңғыстаудың күмбезді кесенелері өте әдемі және өздігінше ерекше. Кейбер кесенелер – нағыз сәулетшілік өнердің ең үздік туындылары болып саналады және осы күннің өзінде әрбір сызығының, әрбір реңкінің ойлылығымен, аяқталғандымен, өткірлігімен таңқалдырады. Сондай-ақ, Маңғыстау Қазақстанның түпкір-түкірінен және шекаралас мемлекеттерден көптеген зират етушілер келіп жататын киелі орындарға бай.



Долы Апа – Маңғыстаудың ерекеше тарихи орындарының бірі және әйел атымен аталған аз ғана зираттардың бірі. Зират атауымен бірдей шатқал да бар. Үлкен ...

Жаңалыққа өту  

Тарихы мен мәдениеті  Маңғыстау жері – бұл ежелгі өркениет елі, 11 мың тарихи ескерткіш мемлекеттің қорғауына алынған археологиялық қорық, ашық ...

Жаңалыққа өту  

Ерте-ертеде әкесі балаларын өзіне шақырған. Барлығы бірден әкесінің алдына келген, тек кішісі, Сұлтан-әпе, шақырғанға бірден келмей, бірнеше күннен ...

Жаңалыққа өту  

Бекет-Ата Өте танымал ескерткіштердің бірі-Бекет-Ата мешіті жар тастан шауып жасалған. Мұсылман әлемінде Бекет-Ата дүниенің сыры жайлы білген, ...

Жаңалыққа өту  

Қарақия Маңғышлақ үстіртінің шығыс жағында, шамамен Ақтау қаласынан 50 шақырым жерде, солтүстік-батыстан оңтүстік шығысқа қарай мұхит деңгейінен ...

Жаңалыққа өту  

Маңғыстаудың саздары, әндері мен күйлері әрқашанда өзінің қайталанбастығымен және көркемдігімен ерекшеленген. Халықтың әнші-композиторлары, ұлы ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу