РусскийҚазақша             RSS Twitter Facebook
Бүгінгі таңда облыстық кітапхананың кітап қорында 400 мыңнан астам кітап және 1 миллионға жуық мерзімді басылымдар бар
Телефон:   +7 7292 51 46 24 Толық байланыс мәліметтері

Поэзия кеші. Мұқағали Мақатаев.

Кітапханамыздың  жасөспірімдер бөлімінде қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған поэзия кеші өтті. 

Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы “Советтік шекара” газетінде жарияланды (1949). “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері “Жастық жыры” атты жинаққа енді (1951). Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: “Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген еді (“Қазақ әдебиеті”, 18.3.1960).            Шығармалары мен аудармалары:

Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 ж.), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 ж.), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген Мұқағали Дантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін (1971 ж.), Шекспирдің “Сонеттерін” (1970 ж.), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 ж.) қазақ тіліне аударды.

Ақынның көзі тірісінде 3 аударма кітабы [У.Уитмен, “Шөп жапырақтары” (1969); У.Шекспир, “Сонеттер” (1970); Д.Алигерьи, “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” бөлімі (1971)], 8 жыр жинағы [“Ильич” (1964), “Армысыңдар, достар” (1966), “Қарлығашым, келдің бе?” (1968), “Мавр” (1970), “Дариға-жүрек” (1972), “Аққулар ұйықтағанда” (1974), “Шуағым менің” (1975), “Өмірдастан” (1976)] жарық көрді. У.Уитмен, У.Шекспир, Н.Тихонов, Р.Бернс, Ф.Ансари, А.Акопян, А.Исаакян, Е.Евтушенко, Ф.Моргуннің бірнеше өлеңдерін аударды. Ю.А. Александров, М.М. Курганцев тәржімалаған ақын өлеңдері “Зов души” деген атпен орыс тілінде басылып шықты.

Поэмалары:                                                                                                                                  Мұқағалидің “Ильич”, “Ақ қайың әні”, “Ару-ана”, “Мавр”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Қырандастар, қош болыңдар”, “Чили-шуағым менің”, “Шекарада”, “Большевиктер”, “Өмірдастан”, “Арман”, “Шолпан”, “Досыма хат”, “Алтай-Атырау”, “Отаным, саған айтам”, “Райымбек! Райымбек!”, “Қашқын”, “Жер үстінен репортаж”, “Моцарт. Жан азасы” атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирикалық өлеңдерінде адам өмірінің мәні, әсемдік пен сұлулық, тазалық, ерлік, елдік, туған жер турасында терең толғаған. Ақын өмірінің соңғы кезеңінде жазған “Моцарт. Жан азасы” реквиемі пәлсапалық мазмұны, психологиялық тіні өзгеше туынды. “Табыт үні”, “Халық үні”, “Жесірлер үні”, “Бесік жыры” аталатын 4 бөлімді туындының әрбір бөлімінде бірде табыт, бірде жесір-Ана, бірде Жер-Бесік атынан Өмір мен өлім туралы философиялық пайымдаулар айтылған. Ақын Моцарт тағдырын тілге тиек ете отырып, өмір туралы өз жанының оптимистік рухын, әрбір адамның жан түкпіріндегі арман-әнін жеткізеді. Ақын қай тақырыпта жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады, ол туралы: “Мен жырламаймын, Сырласамын. Сыры бір замандаспен мұңдасамын. Көгендеп жыр қосағын, Келмейді жыр жасағым” немесе “Тіпті де мен емес-ті “Мен” дегенім... Өзгенің жаны-сырын ұғу үшін, Өзімді зерттегенді жөн көремін” дейді. Мұқағали шығармашылығының тіні “өзін-өзі” зерттеуден тұрады. Мұқағалидің медитативті лирикасындағы лирик. Мен — өзін-өзі іздеген, өмір мен өлім, адам мен қоғам, ғаламнан үйлесімділік іздеп шарқ ұрған, толассыз ізденістегі пәлсапашыл Мен. Мұқағалидің шығармаларында философиялық тереңдік, адамның психологиялық жан күйзелісін суреттеу, медитация басым. “Өмірдастан” атты топтамалы толғауында жесір жеңге (Дариға) образы арқылы тылдағы халық өмірі мен адамдық, азаматтық, адалдық, ар-намыс, рух пен нәпсі арасындағы толассыз күрес психол. шиеленіс арқылы шебер жеткізілген. Мұқағалидің шеберлігі өзі өмірден көрген-білгенін көңіл елегінен өткізе терең жеткізуінде. Имандылық,ислам діні турасында “Я, Жаратушы Аллам”, “Сатқан емен”, “Дін-ғылымның анасы”, “Я, Алла”, “Бүкіл дүние мұсылмандарына хат”, “Адам қайдан жаралған”, “Жүрек арызы”, “Күн батты, міне, кеш кірді”, “Не керек, осы, адамға”, т.б. өлеңдер жазды. “Сатқан емен, сатпайтын дінімді мен”, “Мұхаммедтің үмбеті-мұсылманмын”, “Сайтанның да, күнәсіз періштенің, Бал мен уын талғамай неге ішкенмін. Періштенің қайғысын бөліспедім, Сайтанменен болса да келіспедім” секілді жыр жолдарында адам табиғатына сай тартыс, пенденің жан тылсымындағы жұмбақ қақтығыстар көрініс тапқан. Ол әсіресе тауды, қазақ ауылын көп жырлайды (“Тауда өстім”, “Тау бір аңыз”, т.б.). “Өлмесін деп берген ғой тауды маған, Мен күңіренсем, күрсініп тау жылаған”. Ол қазақ өлеңін мазмұн, пішін жағынан түрлентті. “Қазақтың қара өлеңі құдіретім, онда бір сұмдық сыр бар естілмеген” дейді ақын. Мұқағали дәстүршіл ақын, ол өлеңге интонация, инверсия, мазмұн тұрғысынан жаңалық енгізді. Мұқағалидің поэзиясы ұлттық характерімен, мінезімен ерекшеленеді: “Су сұрасам, сүт берген, айран берген, Қартайып қалыпсың-ау, қайран жеңгем”. Ақын өлеңге ерекше кие деп қарап, Музаға табынған: “О, Муза, маған алыс сөреңді бер, ұайыптан кел де, мені демеп жібер”. Мұқағали адам жанының диалектикасына терең бойлап, оның болмысын шынайы бедерлейді (“Жапырақ жүрек-жас қайың”). Ол “Нағыз ақын алдымен ойшыл, философ болуы қажет. Поэзияда философ болу өзін қоршаған әлемді ұғыну, әр заттың мәнін білу, ақырына дейін “адам жанының инженері болып қалу” дегенді ұстанды (Күнделік, 10.2.1976). Ақынның шеберлігі өмірден өзін, өзінен өмірді көре білуінде. “Бүкіл менің жазғаным — бар-жоғы бір ғана бүтін поэма. Адамның өмірі мен өлімі, қасіреті мен қуанышы туралы поэма” дейді ақын. Мұқағалидің адамзат ғұмыры мен әлем сырын жыр еткен лирикасы қазақ әдебиетіне қомақты мұра боп енді. Мұқағали поэзия жанрында ғана емес, проза, драма, сын саласында да қалам тартты. Қаламгердің “Қош, махаббат” жинағына (1988) әр жылдары жазылған “Құлпытас”, “Марусяның тауы”, “Өзгермепті”, “Әже”, әңгімелері, “Қос қарлығаш”, “Жыл құстары” повестері мен “Қош, махаббат” пьесасы, бірнеше сыни еңбектері енген. “Рух және сезім” , “Сезім найзағайы”, “1969 жылғы қазақ поэзиясы“ атты әдеби сын еңбектерінде О.Сүлейменов, М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Ж.Нәжімеденов, С.Мәуленов, т.б. шығармаларына талдау жасап, өнер, поэзия туралы ой толғайды. 


Жарияланған күні: 13-02-2019  
Оқылған саны: 1778



Әйелдер клубы - кітапханада

iconiconicon

Әртүрлі оқырман топтарының рухани қажеттіліктері мен сұраныстары кітапханалар үшін аса маңызды. Осы бағытта бос уақытты өткізу үрдісінде оқырмандардың рухани қажеттіліктерін қанағаттандырып, олардың шығармашылық қабілетін жүзеге асыруды мақсат ететін қызығушылық клубтарының орны ерекше. 
Клуб - кітап пен шығармашылықтың тоғысуы.

Жарияланған күні: 18-06-2019  
Оқылған саны: 135

Біздің кітап фримаркеті - қаламыздың кафелерінен орын алды.

iconiconicon

Фримаркет – бұл оқыған кітаптарды басқа да оқығысы келген кітаптарға айырбастау орны. 

Енді COFFEESHOP COMPANY, Іstanbul кафелерінде де сол қызметті пайдалана аласыз. 


Жарияланған күні: 13-06-2019  
Оқылған саны: 380

Абай мен Янка Купала

iconicon

Орыс халқы Пушкинді, украиндар Шевченконы, қазақ елі алдына Абайды, сол сияқты белорус халқы Янка Купаланы ерекше құрмет тұтады.  Кітапханамызда  ұлы Абай мен белорус ақыны Янка Купала поэзиясына арналған шара өтті.


Автор: Библиотека
Жарияланған күні: 11-06-2019  
Оқылған саны: 400

31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

iconicon

31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.  30 мамыр  кітапханамызда Зияда Изжановтың "Тобанияз" және "Аласапыран" кітаптарының тұсауы кесілді. 


Жарияланған күні: 11-06-2019  
Оқылған саны: 400

Бронислав Залесский "Қазақ сахарасына саяхат"

iconiconicon

Поляк суретшісі Бронислав Залесскийдің "Қазақ сахарасына саяхат" кітабында XIX ғасырдың орта тұсындағы қазақтардың әлеуеттік - экономикалық жағдайы мен тұрмыс - тіршілігін, этнографиясын, сондай-ақ кең - байтақ өлкенің жері мен табиғи ерекшелігін сөзбен шынайы сипаттаған. Осы кітап бойынша оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында оқырмандар конференция өтті.


Жарияланған күні: 30-04-2019  
Оқылған саны: 583

Визит кеш.

iconiconicon

24 сәуір күні кітапханамызда "Маңғыстау дүлдүлдері"  атты кездесу кеш өтті. Кештін құрметті қонақтары: Қазақстанға Еңбегі сіңген қызметкер, Құрмаңғазы атындағы консерваторияның құрметті профессоры, күйші Сержан Шәкірат, Маңғыстау күйлерін насихаттап нотаға түсіріп, халыққа таратушы ұстаз, домбырашы Айтберген Жаңбыршы, журналист, 
Жарияланған күні: 25-04-2019  
Оқылған саны: 862

Бүкіләлемдік кітап күніне орай

iconiconicon

19 сәуір күні теңіз жағалауында 23 сәуір - Бүкіләлемдік кітап күніне орай "Book Хэппенинг" өтті. Шараның мақсаты: Көпшіліктің назарын оқуға, кітапқа аудару.


Жарияланған күні: 19-04-2019  
Оқылған саны: 818

Қаныш Сәтбаев. 120 жылдығына арналған кеш.

iconicon

Қазақ ғылымына ерен еңбегі сіңген Қаныш Имантайұлының Маңғыстауға да сіңірген еңбегі көп. Кітапханамызда  оқырмандарға қызмет көрсету  бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  еске алу кеші өтті. Шараға техника ғылымдарының кандидаты "Жер қойнауын барлау ісінің үздігі", геолог Өскінбаев Қуаныш Рахымұлы, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Жер қойнауын барлаудың
Жарияланған күні: 18-04-2019  
Оқылған саны: 808

Ақын Айсырға Қилыбаеваны еске алу кеші.

iconiconicon

18 сәуір күні кітапханамызда  жасөспірім  бөлімінің ұйымдастыруымен қоғам қайраткері Сайын Шапағатов құрған "Парасат" қозғалысының белді мүшесі, ақын Айсырға Қилыбаеваны еске алуға арналған шара өтті. Шараға ақынның замандастары, көз көрген сыйлас апа-сіңлілері, туысқандары, отбасы, Түпқараған ауданынан Айкүміс апай, денсаулық сақтау ісінің үздігі Сүлеймен
Жарияланған күні: 18-04-2019  
Оқылған саны: 906

Балалар кітабы апталығы

iconiconicon

Апталықтың соңғы күнінде №9 мектептің 1 "а" сынып оқушыларына "Кітап әлеміне саяхат", викториналық ойын, мақал - мәтелдер сайысы өткізілді. Жарияланған күні: 10-04-2019  
Оқылған саны: 998

Ауызша журнал

iconiconicon

Кітапханамыздың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Ұлы даланың дара тұлғалары» бағытымен үш бөлімнен тұратын ауызша журнал ұйымдастырылып, колледж студенттеріне таныстырылды.


Жарияланған күні: 07-04-2019  
Оқылған саны: 1197

"Қазақстан - алма мен қызғалдақтың отаны!" атты сурет салу сайысы.

iconiconicon

Кітапханамыздың балалар бөлімінде "ҚАЗАҚСТАН - АЛМА МЕН ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ ОТАНЫ" атты сурет салу сайысы ұйымдастырылды.
Сайысқа қаламыздағы "Қайнар", " Балдәурен " аула клубы оқушылары қатысты.
Әділқазылар шешімімен
Жарияланған күні: 04-04-2019  
Оқылған саны: 884

"Бір ел-бір кітап" - 2019

iconiconicon

 Бүгін  кітапханамызда Республикалық "Бір ел - бір кітап" 2019 акциясы аясында  Әбіш Кекілбайұлының "Аңыздың ақыры" романы бойынша талқылау өтті.  


Жарияланған күні: 03-04-2019  
Оқылған саны: 1013

2 СӘУІР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР КІТАБЫ КҮНІ

iconiconicon

Кітапханамыздың  балалар бөлімінде 2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы күніне орай апталықтың ашылуы салтанаты өтті. Кешке қаламыздағы 9,12,15 орта мектептерінің бастауыш сынып оқушылары қатысып өз өнерлерін тамашалатты. 12 мектеп оқушылары кітап туралы өлеңдерін оқыса, 15 мектептің 5 сынып оқушылары Танаш Дәуренбековтің "Кітаптар мұңы" атты әңгімесінен көрініс көрсетті. 9 орта мектептің 4
Жарияланған күні: 03-04-2019  
Оқылған саны: 1195

28 наурыз - Ұлттық домбыраны ұлықтау, насихаттау күні.

iconiconicon

28 наурыз - Ұлттық домбыраны ұлықтау, насихаттау күні қарсыңында кітапханамызда "Ұлттын үні - домбыра" атты сазды кеш өтті. Кітапхана оқырмандары мен кеш қатысушылары Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармония күйшілердің орындауында дәстүрлі күйден рухани азық алып, өнерпаздарға ыстық ықыласын білдірді 


Жарияланған күні: 28-03-2019  
Оқылған саны: 1025

Ұлттық өнер күні қарсаңында

iconiconicon

24,25 наурыз - Ұлттық өнер күніне орай кітапханамызда кітап көрме ұйымдастырылды. 


Жарияланған күні: 28-03-2019  
Оқылған саны: 1046

"Наурыз - нұрлы жыл басы"

iconiconicon

 12 наурыз күні кітапханамыздың балалар бөлімінде "НАУРЫЗ - ДУМАН" атты әдеби сазды кеш ұйымдастырылды. Шараға қаламыздағы №21 және it мектеп - лицейі оқушылары, Мұнайлы аудандық №14 мектептің 3 сынып оқушылары қатысып өз өнерлерін тамашалатты.
Жарияланған күні: 13-03-2019  
Оқылған саны: 962

Халық перзенті Әмина Өмірзақова.

iconiconicon

Өнердің адал перзенті Әмина Өмірзақованың туғанына биыл 100 жыл толды. Той әлемдік деңгейде тойланады деп күтілуде. Бүгін  кітапханамыздың өнер бөлімінің қызметкерлері жастарға актрисаның өмір жолын кеңінен таныстырды. 


Жарияланған күні: 13-03-2019  
Оқылған саны: 1104

11 наурыз - Ұлттық кітап күні!

iconiconicon

11 наурыз - Ұлттық кітап күні! Осыған орай кітапханамыздың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залдың қызметкерлері  Ұлттық Ұлан сарбаздарымен бірлесіп шара ұйымдастырды. 


Жарияланған күні: 13-03-2019  
Оқылған саны: 911

"Өлең, мен сені аялап өтем". Фариза Оңғарсынова

iconiconicon

6 наурыз күні  кітапханамызда Мұрын жырау атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі, "Болашақ" және «Меридиан» колледжі студенттерімен жыр кеші өтті. Фариза Оңғарсынованың  жырларын сүйіп оқитын, өздері де ақын поэзиясынан қуат алып, жыр жазып жүрген жастар да баршылық екен. Кешке гуманитарлық колледж студенттері (ұстазы Гүлзира Жақаева) белсенділікпен
Жарияланған күні: 06-03-2019  
Оқылған саны: 1118

Ұлыстың ұлы күніне арналған.

iconiconicon

5 наурыз күні  кітапханамыздың  жасөспірімдер бөлімі мен Сағи Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ұлыстың ұлы күніне онлайн шара ұйымдастырды. Маңғыстау облыстық кітапханасы «сырға салу» мен жас келіннің сәлем салу дәстүрінен көрініс көрсетсе, Ақтөбе жасөспірімдер кітапханасы «бесікке салу» дәстүрін көрсетті. Ақтөбелік
Жарияланған күні: 06-03-2019  
Оқылған саны: 1504

"Сүйемін туған тілді - анам тілін..."

iconiconicon

21- ақпан Ана тілі күні мерекесіне орай кітапханамыздың оқырмандарға қызмет көрсету  бөлімінің ұйымдастыруымен интеллектуалдық ойын сабақ өтті.  Мерекелік шарада тіл туралы ақындардың өлеңдері оқылып, күй тартылып, би биленді. Барлық қатысушыларға рахмет! 


Жарияланған күні: 21-02-2019  
Оқылған саны: 1278

Дарынды хореограф. Серік Сариев.

iconiconicon

Кітапханамызда өнер бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстанға танымал ұжым «Жорға» би ансамблінің жетекшісі,  дарынды хореограф Серік Сариевпен жастардың кездесуі өтті.  Кештің екінші бөлімінде С. Сариев Маңғыстау өнер колледжі студенттеріне шеберлік сабағын өткізді. 


Жарияланған күні: 20-02-2019  
Оқылған саны: 1263

Жаңа кітаптар таныстырылды.

iconiconicon

Мектеп оқушылары - кітапханада.


Жарияланған күні: 14-02-2019  
Оқылған саны: 1384