• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

"Бір ел - бір кітап" акциясы

«Бір ел – бір кітап» 2009

2009 жыл «Бір ел – бір кітап» акциясы Мағжан Жұмабаевтың махаббат жырларына арналып отыр. 

Мағжан-қазақ поэзиясының  Абайдан кейінгі алыбы.  Кезінде Мұхтар Әуезовтің “Мен ең әуелі Мағжанды сүйем. Оның жарқыраған әшекейлігін, еуропалылығын  сүйем. Кейінгіге қалатын сөз – осы Мағжандыкі. Қалғанымыздың бәрінікі күмәнді” деуінің өзі-ақ көп нәрсені аңғартса керек. Ол- нағыз ұлттың, әлеуметтің, халықтың сөзін сөйлейтін ақын.

Мағжан Жұмабаев (1893-1938 ж.ж.) Мағжан Бекенұлы Жұмабаев (1893-1938) — қазақ әдебиетінің көгіндегі XX ғасырды:-басында жарқырай жа нған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны. Туған жері — бұрынғь Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы). Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті, өзінің әділдігі.мен адамгершілікті ггарасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған. Соған орай оны бір: сайлауда болыс етіп сайлаган көрінеді. 

 Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медресеге окуға түсіп, оны жақсы үлгіріммен аяктайды. Бірақ бұл оку білсем, көрсем деп ілгері ұмтьоға.-жас талапты онша қанағаттандырмайды. Ол оку іздеп, енді Уфаға аттанады. Сонда өзінің білім беру дәрежесінен Жоғары діни оку орнымен пара-пар Медресе-Ғалияға окуға түседі.  Медреседе оқьш жүргенде, осында оқытушы болып істейтін, татардың белгілі жазушысь Ғалымжан Ибрагимовтың назарына ілігеді. Болашак. ақынның зор дарынын таныған Ғалымжан Мағжанды қамқорлығына алып, оған көп жәрдем көрсетеді. Соның көмегіме:-Қазан қаласында Мағжанның “Шолпан” атты түңғыш жинағы жарық көреді, соның акыл- кеңесімен Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түседі.

  Жастайынан орысша окып, орыс әдебиетінің мәдениетіне еркін жеткен Мағжан казақ поэзиясына өзіндік ерекшелігімен, дарынды болмысымен келеді. Әуелде лапылдап тұрған сезімін, ынтыға үзіліп түрған махаббатын жастық жалынымен, жандырып жіберердей леппен жеткізуге ұмтылған ол енді бірте-бірте ой есейгендігін танытып, азаматтық лирикаға карай ойысады.  Мұнда да ол зарлы да өкінішті ой-сезімдерін ерекше кұдіретпен, шыңғырған жан даусының куатымен жеткізіп, ішкі мүңы мен ашу-кегін табиғи байланыстырып жібереледі.  Бұл кез оның қазақгың ардакты азаматтары Ахмет Байтұрсынүлы мен Міржақып Дулатұлынан дәріс алып, шығармашылықтың жаңа бір белесіне құлаш ұрған шағы еді. Ұстаздарының өнегесі ақын жанының тебіреніс толқынындағы айшықгы өрнегімен көрініс береді. 

“Азамат! Анау қазақ ханым десең, 

Жұмақтың суын апар, жаным десең

Болмаса, ібіліс бол да у алып бар,

Тоқтатам тұншыктырып қанын десе”. 

Екінің бірі, басқа жол жоқ! Тасқыны қатты, тегеуріні берік ұлттық сезім селі ширатыла ширығып барып, екпінін баспаған күйі түрікшілдік арнасына құйылады. Халық өлеңдерінің мазмұнымен бірге оның ырғақ үйлесімін, ішкі рухын, әуезділік әсемдігін жанымен қабылдаған ақын кейде ән-күй ғана түсіндіре алатын сезімдерді сөзбен жеткізеді. Мағжанның ақындық ерекшелігі де, бәлкім, осы болар. 

Қалай дегенде де, Мағжан өзіне дейінгіге де, кейінгіге де ұқсамайтын, өзіндік қолтаңбасы бар ақын. Ол өмірді біртұтас құбылыс, көрініс ретінде, ал адамды сол ұлы табиғаттың, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде қабылдайды. Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білу үшін ол, алдымен, не нәрсенің болса да мән-мазмұнын бағдарлап, өрдайым жалпы адамзатқа тән өуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстың ішкі астарына үңіледі. Дүниені философиялық түрғыдан таниды.

Мағжан "Шолпан", "Сана" журналдары, "Ақ жол" газеті редакцияларында қызмет істеп жүргенде болсын, Москваның Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқып жүргенде болсын, үнемі ізденіс үстінде, шығармашылық өрлеу жолында болады. Білімі толысып, тәжірибесі молайып, кемелді шағына бет алған тарпаң дарынның тағдырына түтқиылдан келіп араласқан Қызыл империяның қызылкөз жевдетгері оның жолын кесіп, түрмеге қамайды. Сөйтіп, 1929 жылдан бастап ақын куғын-сүргінге үшырайды. Әуелі жалған жабылған жаламен он жылға сотталады. Одан М.Горький мен оның әйелі Е.Пешкованың араласуымен 1936 жылы босатылады да, бір жылдан кейін "Халық жауы" деп қайта сотталып, келесі жылы наурыз айында ату жазасына кесіледі.

 



Биылғы жылы "Бір ел -бір кітап" акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің ...

Жаңалыққа өту  

2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын оқуға ...

Жаңалыққа өту  

2022 жылы ұлтымыздың ұлы ұстазы, қазақ ағартушысы, мемлекет қайраткері, лингвист ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы, қоғам ...

Жаңалыққа өту  

«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы бойынша ҚАЗҰЭК-сы kazneb.kz порталындағы электронды нұсқалары Поэзия ...

Жаңалыққа өту  

 Жақында 2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Бұл жолы ел Тәуелсіздігінің ...

Жаңалыққа өту  

Құрметті оқырмандар! «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай М.Әуезовтың «Абай ...

Жаңалыққа өту  

Биылғы жылы "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясы Қазақстанның екі көрнекті жазушысы Әбіш Кекілбаевтың" Аңыздың ақыры "романы мен Әбділда ...

Жаңалыққа өту  

Құрметті оқырман! «Бір ел – бір кітап – 2018» Республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат ...

Жаңалыққа өту  

Жыл кітабы – Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ...

Жаңалыққа өту  

2016 жылы «Бір ел - бір кітап» акция бойынша  таңдалған жазушы  Дулат Бабатайұлы таңдалынды. Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысыАягөз ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу