РусскийҚазақша             RSS Twitter Facebook
Бүгінгі таңда облыстық кітапхананың кітап қорында 400 мыңнан астам кітап және 1 миллионға жуық мерзімді басылымдар бар
Телефон:   +7 7292 51 46 24 Толық байланыс мәліметтері

«Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» І жартыжылдық кітап көрмесі:

Өнер бөлімінде 2019 жылдың І жартыжылдық кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Көрмеде:               

ҚР мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткері, (тенор), Қазақ КСР халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 110 жыл.

*  Қазақтың әйгілі актері, режиссер, КСРО халық әртісі Шакен Аймановтың туғанына 105 жыл.

* Қазақтың әйгілі халық ақыны, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кенен Әзірбаевтың туғанына135 жыл.

* Күйші, журналист Сержан Шәкіраттың туғанына 80 жас.

* Неміс композиторы,  дирижер, педагог Ф. Мендельсоннің туғанына 210 жыл толуына орай кітаптары мен газет-журналдар қойылды.

Жарияланған күні: 08-01-2019  
Оқылған саны: 3772



Әйелдер клубы - кітапханада

iconiconicon

Әртүрлі оқырман топтарының рухани қажеттіліктері мен сұраныстары кітапханалар үшін аса маңызды. Осы бағытта бос уақытты өткізу үрдісінде оқырмандардың рухани қажеттіліктерін қанағаттандырып, олардың шығармашылық қабілетін жүзеге асыруды мақсат ететін қызығушылық клубтарының орны ерекше. 
Клуб - кітап пен шығармашылықтың тоғысуы.

Жарияланған күні: 18-06-2019  
Оқылған саны: 135

Біздің кітап фримаркеті - қаламыздың кафелерінен орын алды.

iconiconicon

Фримаркет – бұл оқыған кітаптарды басқа да оқығысы келген кітаптарға айырбастау орны. 

Енді COFFEESHOP COMPANY, Іstanbul кафелерінде де сол қызметті пайдалана аласыз. 


Жарияланған күні: 13-06-2019  
Оқылған саны: 381

Абай мен Янка Купала

iconicon

Орыс халқы Пушкинді, украиндар Шевченконы, қазақ елі алдына Абайды, сол сияқты белорус халқы Янка Купаланы ерекше құрмет тұтады.  Кітапханамызда  ұлы Абай мен белорус ақыны Янка Купала поэзиясына арналған шара өтті.


Автор: Библиотека
Жарияланған күні: 11-06-2019  
Оқылған саны: 400

31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

iconicon

31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.  30 мамыр  кітапханамызда Зияда Изжановтың "Тобанияз" және "Аласапыран" кітаптарының тұсауы кесілді. 


Жарияланған күні: 11-06-2019  
Оқылған саны: 400

Бронислав Залесский "Қазақ сахарасына саяхат"

iconiconicon

Поляк суретшісі Бронислав Залесскийдің "Қазақ сахарасына саяхат" кітабында XIX ғасырдың орта тұсындағы қазақтардың әлеуеттік - экономикалық жағдайы мен тұрмыс - тіршілігін, этнографиясын, сондай-ақ кең - байтақ өлкенің жері мен табиғи ерекшелігін сөзбен шынайы сипаттаған. Осы кітап бойынша оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында оқырмандар конференция өтті.


Жарияланған күні: 30-04-2019  
Оқылған саны: 583

Визит кеш.

iconiconicon

24 сәуір күні кітапханамызда "Маңғыстау дүлдүлдері"  атты кездесу кеш өтті. Кештін құрметті қонақтары: Қазақстанға Еңбегі сіңген қызметкер, Құрмаңғазы атындағы консерваторияның құрметті профессоры, күйші Сержан Шәкірат, Маңғыстау күйлерін насихаттап нотаға түсіріп, халыққа таратушы ұстаз, домбырашы Айтберген Жаңбыршы, журналист, 
Жарияланған күні: 25-04-2019  
Оқылған саны: 863

Бүкіләлемдік кітап күніне орай

iconiconicon

19 сәуір күні теңіз жағалауында 23 сәуір - Бүкіләлемдік кітап күніне орай "Book Хэппенинг" өтті. Шараның мақсаты: Көпшіліктің назарын оқуға, кітапқа аудару.


Жарияланған күні: 19-04-2019  
Оқылған саны: 819

Қаныш Сәтбаев. 120 жылдығына арналған кеш.

iconicon

Қазақ ғылымына ерен еңбегі сіңген Қаныш Имантайұлының Маңғыстауға да сіңірген еңбегі көп. Кітапханамызда  оқырмандарға қызмет көрсету  бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  еске алу кеші өтті. Шараға техника ғылымдарының кандидаты "Жер қойнауын барлау ісінің үздігі", геолог Өскінбаев Қуаныш Рахымұлы, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Жер қойнауын барлаудың
Жарияланған күні: 18-04-2019  
Оқылған саны: 809

Ақын Айсырға Қилыбаеваны еске алу кеші.

iconiconicon

18 сәуір күні кітапханамызда  жасөспірім  бөлімінің ұйымдастыруымен қоғам қайраткері Сайын Шапағатов құрған "Парасат" қозғалысының белді мүшесі, ақын Айсырға Қилыбаеваны еске алуға арналған шара өтті. Шараға ақынның замандастары, көз көрген сыйлас апа-сіңлілері, туысқандары, отбасы, Түпқараған ауданынан Айкүміс апай, денсаулық сақтау ісінің үздігі Сүлеймен
Жарияланған күні: 18-04-2019  
Оқылған саны: 906

Балалар кітабы апталығы

iconiconicon

Апталықтың соңғы күнінде №9 мектептің 1 "а" сынып оқушыларына "Кітап әлеміне саяхат", викториналық ойын, мақал - мәтелдер сайысы өткізілді. Жарияланған күні: 10-04-2019  
Оқылған саны: 999

Ауызша журнал

iconiconicon

Кітапханамыздың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Ұлы даланың дара тұлғалары» бағытымен үш бөлімнен тұратын ауызша журнал ұйымдастырылып, колледж студенттеріне таныстырылды.


Жарияланған күні: 07-04-2019  
Оқылған саны: 1200

"Қазақстан - алма мен қызғалдақтың отаны!" атты сурет салу сайысы.

iconiconicon

Кітапханамыздың балалар бөлімінде "ҚАЗАҚСТАН - АЛМА МЕН ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ ОТАНЫ" атты сурет салу сайысы ұйымдастырылды.
Сайысқа қаламыздағы "Қайнар", " Балдәурен " аула клубы оқушылары қатысты.
Әділқазылар шешімімен
Жарияланған күні: 04-04-2019  
Оқылған саны: 884

"Бір ел-бір кітап" - 2019

iconiconicon

 Бүгін  кітапханамызда Республикалық "Бір ел - бір кітап" 2019 акциясы аясында  Әбіш Кекілбайұлының "Аңыздың ақыры" романы бойынша талқылау өтті.  


Жарияланған күні: 03-04-2019  
Оқылған саны: 1015

2 СӘУІР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР КІТАБЫ КҮНІ

iconiconicon

Кітапханамыздың  балалар бөлімінде 2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы күніне орай апталықтың ашылуы салтанаты өтті. Кешке қаламыздағы 9,12,15 орта мектептерінің бастауыш сынып оқушылары қатысып өз өнерлерін тамашалатты. 12 мектеп оқушылары кітап туралы өлеңдерін оқыса, 15 мектептің 5 сынып оқушылары Танаш Дәуренбековтің "Кітаптар мұңы" атты әңгімесінен көрініс көрсетті. 9 орта мектептің 4
Жарияланған күні: 03-04-2019  
Оқылған саны: 1195

28 наурыз - Ұлттық домбыраны ұлықтау, насихаттау күні.

iconiconicon

28 наурыз - Ұлттық домбыраны ұлықтау, насихаттау күні қарсыңында кітапханамызда "Ұлттын үні - домбыра" атты сазды кеш өтті. Кітапхана оқырмандары мен кеш қатысушылары Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармония күйшілердің орындауында дәстүрлі күйден рухани азық алып, өнерпаздарға ыстық ықыласын білдірді 


Жарияланған күні: 28-03-2019  
Оқылған саны: 1025

Ұлттық өнер күні қарсаңында

iconiconicon

24,25 наурыз - Ұлттық өнер күніне орай кітапханамызда кітап көрме ұйымдастырылды. 


Жарияланған күні: 28-03-2019  
Оқылған саны: 1047

"Наурыз - нұрлы жыл басы"

iconiconicon

 12 наурыз күні кітапханамыздың балалар бөлімінде "НАУРЫЗ - ДУМАН" атты әдеби сазды кеш ұйымдастырылды. Шараға қаламыздағы №21 және it мектеп - лицейі оқушылары, Мұнайлы аудандық №14 мектептің 3 сынып оқушылары қатысып өз өнерлерін тамашалатты.
Жарияланған күні: 13-03-2019  
Оқылған саны: 962

Халық перзенті Әмина Өмірзақова.

iconiconicon

Өнердің адал перзенті Әмина Өмірзақованың туғанына биыл 100 жыл толды. Той әлемдік деңгейде тойланады деп күтілуде. Бүгін  кітапханамыздың өнер бөлімінің қызметкерлері жастарға актрисаның өмір жолын кеңінен таныстырды. 


Жарияланған күні: 13-03-2019  
Оқылған саны: 1105

11 наурыз - Ұлттық кітап күні!

iconiconicon

11 наурыз - Ұлттық кітап күні! Осыған орай кітапханамыздың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залдың қызметкерлері  Ұлттық Ұлан сарбаздарымен бірлесіп шара ұйымдастырды. 


Жарияланған күні: 13-03-2019  
Оқылған саны: 912

"Өлең, мен сені аялап өтем". Фариза Оңғарсынова

iconiconicon

6 наурыз күні  кітапханамызда Мұрын жырау атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі, "Болашақ" және «Меридиан» колледжі студенттерімен жыр кеші өтті. Фариза Оңғарсынованың  жырларын сүйіп оқитын, өздері де ақын поэзиясынан қуат алып, жыр жазып жүрген жастар да баршылық екен. Кешке гуманитарлық колледж студенттері (ұстазы Гүлзира Жақаева) белсенділікпен
Жарияланған күні: 06-03-2019  
Оқылған саны: 1119

Ұлыстың ұлы күніне арналған.

iconiconicon

5 наурыз күні  кітапханамыздың  жасөспірімдер бөлімі мен Сағи Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ұлыстың ұлы күніне онлайн шара ұйымдастырды. Маңғыстау облыстық кітапханасы «сырға салу» мен жас келіннің сәлем салу дәстүрінен көрініс көрсетсе, Ақтөбе жасөспірімдер кітапханасы «бесікке салу» дәстүрін көрсетті. Ақтөбелік
Жарияланған күні: 06-03-2019  
Оқылған саны: 1506

"Сүйемін туған тілді - анам тілін..."

iconiconicon

21- ақпан Ана тілі күні мерекесіне орай кітапханамыздың оқырмандарға қызмет көрсету  бөлімінің ұйымдастыруымен интеллектуалдық ойын сабақ өтті.  Мерекелік шарада тіл туралы ақындардың өлеңдері оқылып, күй тартылып, би биленді. Барлық қатысушыларға рахмет! 


Жарияланған күні: 21-02-2019  
Оқылған саны: 1279

Дарынды хореограф. Серік Сариев.

iconiconicon

Кітапханамызда өнер бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстанға танымал ұжым «Жорға» би ансамблінің жетекшісі,  дарынды хореограф Серік Сариевпен жастардың кездесуі өтті.  Кештің екінші бөлімінде С. Сариев Маңғыстау өнер колледжі студенттеріне шеберлік сабағын өткізді. 


Жарияланған күні: 20-02-2019  
Оқылған саны: 1263

Жаңа кітаптар таныстырылды.

iconiconicon

Мектеп оқушылары - кітапханада.


Жарияланған күні: 14-02-2019  
Оқылған саны: 1385