• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Нормативті-құқықтық қамтамасыз ету

Мәдениет туралы

Мәдениет туралы

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207 Заңы

МАЗМҰНЫ

Осы Заң Қазақстан Республикасында мәдениеттi жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк және ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

   1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) басылымның мiндеттi тегiн данасы — басып шығарушылардың Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау мақсатында ұлттық кiтапханаларға беруiне жататын, редакциялық-баспа өңдеуiнен өткен, шығарылым деректерi бар басылымның (мәтiндiк, ноталық, электрондық, картографиялық, бейнелеу басылымының) данасы;
1-1) кинематографиялық ұйым — қызметiнiң негiзгi түрлерi фильм және (немесе) киношежiре шығару, фильмдi прокаттау, фильмдi көрсету, фильмдi қалпына келтiру, кинозалға техникалық қызмет көрсету, киноматериалдарды дайындау, фильм шығару жөнiндегi жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету, кинематография саласындағы бiлiм беру, ғылыми-зерттеу, баспа, жарнамалық-насихаттау қызметi, фильмдi, фильмнiң және (немесе) киношежiренiң бастапқы материалдарын сақтау болып табылатын заңды тұлға;
1-2) киношежiре — уақытын, орынның, мән-жайдың өзiндiк (көбiнесе өткен шақтағы) ерекшелiктерiн сипаттайтын және келешекте фильм шығаруға арналған деректi сюжеттердiң түсiрiлiмдерi;
1-3) көркем құндылықтар — шығармашылық қызмет нәтижесiнде жасалған мәдениет, әдебиет және өнер туындылары;
2) көтермелеудiң салалық жүйесi - саланы дамытуға қосқан үлесi үшiн мәдениет, әдебиет және өнер қызметкерлерiн моральдық ынталандыру нысаны;
3) Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасы - мемлекеттiк маңызы бар және өзге мемлекеттерге беру құқығынсыз Қазақстан Республикасына ерекше тиесiлi мәдени құндылықтар жиынтығы;
4) мәдениет - адамзат жасаған әрi жасайтын және жеке адамның жарасымды дамуына, Қазақстан Республикасы азаматтарының отаншылдығын тәрбиелеуге және эстетикалық қажеттерi мен мүдделерiн қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы;
5) мәдениет қызметкерi - кәсiби қызметi мәдени құндылықтарды сақтаумен, дамытумен, таратумен, пайдаланумен және оларға азаматтарды баулумен байланысты болатын жеке адам;
6) мәдениет саласындағы әлеуметтiк мәндi iс-шаралар - республикалық деңгейде және шет елдерде есте тұту және мерейтой күндерiн, мәдениет күндерiн, фестивальдер, байқаулар, конкурстар, көрмелер өткiзу жөнiндегi iс-шаралар және көрнектi мемлекет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру;
7) мәдениет саласындағы қызмет - мемлекеттiк органдардың, заңды тұлғалардың және азаматтардың мәдени құндылықтарды жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану, сондай-ақ оларға азаматтарды тарту жөнiндегi қызметi;
8) мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясат - мәдени және рухани құндылықтарды жасауға, қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға, таратуға және пайдалануға арналған, мемлекеттiк органдар қабылдайтын шаралар кешенi;
9) мәдениет саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыратын орталық атқарушы орган;
10) мәдениет ұйымдары - қызметiнiң негiзгi нысанасы мәдениет саласындағы қызметтi жүзеге асыру болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар;
11) мемлекеттiк мәдениет ұйымдары қызметкерлерiн аттестаттау - мемлекеттiк мәдениет ұйымдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiк деңгейiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн айқындау мақсатында өткiзiлетiн рәсiм;
12) мәдени құндылықтар - зайырлы және дiни сипаттағы мәдени мұра заттары, сондай-ақ тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени мәнi бар құндылықтар;
13) мәдени қызмет субъектiлерi - мәдениет саласындағы қызметке қатысушы мемлекеттiк органдар, заңды тұлғалар және азаматтар;
14) ұлттық мәдени игiлiк - Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген, ел тарихы мен мәдениетi үшiн айрықша мәнi бар мәдени құндылықтар;
15) ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң айрықша режимi - тарихи-мәдени мұра объектiлерiн сақтау, ұстау, қалпына келтiру, қорғау және пайдалану жөнiнде мемлекет қабылдайтын шаралар;
16) Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi (бұдан әрi - Мемлекеттiк тiзiлiм) - ел тарихы мен мәдениетi үшiн айрықша мәнi бар ұлттық - мәдени игiлiктiң тiзбесi;
16-1) Фильм — шығармашылық ниеттiң негiзiнде кез келген нысанда және әртүрлi жанрда жасалған, кинотаспаға, магниттiк таспаға немесе жеткiзгiштердiң өзге де түрлерiне жазылған және өзара реттiлiкпен байланысқан кадрларды бiртұтас тақырыпқа бiрiктiрген бейнеден, дыбыстық сүйемелдеуден тұратын және тиiстi техникалық құралдардың көмегiмен естiп-көруге арналған дыбыстау-бейнелеу туындысы;
16-2) 16-2) фильмге дубляж жасау – қатысушы адамдардың буындық артикуляциясына сай келетiн аударма жолымен фильмнiң дыбыстық қатарының тiлдiк бөлiгiн синхронды түрде қайта жасаудан тұратын шығармашылық және өндiрiстiк қызмет;
16-3) Фильмдердiң мемлекеттiк қоры — Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, ұлттық фильмдердi, бiрлесiп түсiрiлген фильмдердi, сондай-ақ олардың бастапқы материалдарын сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
16-4) Фильмдердiң мемлекеттiк тiзiлiмi — прокатталуы және көпшiлiкке көрсетiлуi (демонстрациялануы) Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын фильмдердiң тiзбесi;
16-5) фильмдi прокаттау — көпшiлiкке көрсету (демонстрациялау), телеарналарда (шетелдiк телеарналарды қоспағанда) тарату, жалға беру, сондай-ақ өткiзу мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған тәсiлмен фильмдi тарату;
16-6) фильмнiң таралымын көбейту — тарату мақсатында жеткiзгiштiң кез келген түрiнде және түпнұсқа форматында фильмнiң бiр немесе одан көп көшiрмесiн (таралымын) дайындау;
16-7) фильм шығару — нәтижесiнде дыбыс-бейне туындысы жасалатын автордың шығармашылық ниетiн iске асыру процесi;
17) шығармашыл қызметкер - кәсiби немесе әуесқой шығармашылық қызметi көркем құндылықтар жасауға, әдебиет пен өнер туындыларын орындауға немесе түрлендiруге (тәржiмалауға) бағытталған жеке адам;
18) шығармашылық қызмет - кез келген нысанда және кез келген тәсiлмен көркем құндылықтар жасауға немесе әдебиет пен өнер шығармаларын түрлендiруге (тәржiмалауға) бағытталған қызмет;
19) шығармашылық одақ - мәдениеттiң бiр немесе бiрнеше жанры кәсiби шығармашыл қызметкерлерiнiң өздерiнiң жеке мүшелiгi негiзiнде құрылатын қоғамдық бiрлестiгi.
   Ескерту. 1-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.18 N 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

   2-бап. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы
 заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

   3-бап. Мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясат принциптерi

Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясатының негiзгi принциптерi:
1) мәдениеттi мемлекеттiк қолдау. Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау және дамыту;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының мәдениет саласындағы құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;
3) алынып тасталды - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
4) тарихи және мәдени мұраны қорғау және олардың дамуында сабақтастықты қамтамасыз ету;
5) қазақтың ұлттық мәдениетiнiң тұтастығын сақтау және өзара байыту факторларының бiрi ретiнде шет елдерде тұратын отандастармен мәдени байланыстарды дамыту;
6) қазақ халқының және этностық диаспоралардың тарихи мұрасын сақтау, қоғамның шығармашылық әлеуетiн дамыту және молайту үшiн құқықтық кепiлдiктер жасау;
7) алынып тасталды - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
8) алынып тасталды - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
9) мәдени қызмет субъектiлерi арасында бәсекелес ортаны қалыптастыру;
10) Қазақстан халқы мәдениетiнiң әлемдiк мәдени кеңiстiкке кiрiгуiн қамтамасыз ету болып табылады.
   Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

   4-бап. Мемлекеттiң мәдениет саласындағы негiзгi мiндеттерi

Мемлекеттiң мәдениет саласындағы негiзгi мiндеттерi:
1) мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
2) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетiн қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;
3) ұлттық және әлемдiк мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды отаншылдыққа және эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасау;
4) мәдени құндылықтарға еркiн қол жеткiзудi қамтамасыз ету;
5) халыққа мәдени қызмет етудiң мемлекеттiк ең төменгi стандарттарын белгiлеу;
6) мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту;
7) дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;
8) мәдениет саласында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, топтық-тектiк және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездiкке және зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауға немесе үгiттеуге жол бермеу жөнiнде шаралар қолдану;
9) мәдени құндылықтардың заңсыз әкетiлуiне және әкелуiне, оған меншiк иесi құқығының басқаға заңсыз берiлуiне тосқауыл қою, оларды кез келген заңсыз иеленуден қайтарып алуға шаралар қолдану;
10) мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық үшiн жағдайлар жасау;
11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, азаматтардың ұлттық - мәдени бiрлестiктерге қатысу еркiндiгiн, мәдениет ұйымдарын құруды, шетелдердегi отандастармен мәдени байланыстарды кеңейтуге қатысуды қоса алғанда, ұлттық және мәдени өзiндiк ерекшелiгiн қорғау және дамыту құқықтарын iске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
   Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

2-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ

   5-бап. Мәдениет саласындағы қызметтi мемлекеттiк басқару

1. Мәдениет саласындағы мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, уәкiлеттi орган және жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.
2. Мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысады.
   Ескерту. 5-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

   6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) мәдениет, сондай-ақ халықаралық мәдени байланыстар саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және iске асыруды қамтамасыз етедi;
2) мәдениеттi дамытудың салалық (секторлық) бағдарламаларын бекiтедi;
3) мәдениет саласындағы қызметтi реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi шығарады;
4) мемлекеттiк мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсiби көркем және шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебе берудiң тәртiбi мен шарттарын бекiтедi;
5) мәдениет саласындағы мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызметтер көрсету ережелерiн айқындайды;
6) Ұлттық-мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбi мен шарттарын бекiтедi;
7) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру қағидаларын бекiтедi;
8) мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде шешiм қабылдайды;
9) әлеуметтiк - экономикалық даму бағдарламаларында мәдениет саласындағы басым бағыттарды ескередi;
10) мәдениет саласында мемлекеттiк стипендиялар беру тәртiбi мен ережелерiн белгiлейдi;
11) мемлекеттiк мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсiби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе берудiң тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсынады;
12) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
13) мәдениет ұйымдары желiсiнiң ең төменгi мемлекеттiк нормативтерiн және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, селолық деңгейлердегi мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының үлгiлiк штаттарын бекiтедi;
   РҚАО-ның ескертпесi!
14) тармақша 2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi - (ҚР 2010.05.27 № 280-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
14) фильмге прокаттау куәлiгiн беру тәртiбiн бекiтедi;
   15) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
   Ескерту. 6-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

   7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

   Уәкiлеттi орган:
1) мемлекеттiк және салалық (секторлық) бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады, Қазақстан Республикасы халқы мәдениетiнiң дамуы үшiн жағдайлар жасайды;
2) мәдениет саласында ғылыми бағдарламалар әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;
3) өз құзыретi шегiнде мәдениет мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi, бекiтедi;
4) мәдениет саласында ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етудi және салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады;
5) ұлттық-мәдени игiлiк объектiлерiнiң айрықша режимiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
6) Қазақстан Республикасының аумағында тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткiштерiн есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөнiнде, сондай-ақ елдiң көрнектi мәдениет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру жөнiнде iс-шаралар ұйымдастырады және Ұлттық-мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi;
7) театр, музыка өнерiн, кинематографияны, кiтапхана және мұражай iсiн дамыту жөнiндегi республикалық маңызы бар мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының қызметiн қолдайды және үйлестiредi, мәдениет саласындағы республикалық мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн қамтамасыз етедi;
8) мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
9) мәдениет саласында әлеуметтiк мәндi iс-шаралар өткiзудi жүзеге асырады;
9-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен әдебиеттi республикалық деңгейде басып шығаруды, сондай-ақ ұлттық фильмдер жасауды қалыптастырады, орналастырады және бақылайды;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен мәдениет және өнер қайраткерлерiне Қазақстан Республикасының құрметтi атақтарын және мемлекеттiк наградаларын беру туралы ұсыныстар енгiзедi;
10-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шығармашылық ұжымдарды Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ұсыныстар енгiзедi;
11) көтермелеудiң салалық жүйесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
12) шығармашылық қызметтiң түрлi салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар мен фестивальдер, сыйлықтар мен жүлделер тағайындайды;
12-1) республикалық конкурстар мен фестивальдердi өткiзудiң үлгiлiк ережелерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
13) ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының жанрлық бейiмдiлiгiн және қызмет тегiн айқындайды;
14) мемлекеттiк мәдениет ұйымдары қызметкерлерiнiң санаттарына үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарын әзiрлейдi және бекiтедi;
15) мемлекеттiк мәдениет ұйымдары қызметкерлерiн аттестаттау ережелерiн бекiтедi;
16) республикалық мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткiзедi;
17) барлық санаттағы мәдениет қызметкерлерiн қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн ұйымдастырады;
18) халықаралық мәдени ынтымақтастық саласындағы қызметтi жүзеге асырады және үйлестiредi;
19) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
20) Қазақстан Республикасының мұражай қорын қалыптастыру және ұстау тәртiбiн бекiтедi;
21) көркемдiк-сарапшы кеңестер туралы ережелердi бекiтедi;
22) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
23) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясы туралы үлгiлiк ереженi бекiтедi;
24) мемлекеттiк және салалық (секторлық) бағдарламаларды iске асыру жөнiнде қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
25) өз құзыретi шегiнде республика (ауылдық, кенттiк, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметiн үйлестiредi, меншiк нысандарына қарамастан, мәдениет мәселелерi бойынша шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
26) дарынды жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды iздестiрiп, қолдауға бағытталған бағдарламалар әзiрлейдi;
27) музыка және театр өнерi саласында репертуарлық саясатты үйлестiредi;
28) көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгiлi) атағын беру ережесi мен тәртiбiн әзiрлейдi және бекiтедi;
29) ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң айрықша режимi бойынша сарапшы комиссия құрады;
30) отандастармен мәдени байланыстардың дамуына жәрдемдеседi;
   РҚАО-ның ескертпесi!
31) тармақша 2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi - (ҚР 2010.05.27 № 280-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
31) Фильмдердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi;
   РҚАО-ның ескертпесi!
32) тармақша 2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi - (ҚР 2010.05.27 № 280-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
32) фильмдерге прокаттау куәлiктерiн бередi және оларды сот тәртiбiмен керi қайтарып алады;
   33) республикалық мемлекеттiк мәдениет ұйымдары басшыларының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары басшыларының мемлекеттiк мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсiби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебе беру туралы ұсыныстарын қарайды және Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсiби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебе беру туралы ұсыныстар енгiзедi;
34) Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсiби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық"  мәртебе беру туралы ұсыныстар енгiзедi;
   РҚАО-ның ескертпесi!
35) тармақша 2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi - (ҚР 2010.05.27 № 280-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
   35) фильмнiң индексiн айқындау критерийлерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
35-1) кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке немесе заңды тұлғалардың тауар таңбасы және қызмет көрсету таңбасы ретiнде пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетiнiң игiлiгi болып табылатын белгiлердi келiседi не келiсуден бас тартады.
36) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
   Ескерту. 7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

   8-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және
 астананың жергiлiктi атқарушы органының құзыретi

   Ескерту. 8-баптың тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органы:
1) мәдениет саласында өңiрлiк даму бағдарламаларын әзiрлейдi және олардың орындалуын қамтамасыз етедi;
2) театр, музыка және кино өнерi, мәдени-демалыс қызметi, кiтапхана және мұражай iсi саласында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады, таратады, сондай-ақ олардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;
3) театр, музыка және кино өнерiн, мәдени-демалыс қызметiн және халық шығармашылығын, кiтапхана және мұражай iсiн дамыту жөнiнде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының қызметiн қолдайды және үйлестiредi, облыс, республикалық маңызы бар қала және астана мекемелерiнiң мәдениет саласындағы қызметiн қамтамасыз етедi;
4) шығармашылық қызметтiң түрлi салаларында облыстық (өңiрлiк) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткiзудi ұйымдастырады;
4-1) уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша шығармашылық қызметтiң түрлi салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткiзудi ұйымдастыруға құқылы;
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткiштерiн есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану, сондай-ақ елдiң көрнектi мәдениет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
6) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясын құрады;
7) тиiстi аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметiне мониторингтi жүзеге асырады және уәкiлеттi органға ақпарат, сондай-ақ белгiленген нысанда статистикалық есептер бередi;
8) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық және астаналық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзудi жүзеге асырады;
9) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткiзедi;
10) өз құзыретi шегiнде мәдениет саласындағы коммуналдық меншiктi басқаруды жүзеге асырады;
10-1) уәкiлеттi органмен келiсе отырып облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет басқармасының басшысын тағайындайды;
11) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдени мақсаттағы объектiлерiнiң құрылысы, реконструкциясы және жөнделуi бойынша тапсырысшы болады;
12) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды;
13) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
13-1) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк бередi;
14) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк кiтапханаларының бiрiне "Орталық" мәртебесiн бередi;
15) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Ескерту. 8-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.03.19 № 258-IV, 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

   9-бап. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың
 жергiлiктi атқарушы органының құзыретi

   Ескерту. 9-баптың тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы:
1) театр, музыка және кино өнерi, кiтапхана және мұражай iсi, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметiн қолдауды және үйлестiрудi жүзеге асырады;
2) жергiлiктi маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткiштерiн есепке алу, қорғау және пайдалану жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
3) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың сауықтық мәдени-бұқаралық iс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бiрлестiктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткiзудi жүзеге асырады;
4) алынып тасталды - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
5) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткiзедi;
6) өз құзыретi шегiнде мәдениет саласындағы коммуналдық меншiктi басқаруды жүзеге асырады;
7) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мәдени мақсаттағы объектiлерiнiң құрылысы, реконструкциясы және жөнделуi бойынша тапсырысшы болады;
8) мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетедi;
9) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттiк кiтапханаларының бiрiне "Орталық" мәртебесiн бередi;
10) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
   Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

   9-1-бап. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шараларды өткiзген
 кезде азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
 қағидаларын сақтау

1. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шараларды өткiзуге арналған объектiлер мен ғимараттар ғимараттарды пайдалану және өрт қауiпсiздiгi қағидаларына сәйкес келуге тиiс.
2. Азаматтар мен қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi күрделендiретiн, ғимараттарды пайдалану және өрт қауiпсiздiгi қағидалары талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда, оның iшiнде мiнбенiң тiреуiш конструкцияларының ескiруi, мiнбе астындағы үй-жайларда жанар-жағармай заттары мен материалдарының болуы, авариялық жарықтандыру мен эвакуация жолдарының болмауы, өртке қарсы қорғану құралдарының болмауы немесе ақаулары, сондай-ақ өрттiң туындауына әкеп соғуы мүмкiн электр жабдығын монтаждау және пайдалану қағидаларын бұзу бөлiгiнде, төтенше жағдайлар жөнiндегi органдар енгiзетiн ұсыным бойынша өз бетiнше не iшкi iстер органдарының бастамасы бойынша жергiлiктi атқарушы органдар қауiпсiздiк жағдайларының анықталған бұзушылықтары жойылғанға дейiн ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шараларды өткiзуге тыйым салады.
3. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шараларды ұйымдастырушылар осы мақсаттарға арнайы белгiленбеген орындарда (стадиондар, демалыс аймақтары, саябақтар, гүлзарлар, алаңдар, көшелер) өткiзiлетiн iс-шараны өткiзгенге дейiн он күннен кешiктiрмей көрермендердiң болжамды саны туралы, бiр күн бұрын – сатылған билеттердiң, берiлген рұқсаттардың, оның iшiнде автокөлiкке берiлген рұқсаттардың саны, сондай-ақ iшкi iстер, төтенше жағдайлар және денсаулық сақтау органдарының арнаулы техникасына арналған тұрақ орындары туралы жергiлiктi атқарушы органдарды хабардар етуге мiндеттi.
   Ескерту. Заң 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

3-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН
МIНДЕТТЕРI

   10-бап. Азаматтардың мәдениет саласындағы шығармашылық
   қызметке құқықтары
1. Азаматтардың өз қабiлеттерiне сай бұл қабiлетiн жұмсау саласын, iске асыру нысандарын өздiгiнен таңдау және кәсiби бiлiм алу жолымен шығармашылық қызметпен айналысуға құқығы бар.
Шығармашылық қызметпен айналысу кәсiби негiзде де, кәсiби емес (әуесқой) негiзде де жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Азаматтарды мәдени құндылықтарға баулу құқығы қамтамасыз етiледi. Осы құқықтың шектелуi ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң айрықша режимiмен ғана айқындалуы мүмкiн.
3. Кәсiби және кәсiби емес (әуесқой) шығармашыл қызметкерлер зияткерлiк меншiк, өз еңбегiнiң нәтижелерiне иелiк ету еркiндiгi, мемлекеттiң қолдауы құқықтары саласында тең құқылы.
Азаматтардың кәсiби және кәсiби емес (әуесқой) шығармашылық қызметi ұжымдық немесе жеке негiзде жүзеге асырылады.
4. Әрбiр азаматтың мәдени құндылықтардың меншiк иесi болуға құқығы бар. Жеке меншiктi алу, пайдалану және оған иелiк ету Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
5. Әрбiр азаматтың өзiнiң шығармашылық қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдерге шығарып, көрмелер ұйымдастыруға немесе өзге де жолдармен ұсынуға және iске асыруға құқығы бар.
   Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

   11-бап. Азаматтардың мәдениет саласындағы мiндеттерi

Азаматтар:
1) Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға;
2) тарихи және мәдени мұраны сақтауға қамқорлық жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн, табиғи құндылықтарды қастерлеуге;
3) қазақ халқы мен этностық топтардың ұлттық мәдениетiн әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерiн, мемлекеттiк тiлдi және басқа да тiлдердi құрметтеуге мiндеттi.
   Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

   12-бап. Мемлекеттiң азаматтардың мәдениет саласындағы
   қызмет құқықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi
   мiндеттерi

1. Мемлекет мәдени өмiрге қатысу, мәдени құндылықтарға қол жеткiзу, мәдениет және өнер мамандықтары бойынша бiлiм алу құқықтарын қамтамасыз ету жолымен азаматтардың мәдениет саласындағы қызмет құқықтарына кепiлдiк бередi.
2. Мемлекеттiк органдар бұқаралық ақпарат құралдарында және мәдениет ұйымдарында Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасын насихаттауға ықпал етедi.

4-тарау. ШЫҒАРМАШЫЛ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДIҢ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОДАҚТАРДЫҢ ЖӘНЕ КӘСIБИ ЕМЕС
(ӘУЕСҚОЙ) ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БIРЛЕСТIКТЕРДIҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСI

   13-бап. Шығармашыл қызметкердiң мәртебесi

   Ескерту. 13-бап алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

   14-бап. Шығармашыл қызметкердiң және мәдениет
   қызметкерiнiң құқықтары мен мiндеттерi

1. Шығармашыл қызметкердiң:
1) жария етiлуi немесе жоғалуы өзiнiң шығармашылық қызметтi жүзеге асыруға байланысты мүдделерiне нұқсан келтiретiн немесе келтiруi мүмкiн ақпаратты қорғауға;
2) өз қызметiне үшiншi тұлғаларды тартуға;
3) мәдениет саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға қатысуға;
4) шығармашылық және кәсiби мүдделерi бойынша қоғамдық бiрлестiктерге, қауымдастықтарға және одақтарға кiруге;
5) шығармашылық қызметтi жүзеге асыру үшiн мұрағаттарға, кiтапханаларға, мұражайларға және басқа да мәдениет ұйымдарына еркiн баруына құқығы бар.
2. Мәдениет қызметкерi:
1) кәсiптiк, шығармашылық одақтарға және басқа да қоғамдық бiрлестiктерге кiруге;
2) кәсiби қызметiн жүзеге асыру үшiн жағдайлардың қамтамасыз етiлуiне;
3) егер мемлекеттiк емес мәдениет ұйымының қызметкерi болса, мемлекеттiк бюджет немесе жұмыс берушiнiң есебiнен бiлiктiлiк деңгейiн арттыруға;
4) мемлекеттiк бюджеттiң немесе жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен қайта даярлықтан өтуге;
5) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен қосымша және үстеме ақыға құқығы бар.
3. Шығармашыл қызметкер және мәдениет қызметкерi өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндеттi.

   15-бап. Шығармашыл қызметкерлердi және мәдениет
   қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғау

1. Қызметi зиянды (айрықша зиянды) еңбек жағдайларымен, қатерге бас тiгумен және кәсiптiк аурулар қаупiмен байланысты шығармашыл қызметкерлердi және мәдениет қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғау және сақтандыру, сондай-ақ оларды зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының құрметтi атақтары мен мемлекеттiк наградаларына ие болған шығармашыл қызметкерлердi және мәдениет қызметкерлерiн, сондай-ақ аса дарынды жас шығармашыл қызметкерлердi мемлекеттiк қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен мәдениет саласындағы мемлекеттiк стипендиялар тағайындалады.

   16-бап. Шығармашылық одақтар

1. Мәдениет саласындағы бiрлескен күш-жiгердi талап ететiн шығармашылық қызметтi жүзеге асыру үшiн ерiктi негiзде шығармашылық одақтар құрылуы мүмкiн.
2. Қазақстан Республикасында республикалық, өңiрлiк және жергiлiктi шығармашылық одақтар құрылып, жұмыс iстеуi мүмкiн.
3. Қазақстан Республикасы облыстарының тең жартысынан астамының аумағында құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) бар шығармашылық одақ республикалық деп танылады.
4. Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан аз аумағында құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) бар шығармашылық одақтар өңiрлiк деп танылады.
5. Қызметi бiр облыс, республикалық маңызы бар қала және астана аумағында жүзеге асырылатын шығармашылық одақтар жергiлiктi шығармашылық одақтар деп танылады.
5-1. Республикалық шығармашылық одақтар мәдениет саласындағы мемлекеттiк және салалық (секторлық) даму бағдарламаларын әзiрлеуге тартылуы мүмкiн.
Өңiрлiк және жергiлiктi шығармашылық одақтар мәдениет саласындағы өңiрлiк даму бағдарламаларын әзiрлеуге тартылуы мүмкiн.
6. Шығармашылық одақтардың халықаралық шығармашылық ұйымдармен қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ халықаралық шарттарымен реттеледi.
7. Шығармашылық одақтарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
   Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

   17-бап. Шығармашылық одаққа мүшелiк

1. Шығармашылық одақтың жарғысында белгiленген талаптарға сай келетiн шығармашыл қызметкердiң шығармашылық одаққа кiруге құқығы бар.
2. Шығармашылық одақтың жарғысында кандидаттарға және мүшелерге қойылатын талаптар азаматтардың мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарына нұқсан келтiрмеуге, олардың құрамына тиiстi шығармашылық кәсiптердiң неғұрлым бiлiктi өкiлдерiнiң бiрiгуiне, олардың кәсiби және шығармашылық өсуiне ықпал етуге тиiс.

   18-бап. Кәсiби емес (әуесқойлық) шығармашылық
   бiрлестiктер мен ұжымдар

Кәсiби емес (әуесқойлық) шығармашылық бiрлестiктер мен ұжымдар азаматтардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, мәдениет ұйымдарының, ж



Осы Заң Қазақстан Республикасында мәдениеттi жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану сала

Жаңалыққа өту  

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 597 қаулысы«Мәдениет туралы» 

Жаңалыққа өту  

"Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3

Жаңалыққа өту  

1996 ж. 10 маусымдағы № 6-I Қазақстан Республикасының Заңы өзгерістер мен толықтыруларм

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу