• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 7 шағын аудан, 32 үй.
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Жаңалықтар

title=

Саттар Ерубаев. Шығармашылығына арналған кітап көрмесі.

Саттар Ерубаев. Шығармашылығына арналған кітап көрмесі.
title=

Саттар Ерубаев. Шығармашылығына арналған кітап көрмесі.

Саттар Ерубаев. Шығармашылығына арналған кітап көрмесі.
title=

Саттар Ерубаев. Шығармашылығына арналған кітап көрмесі.

Саттар Ерубаев. Шығармашылығына арналған кітап көрмесі.

Саттар Ерубаев. Шығармашылығына арналған кітап көрмесі.

30 қаңтар күні абонемент бөлімінің қызметкері Биниязова М.Ө. №9 орта мектебінің жоғары сынып оқушыларды "Жалындаған жастық жыршысы" атты қазақ жазушысы Саттар Асқарұлы Ерубаевтың шығармашылығына арналған кітап көрмесімен таныстырды. 

Шығармашылығы

Қарағанды жұмысшы табының қалыптасуы жайындағы «Үш шахтер туралы баллада», «Меруерт алқа» балладалардың, «Бақыт», «Өмір көркемдігі» новеллалардың авторы. «Менің құрдастарым» романында (1939 жылы жарияланған, 1957 жылы орыс тіліне аударылған) Қазақстанның көмір орталығы Қарағандыны кұрушы жастардың тұрмысы мен еңбегін суреттейді. Қарағандының бір көшесіне Ерубаевтің есімі берілген.

Қазақстан өлкелік партия комитетінің "Қарағанды полетариаты" газетінің жауапты редакторының орынбасары болып істейді. Қаламы ұшқыр, пікірі таза, дарынды қаламгер Ерубаев сол кезде Қазақстан Жазушылар одағының бірінші сьезіне қатысып, одақ мүшелігіне алғаш қабылданғандардың бірі болды.

Әдебиеттегі орны

Ерубаев әдеби ортаға тұлпар шабыспен екпіндеп, жарқырап кірді. Ол астанадағы зиялы қауымды жан-жақты біліммен, журналистика саласындағы білікті ізденістермен әдебиеттегі жаңашыл сыни ой-пікірмен, жаңаша жазылған өлең, баллада, пародиялырымен елең еткізді. С.Ерубаев 1934 жылы Қарағандыға, қайнаған еңбек ортасына келгеніне қатты қуанған. Сол тұста жазған бір күнделігінде Саттар: "Мен Қарағандыға ризамын, ол мені жазушы етіп шығаратын болды!" депті. Қарағанды оны жазушы етіп шығарды. Саттар әдебиет сүйер қауымға мәлім "Менің құрдастарым" романын дәл осы кезде жаза бастаған еді. Бұл роман қазақ жұмысшы табының қалыптаса бастау тарихынан, 30-жылдарғы Қарағанды сынды ірі өнеркәсіп ошағының тыныс-тіршілігінен сыр шерткен, алғашқы ұлттық техникалық интеллигенция өкілдерінің бейнелерін сомдаған туынды. Қарағандыда болған кезінде С.Ерубаев басқа да көптеген новеллалар, балладалар, өлеңдер, очерктер, сын мақалалар жазады. Оның қаламынан "Бақыт", "Мәңгілік өмір", "Өмір көркемдігі", "Келесі соғыс туралы" новеллалары, "Өмір туралы рапорт", "Үш шахтер туралы баллада", "Меруерт алқа" тәрізді балладалары, алуан өлеңдері мен сын мақалалары, очерктері мен эпиграммалары өзіндік өзгеше үнімен, жүрек жарды лебімен, мөлдір сыршылдығымен. Қалтқысыз шыншылдығымен қазір де қайран қалдырады. Аяқталмаған "Менің құрдастарым" романы бүгінгі күні де халқымыз сүйіп оқитын жаңашыл мәңгі жас шығарма. Саттар шығармаларынан рухани нәр ғана емес, Саттардың өзі жайында да көп мағұлмат табуға болады. Жарық жұлдыздай жарқырай ағып өткен қас-қағым тіршілігінде ол өзін халқының адал перзенті ретінде көрсетті. Артына көлемі шағын болса да салмақты, құнды әдеби мұра қалдырды. Оның қазақ кеңес әдебиетінде бірінші болып игерген жаңа жанрдағы шығармалары – балладалары, новеллалары, пародиялары мен эпиграммалары қазіргі әдебиеттің алтын қорына енді. Ерубаев Жанғожинмен бірігіп мектеп оқушыларына арналған қазақ әдебиеті хрестоматиясын құрастырды. Сонымен қоса аудармашылықпен де шұғылданған. Ол К.Чуковскийдің, Ю.Березиннің, А.Суриковтың, И.Эренбургтің кейбір шығармаларын қазақ тіліне аударған. 1966 жылы Саттар Ерубаевқа Қазақстан Ленин комсомолы атындағы сыйлық берілді. Түркістан қаласында Саттар мұражайы бар. Қарағандыда Саттар Ерубаевтың аты мектепке, үлкен көшелердің біріне берілді.



Бүгін кітапханамызда "Мен астамен бірге өсемін!" атты фото сайысының қорытынды шара өтті. Шараға "Оқушы Орталыгы" КММ балалар шығармашылық клубтардың ...

Жаңалыққа өту  

Әртүрлі оқырман топтарының рухани қажеттіліктері мен сұраныстары кітапханалар үшін аса маңызды. Осы бағытта бос уақытты өткізу үрдісінде ...

Жаңалыққа өту  

Фримаркет – бұл оқыған кітаптарды басқа да оқығысы келген кітаптарға айырбастау орны.  Енді COFFEESHOP COMPANY, Іstanbul кафелерінде де сол қызметті ...

Жаңалыққа өту  

Орыс халқы Пушкинді, украиндар Шевченконы, қазақ елі алдына Абайды, сол сияқты белорус халқы Янка Купаланы ерекше құрмет тұтады.  Кітапханамызда  ұлы ...

Жаңалыққа өту  

31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.  30 мамыр  кітапханамызда Зияда Изжановтың "Тобанияз" және "Аласапыран" кітаптарының тұсауы ...

Жаңалыққа өту  

Поляк суретшісі Бронислав Залесскийдің "Қазақ сахарасына саяхат" кітабында XIX ғасырдың орта тұсындағы қазақтардың әлеуеттік - экономикалық жағдайы ...

Жаңалыққа өту  

24 сәуір күні кітапханамызда "Маңғыстау дүлдүлдері"  атты кездесу кеш өтті. Кештін құрметті қонақтары: Қазақстанға Еңбегі сіңген қызметкер, ...

Жаңалыққа өту  

19 сәуір күні теңіз жағалауында 23 сәуір - Бүкіләлемдік кітап күніне орай "Book Хэппенинг" өтті. Шараның мақсаты: Көпшіліктің назарын оқуға, кітапқа ...

Жаңалыққа өту  

Қазақ ғылымына ерен еңбегі сіңген Қаныш Имантайұлының Маңғыстауға да сіңірген еңбегі көп. Кітапханамызда  оқырмандарға қызмет көрсету  бөлімі ...

Жаңалыққа өту  

18 сәуір күні кітапханамызда  жасөспірім  бөлімінің ұйымдастыруымен қоғам қайраткері Сайын Шапағатов құрған "Парасат" қозғалысының белді мүшесі, ақын ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 51 46 24

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу