• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Өлкетану

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ДЕРЕКТЕР

  Маңғыстау облысы — Қазақстанның оңтүстік-батысында орналасқан облыс, бұрын Маңғышлақ деп аталған. Каспий теңізінен шығысқа қарай Маңғышлақ (Маңғыстау) үстіртінде орналасқан, солтүстік-шығысында Атырау және Ақтөбе облыстарымен, оңтүстігінде Түркіменстанмен және шығысында Өзбекстанмен шектеседі. Маңғыстау облысы – өнеркәсіптік өңір, мұнда Қазақстан мұнайының 25% өндіріледі. Ақтау — Жетыбай — Өзен мұнай құбыры өтеді. Маңғыстау облысында Қазақстанның «теңіз қақпасы» - Ақтау қаласы орналасқан.
Құрылған уақыты: 1973 жылы 20 наурызда Гурьев облысының оңтүстік бөлігінен құрылған. 1988 жылы облыс таратылып, 1990 жылы «Маңғыстау» деген атпен қайта қалыптастырылды.

Әкімшілік орталығы:
Әкімшілік құрылымы: 
5 аудан:
 





Облыс әкімдері








Жер көлемі: 
Халқы: 
Телефон коды: 
Пошта индекстері:  

Ақтау қаласы
Облыстық маңызы бар 2 қала: Ақтау қ. мен Жаңаөзен қ. 

  • Бейнеу ауданы (Бейнеу кенті)
  • Қарақия ауданы (Құрық кенті)
  • Маңғыстау ауданы (Шетпе селосы)
  • Мұнайлы ауданы (Маңғыстау селосы)
  • Түпқараған ауданы (Форт-Шевченко қаласы) 

А. Айдарбаев (2013- қазіргі уақытқа дейін) 
Б. Мұхаметжанов (2011- 2013)
Қ. Көшербаев (2006-2011)
Б. Палымбетов (2002-2006)
Л. Қиынов (1999-2002)
Н. Баев (1997- 1999)
В. Левитин  (1995-1997) 

165 642 ш.ш 
580 мың адам 
+7 7292 
13xxxx  


Тарихы мен мәдениеті
Маңғыстау жері – бұл ежелгі өркениет елі, 11 мың тарихи ескерткіш мемлекеттің қорғауына алынған археологиялық қорық, ашық аспан астындағы мұражай, мыңдаған тасқа салынған сурет-дастандардың елі. Ерекше діни ғимараттар мен Бекет-Ата, Шақпақ-Ата, Шопан-Ата, Масат-Ата мешіттерінің өлкесі, оларға тек Қазақстаннан ғана емес, сондай-ақ Түрікменстаннан, Өзбекстаннан, Ресей мен Кавказдан, Иран мен Түркиядан сиынушылар үздіксіз ағылуда. Мыңдаған жылдар бұрын Маңғыстау жерімен Хорезм мен Хиуадан Еуропаға және Таяу Шығысқа созылған Ұлы жібек жолы өтті. Бұл жолдың бойымен Үстірт қыратында бекіністер, керуен-сарайлар, қолөнершілердің, малшылардың және аңшылардың қоныстары орналасқан. Табылған археологиялық заттар бұл бекіністер мен қоныстарда өмір деңгейінің айтарлықтай жоғары дәрежеде болғандығын дәлелдеп отыр. Халықтардың ұлы қоныс аударуы және осымен байланысты сансыз соғыстар Үстірт арқылы өтетін Жібек жолын үзіп тастады, ал кейінгі жүзжылдықтарда болған жойқын монғол шапқыншылығы оларды жер бетінен біржола жойып жіберді. Маңғыстау көп ғасырларға ойкуменаның ең шегіне қарай ығыстырылды және еуразиялық қатынастар үшін шешуші маңызға ие болуын тоқтатты. Оның үстімен құрғақ жел соғып өтіп, күн күйдіріп, түбекті мекендеген көшпелілердің өмірін тіршілік үшін тоқтаусыз арпалысқа айналдырды.
 
Бүгінде Маңғыстауды қазыналы түбек, тарихи ескерткіштер мен мыңдаған жолдар өлкесі деп атайды. Бұл жолдар теңіз жағасында пайда болған қала – Ақтауға, Қазақстан Республикасындағы ең жас орталықтардың бірі болып табылатын Маңғыстау облысына апарады. Ұлы геолог, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті, КСРО ҒА академигі Қ.И. Сәтбаев бірде түбекті ұшақпен айналып ұшқанда, оның құм пердесімен жабылған әйелдің кескініне ұқсайтынын байқап, оны «ұйқыдағы ару» деп атаған.

Түбекті геологтар оятты. Олар 1950-ші жылдардың басында Маңғыстау қойнауынан уран мен жер бетінде сирек кездесетін элементтердің, мұнай мен газдың кен көздерін тапты. Картада жаңа қалалар мен поселкелер пайда болды: теңіз жағалауындағы Ақтау, далалық жерден биікке көтерілген Жаңаөзен қаласы, мұнайшылардың поселкелері Жетібай, Қаламқас пен Қаражанбас. 

 
 

Маңғыстауда 5 мұражай жұмыс істейді, олардың қорларында өңірдің бір кезде ежелгі еуразиялық өркениеттің орны болғандығын дәлелдейтін археологиялық және палентологиялық олжалар бар. Жергілікті тұрғындар сол ерте уақыттың куәларын көздің қарашығындай сақтауда. Маңғышылақта ежелгі заман мен қазіргі заман үйлесім тапқан.

Маңғыстаудың архитектуралық өнері өзінің гүлдену кезіне жеткен кезде, 19 ғасырдағы халық сәулетшілерінің біртума шығармалары өз бойына шеберлердің бірнеше ұрпағымен жасалған барлық көпғасырлық тәжірибені жинақтаған.  Безендірілуі бойынша өте бай кесенелер тап сол дәуірмен даталанады. Олардың сымбатты пішіндері, сирек ою-өрнектің әсемдігі, түрлі-түсті бояумен әшекейленген ішкі қабырғалары ең міншіл көрерменнің өзін де таң қалдыруға тұрарлықтай. 1980 жылы Маңғыстау Мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы құрылды. Облыста 12 мыңнан аса тарихи және мәдени ескерткіштер бар. Қорықтың қарамағында мемлекеттің қорғауына алынған 139 нысан бар. Олардың ішінен 20-ы республикалық маңызға ие. 12000 мыңнан аса ескерткіштер ғылыми тұрғыдан зерттелген және өңделген. Олар Каспий жағалауындағы халықтардың мәдени және діни дамуының барлық кезеңдерін бейнелейді.

Бұрын түбек аумағы республикалық археологиялық картада ақ дақ күйінде көрсетілетін. Алғашқы археологиялық экспедиция көптеген қызықты заттарды тапқан. Маңғыстау мәдениетінің көптеген ескерткештері - өткеннің куәлері.   Олардың ішінде жартастан шауып жасалған жер асты төрт бөлмелі Шақпақ-ата мешіті бар. 


 
Маңғыстаудың таулы ауданында жарты ғасырлық Кызылқала қамалы табылған. Түпқараған түбегінің солтүстік тілмесі бөлігінде теңіз жағалауында өте сирек кездесетін ежелгі кешенді ғимараттар табылған, Сам құмы – қола дәуіріндегі мәдениет іздерінің айғағы. Шерқала құмды тауы – «Арыстан бекінісі» - ертеде болған ұрыстың іздерін сақтаған. Халық шығармалығының салт-дәстүрі сақталған. Шеберлер үй аспаптары мен киімдерді, зергерлік бұйымдарды безендірген, өрнектері сақталған.
 
Қошқар-Ата зираты Ақтау қаласынан 17 шақырым жердегі кішігірім Ақшұқыр ауылының шет жағында орналасқан. Маңғыстаудың күмбезді кесенелері өте әдемі және өздігінше ерекше. Кейбер кесенелер – нағыз сәулетшілік өнердің ең үздік туындылары болып саналады және осы күннің өзінде әрбір сызығының, әрбір реңкінің ойлылығымен, аяқталғандымен, өткірлігімен таңқалдырады. Сондай-ақ, Маңғыстау Қазақстанның түпкір-түкірінен және шекаралас мемлекеттерден көптеген зират етушілер келіп жататын киелі орындарға бай.
Бекет-Ата
Өте танымал ескерткіштердің бірі-Бекет-Ата мешіті жар тастан шауып жасалған. Мұсылман әлемінде Бекет-Ата дүниенің сыры жайлы білген, көріпкел және пайғамбар ретінде танымал болған.
 
Аңыз бойынша, Бекет-Ата ХVІІІ ғасырдың екінші жарты жылдығында өмір сүрген. Атырау облысының қазіргі Құлсары кентіне жақын жерде туылған, 14 жасында дана Шопан-Ата жатқан жерге бас иіп, сәлемдесіп, батасын алуға келген. Үшінші түні Шопан-Ата бозбалаға оқуға өсиет етеді. Жас жігіт алыс Хиуа медресесіне ғылымды бағындыру үшін аттанады. 40 жасқа жеткенде сопы атанып, балаларды сауаттылыққа оқыта бастайды. Маңғыстауға қайтып келгенше, қасиетті Бекет-Ата өз өмірінде ұзақ жолдардан өтті. Ол адамдарды емдеді, алдына келген мүжәлсіз және бейнет көрген адамдарға денсаулық пен өмірлік күш-қуат сыйлады. Даулы мәселелерді шешкенде ол даналығын көрсетіп, екі жақты бітімшілікке келтіретін. Өзінің уағызында Бекет-Ата діндарларды әділдікке шақырып, жақсылық жасауға насихаттайтын. Қалмақтармен ұрыс кезінде жауынгерлік ерлік көрсеткен ол дана және данышпан ретінде халықтың есінде қалды. Ол өзінің арғы атасы–Есет батыр сияқты батырдың күші мен батылдығына ие болған. Бекет-Ата 4 мешіт тұрғызды: біріншісі Құлсарыда – оны Ақмешіт деп атайды, екіншісі Бейнеу елді-мекенінен 20 шақырым жерде борлы жартаста, төртіншісі – Оғыланды шатқалындағы борлы жартас сілемінен шауып жасалған жер асты мешіті. Ол осы мешіттің жанына жерленген. Бекет-Ата зираты тек Маңғыстаудың ғана емес, бүкіл Қазақстанның рухани, тарихи және сәулет ескерткіші болып табылады. Бекет-Атаға баратын жол Шопан-Ата арқылы өтеді. Өмірінің соңынан дейін Бекет-Ата өзінің Ұстазының алдында басын иіп өтеді және ол мұсылмандардың өзіне келу үшін, алдымен Шопан-Атаға соғып келгендеріне қуанатын. Әлі күнге дейін сыйынушылардың Бекет-Атаға барар жолында Шопан-Атаға соғып кетуі жазылмаған тәртіп болып қалыптасып қалған.
Сұлтан-эпе 

Ерте-ертеде әкесі балаларын өзіне шақырған. Барлығы бірден әкесінің алдына келген, тек кішісі, Сұлтан-әпе, шақырғанға бірден келмей, бірнеше күннен кейін келген. Өзінің сүйікті ұлына әкесі ренжіген. Сонда Сұлтан-әпе алыс Каспийде болғанын, бақытсыздыққа ұшыраған балықшыларға көмектескенін айтып, арқанның ізі қалған арқасын көрсеткен. Содан бері ол әрқашан теңізде апатқа ұшырағандарға көмекке келетін болған. Зират аумағында дала мешіті орналасқан. Сыйынатын тас шығысты көрсетіп тұрады, ол қорған тастармен дөңгеленіп қоршалған. Осы дөңгелекте болған жолаушы өзін жылдың кез-келген мезгілінде қауіпсіз сезінеді. Түнде де, күндіз де әулиенің қорғауында болады. Бұл жердегі қасиетті зираттың үстіне – ұзын ағаш сырық орнатылған, аңыздар бойынша әулиелер ғажайыптар жасау үшін оған көтеріліп тұратын болған. Адамдар осында келіп, аруақтарға арнап сый ретінде арқарлардың мүйіздерін әкеледі немесе сырыққа мата байлайды, кейбіреулер балалар немесе мұқтаж жандар алу үшін әулиеден рұқсат сұрай отырып, ақша тастайды. Ақшаны мұқтаждыққа жұмсау үшін тастап кететін болған.

Қарақия
Маңғышлақ үстіртінің шығыс жағында, шамамен Ақтау қаласынан 50 шақырым жерде, солтүстік-батыстан оңтүстік шығысқа қарай мұхит деңгейінен 132 метр тереңдікте әлемдегі ең терең ойпат созылып жатыр. Қарақия – түрікшеден аударғанда «Қара азу» дегенді білдіреді.
 
Баяғы заманда бұл жерде көл болған және оның аты – Батыр деп аталған деп айтылады. Оның ұзындығы – 40 шақырым, ені -10 шақырым болған. Ойпаттың пайда болуын Каспий теңізінің жағалауында тұзды тау жыныстарының сілтіден айырылу, шөгу және карсталу үрдістерімен байланыстырады. Карстың негізіне жер асты табиғи сулардың шайылуы және ашылуы жатады. Жер асты суы, әк, доломит және гипстері бар жарық арқылы өтіп, бірте-бірте тау жыныстарын ерітіп, осы жарықтарды кеңейтеді, соның нәтижесінде орасан үлкен терең және тар тік жарлар пайда болған. Үңгірлер үлкейген сайын олардың төбелері мен қабырғалары жоғарыда жатқан қабаттардың салмағымен құлаған. Бұл үрдіс тоқтаусыз қайталанып, тұзды және әкті тау жыныстары жатқан жерге ауысқан. Нәтижесінде ұсақталған тау жыныстарымен толтырылған орасан үлкен қуыстар, шұңқырлар, қараңғы аңғарлар, қуыс және үңгірлер, жыралар, тілмелер, жүрістер, табиғи құдықтар пайда болған. Осылайша Қарақия ойпаты пайда болған. Бұл жұмыстар әлі де тоқтаған жоқ, ойпаттағы жалғасып жатқан бет-бедер пайда болу үрдісіне кең және терең тілінген ойпатта тік жарланып және кемершектеніп мүжілген шатқалдар куә болады.

Каспий теңізі.

Каспий теңізі айналадағы табиғат пен кең климатқа айтарлықтай әсерін тигізеді. Бұл дүние жүзіндегі ең үлкен көл,бірақ біресе көбейіп,біресе азаюына байланысты теңіз қатарына енген. Каспий теңізінің қазіргі уақытта дүние жүзілік мұхитпен байланысы жоқ. Мына картадан бұдан біраз уақыт бұрын Каспийдің Қара, Азов, Жерорта теңіздерімен байланыста болғанын көруге болады. Каспий теңізінің ұзындығы 630 миль/1030 км/, ал ені 175 миль /435 км созылып жатыр. Ол 3 бөліктен тұрады:

Солтүстік Каспий

Орталық Каспий

Оңтүстік Каспий 

Каспий теңізінің жануарлары мен өсімдіктер дүниесі өзіндік ерекшелігімен көз тартады. Мысалы: кейбіреулері басқа жерде кездеспей тек қана осы Каспий теңізінде мекендейді /теңіз тараканы/ оларды эндемик деп атайды. Бұлардан басқа белянустар, медузулар. Бауырымен жорғалаушылар, креветка, шаяндар көптеп кездеседі. Осы омыртқасыздар және келесі витринадан көріп тұрған молюскілер мен балдырлар Каспий теңізі балықтарының негізгі қоректік базасы болып табылады.

 Каспий теңізінде 100-ден астам балықтың түрі кездеседі. Оның ішінде ең бағалысы бекіре тұқымдастары, халық арасында «қызыл балық» деп аталады. Олар қара уылдырығымен аты әлемге әйгілі. Солардың ішінде бекіре, қорытпа, шоқыр, сияқты түрлері уылдырықтарын шашар кезде өзендерге кетеді. Сонымен қатар кейбір балықтардың түрлері көрсетілген: теңіз жылан балығы, бұзаубас балықтардың түрлері, кефаль, тебенбалық, майшабақ.

Балықтарды, теңіздің био-геологиясын ең алғаш зерттеген ғалымдардың қатарынан:

- Паллас Петр Симон /1741-1811/

- Лепехин Иван Иванович /1740-1802/

- Кесслер Карл Федорович /1815-1881/

- Бэр Карл Максимович /1792-1876/ 

 Олар теңіздің кәсіптік балықтарын зерттеумен айналысқан.Соның ішінде бекіре тұқымдасының биологиясын зерттеген.Балық аулаудың ережесін жасап берген.

Бекіре-аузы кіші,тұмсығы сүйір,дене тұрқы 2 метрге,салмағы 12-24 кг,кейде  80 кг-ға дейін баратын көшпелі балық.Ол уылдырықтарын апрель-май айларында өзендерге шашады.

Шоқыр-тұмсығы семсер тәрізді,дене тұрқы 1,7-2 метр,салмағы 30-70 кг жететін балық.Ол су түптерінде мекендейді және 30 жылдай өмір сүреді.

Қорытпа- өзінің ірілігімен,бағалы уылдырығымен көзге түседі.1922 жылы Астрахань өңірінен салмағы 1230 кг,ұзындығы 4-5 метрге жететін қорытпа ұсталған.Ал қазіргі таңда балықтардың кәсіптік салмағы 100-120 кг-ға жетеді.Бекіре 10-12 жасында,қорытпа 17-20 жасында уылдырық шашады. Бұлардан басқа Каспийде көксерке,ақмарқа,шабақтар,бұзаубас балықтар және теңіз шаяндары мекендейді.

Маңғыстаудың саздары, әндері мен күйлері әрқашанда өзінің қайталанбастығымен және көркемдігімен ерекшеленген. Халықтың әнші-композиторлары, ұлы ақын-жыраулар мен көптеген басқа да ұлттық рухтың данышпандары арттарына өте бай мұра қалдырды. Бұл мәдени дәстүрлер біздің талантты замандастарымыздың шығармашылығында да өз жалғасын табуда.

“Жеті қайқысы” — 19 ғасырдың екінші жартысы мен 20 ғасырдың бас кезінде Маңқыстау түбегінде өмір сүрген халық өнерпаздары, сал-серілер. Олар: Өскенбай (күйші-домбырашы, әнші әрі жыршы), Тұрсын (әнші әрі күйші-домбырашы), Әділ (әнші әрі жыршы), Досат, Жылгелді, Тәстемір және Шолтаман (бәрі де әнші болған). Осы жеті өнерпаз жұбын жазбай бірге жүріп, Маңқыстау, Хиуа мен Хорезм аймағын, Жем мен Жайық бойын аралап, өнер көрсеткен.

Ешкімге бас имей, өздерін тәкаппар (қайқайып) ұстағандықтан ел ішінде “адайдың жеті қайқысы” атанып кеткен. Бұлардың ішінде Өскенбай шығармалары көбірек сақталған. Сонымен қатар Әділдің екі-үш әннен тұратын бір циклді “Жайма қоңыр” атты музыкалық шығармасы, Досаттың “Досат”, Жылгелдінің “Құнан нар”, Тәстемірдің “Маңқыстау”, Тұрсынның “Оймауыт”, Шолтаманның “Дәлейлім” (“Тал кеме”) дейтін әндері халық арасына кең тараған. “Адайдың жеті қайқысы” әндерін біздің заманымызға Қ. Қонаршиев, И. Жұмабаев, Қ. Қалмағанбетов, Қ. Нұраханов сынды әншілер жеткізген. Кезінде “Адайдың жеті қайқысының” орындауында “Досат”, “Құнан нар” және “Оймауыт” әнін А.В. Затаевич нотаға түсіріп, “Қазақ халқының 1000 әні” (Орынбор, 1925) жинағында жариялаған. 

 



Қашаған Күржіманұлы 1841 жылы қазіргі Түркімен Республикасының Ташауыз облысы Мырзабасы ауылында туып, 1929 жылы Маңғыстау түбігендігі Қырықкез деген жерде қайтыс болған. Ол өзі жастайынан жетімдікті көп көрген. Ақынның жырлары ел ішіне ауызша тараған. Қашаған Маңғыстау, Хорезм аймағы, Еділ, Жайық, Жем, Сағызелді мекендерде болып; Ақтан, Мұрат, Бала Ораз, Қоспақ, Құрманғазы, Нұрым, Өмір, Ығылман ақын-күйшілермен кездесті. Қашаған өз өлеңдерінде надан, дінбұзар, дүмше молдалар мен сараң байларды аяуысыз әшкерелеп («Есқали сұпыға айтқаны», «Оразалыға» ), адамгершілік, ізгелік қасиеттерді («Берекет ақынға», «Сақыпқа айтқаны» ), дәріптейді, елдік пен ерлікті, халық мұратын («Ізім шайырмен айтысы», «Ізбасқа айтқаны») жырлайды. «Атамекен», «Топан», «Адай тегі», «Әзірет Ғали» дастандарында халықтың көне шежіресі мен тарихын, Атырау өңіріне үлкен қасірет әкелген табиғат апатын толғайды. Қашаған заман сырын сезіне алды, халық келешегіне сенді, әйел-ананың қоғамдағы рөлін түсінді, дүниенің мәңгі дамуда екенін, уақыттың өтпелілігін ұғына білді. Ол халық тарихын, дін-шариғат қағидаларын мол білген. Сүгір Бегендікұлы (1894-1974) (күйші Сүгірмен шатыстырмаңыз). Маңғыстау топырағында дүниеге келген белгілі ақын-жыраулардың бірі Сүгір Бегендікұлы өресіне табиғат берген өнер дарынын халыққа сыйлап, оның ыстық ықыласы мен құрметіне бөленген, бар парасатты ғұмырына еліне қызмет етумен өткізген асыл перзенті.
Сүгір Жырау 1894 жылы Маңғыстауда Өгіз-Өреуіл деген жерде дүниеге келген. Сүгір Адайдың Мұңалы, оның ішінде Жаулыдан таралатын Ескелді ауылының перзенті. Әкесі Бегендік ескіше оқыған сауатты, діндар адам болған. Сүгірдің өз айтуы бойынша, әкесі екі рет Меккеге барып “Қажы” атанған кісі. Бейіті Шопан ата зиратына қойылған. Сүгірдің ауылдары қыста Аққуыс-Шөшік, Ақпан, Ажырықтыой, Қызылсу, Сенек-Сұмсасы, Аққұдық өңірлерін қыстап, жазда Үстіртте Ұзын, Уәлі, Дүңгірлек, Дауысты, Жүзадын шыңыраулары маңын, Жем бойын жайлаған. Сүгір жасында Саздыдағы Бәли Нұрнияз ақынның мектебінде білім алған. Жас кезінен-ақ өнерге жаны құмар болып өскен ол домбыра тартып, жыр үйреніп айтып, жиын-тойларда жиі-жиі көрініп, елге танымалы бола бастаған. 16 жасынан бастап халық ауызына ілініп, өнері бағалана бастаған Сүгірді, үлкен-үлкен жиын-мерекелерге шақырып ән салдырып, жыр айтыратын болған. Ол “Қарасай Қарлы”,”Едіге”,тағы басқа жыр-дастандарды жырлап айтуға машықтанады, өзі де өлең шығарумен айналасады.
Мұрын жырау — Тілеген Сеңгірбекұлы (1859 - 1954 ж.) жырау. Қашаған жырау мен Нұрым жыраудың шәкірті, аталмыш жыраулардан Қырымның қырық батыры эпопеясын үйреніп, біздің заманымызға дейін жетіп, қағаз бетіне түсуіне септігін тигізген қайраткер. ХХ ғ. қазақ ауыз әдебиетінің ең жарқын өкілдерінің бірі.
Абыл (шын аты – Абылай) Тарақұлы (1820, Оймауыт-Желтау мекені – 1892, сонда) – күйші, Маңғыстау домбырашылық мектебінің негізін салушы. Бала кезінде еркелетіп Абыл атанған; жастайынан ән мен күйді серік етіп, Боғда, Қошқар сынды күйшілерді өзіне ұстаз тұтқан. Олардың күйлерін үйреніп қана қоймай, бертін келе өзі де күй шығарып, орындаушылық-күйшілік өнерімен танылған. Абылдың «Абыл», «Ақжелең» (А. нұсқасы), «Нар ату», «Ақсақ құлан», «Кеңес», «Аранжанның шалқымасы» аталатын күйлері сақталған. Стильдік жағынан оған шалқыма пошымы, нәзік қайырымдар, күрделі үндестік тән. Абыл Қазақстанның батыс аймағын, Түрікменстан, Қарақалпақстан, Хиуа аумағын аралап, сан рет күйшілер өнерінің сайысына түскен. Есбай (Тазбала), Алтынай, Сәулебай, Өскенбай, Арал, Құлшар, Қауен, Есір, т.б. күйшілер өздерін Абылдың шәкірті санаған әрі оның күйшілік өнерін, орындаушылық дәстүрін жалғастырып, кейінгі ұрпаққа жеткізген.



 Маңғыстау өлкесінде ерте кезден-ақ ел өміріндегі елеулі оқиғаларға байланысты туған аңыз-әңгімелер мен батырлық жырлар молынан сақталып, осы заманға ...

Жаңалыққа өту  

1.Ер Қосай Құдайекеұлы  ((1507 – 1594) -Қазақ хандығыда митүскен кезеңде өмір сүріп, қазақ ұлты мен мемлекеттігін нығайтуға үлес қосқан ірі тарихи ...

Жаңалыққа өту  

  Маңғыстау облысы — Қазақстанның оңтүстік-батысында орналасқан облыс, бұрын Маңғышлақ деп аталған. Каспий теңізінен шығысқа қарай Маңғышлақ ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу