«Қайран елім, қазағым қайран жұртым». Абай Құнанбайұлының 175 мерейтойына арналған кеші.
Біздің Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапханасының Өнер бөлімінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы қарсаңында «Қайран елім, қазағым қайран жұртым» атты диско-лекция өтті.
Біздің көрермендеріміз Ақтау қаласының Теңіз университетінің студенттері болды және олардың ішінде атап айтсақ, Сетенова Гуляш өзінің Абайға арнауын оқыды, Дәлибаев Асхат Абайдың өлеңін көпшілікке жеткізді, ал Теңілбаев Ержан Абайдың 31-ші қара сөзін оқыды.
Диско-лекция болғандықтан Филармонияның дәстүрлі әншілері Масжанов Сержан,Толқынхан Екпін Абайдың әніндерін орындады, олардың кең дауысты екпіні, шіркін залды тербеп кетті. Қаламыздың Өнер колледжінің студенті Мүсіреп Исмайыл Абайдың «Май түні» атты күйін тартты.
Экраннан Абайдың образы өрнектелген фильмнен үзінді көрсетілді.
Абайдың өнеріне түсінік беріліп, оның күйінің, әнінің, өлеңінің шығу тарихы баяндалып, музыкалық түрде тыңдарманға жетті.
Райхан Нағашыбаева
18-наурыз күні ақын, ғалым-зерттеуші Қабиболла Сыдиықұлының туған күніне орай облыстық кітапханасының өлкетану залында колледж, университет ...
ХХ ғасырдағы қазақ музыка мәдениетінің ерен құбылысы, «Бүгінгінің Мұхиты» атанған, ондаған жылдар бойы ол жалғыз өзі Батыс Қазақстанның көне де ...
Биыл ақын, ғалым-зерттеуші Қабиболла Сыдиықұлының туғанына 90 жыл. Қазақ халқы қай кезде де тілге шешен, өнерге бай халық. Кең байтақ жеріміздің әр ...
2023 жылдың соңғы күндерінде кітапханамызда қорытынды шара өткізілді. 27 желтоқсан күні - 2023 жылды қорытындылауға арналған кеш өтті. Кеш ...
14.12.2023 ж. Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының техникалық әдебиет бөлімінде Энергетикалық күніне орай "Жылу мен жарық ...
16-желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне орай Маңғыстау облыстық кітапхана бөлімдерінде кітап көрмелері мен сөрелері, фото-көрмелері ұйымдастырылып, ...
14-желтоқсан күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруыменен "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты патриоттық кеш өткізілді. Кеш барысында ...
7-желтоқсан күні Қабиболла Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында өлкемізге аян азамат, ақын, журналист, күйші, қоғам ...
7 желтоқсан күні “Достық“ үйінде «Мұнаралы, жыр аралы - Маңғыстау» тақырыбында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ...
Ағымдағы жылдың 29 қарашасында қоғамда діни радикализмге қарсы иммунитетті қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында “Дін мен дәстүр ...