РусскийҚазақша             RSS Twitter Facebook
Бүгінгі таңда облыстық кітапхананың кітап қорында 400 мыңнан астам кітап және 1 миллионға жуық мерзімді басылымдар бар
Телефон:   +7 7292 51 46 24 Толық байланыс мәліметтері

Кітапханашыға кеңес

Акция тарихына қысқаша шолу

Жобаның идеясы АҚШ-та өте танымал болған. Бір кітапты жалпы қала болып оқу идеясы АҚШ-тың солтүстік-батысындағы ірі қала Вашингтон штатына қарасты – Сиэтл көпшілік кітапханасының кітап орталығы тарапынан ұсынылған. 1998 жылы «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса» тақырыбымен алғаш өткізілген акцияның мақсаты – Сиэтл халқының бірлігін нығайту және оларға оқуды насихаттау. Бұдан соң осыған ұқсас мәдени шаралар ЧикагоБуффалоРочестер қалаларында да ұйымдастырылды.

 «Бір кітап, бір Чикаго» бағдарламасы Чикаго көпшілік кітапханасында басталды. Оның негізгі мақсаты қаланың ересек тұрғындары мен жастарын бір кітапты бір уақытта оқуға және оны ұжым болып - отбасында, жұмыста жолдастары мен таныстары арасында, кітапханаларда, оқу мекемелерінде, кітап дүкендерінде, діни ұйымдарда, кафелерде және басқа да қоғамдық орындарда талқылауға ынталандыру болып табылады. 


Оқылған саны: 634

Жас маманға

Кітапханашы мамандығы-  жан-жақтылықты, ықтиярлылық пен шамшаң ойлауды, білімділік пен ізгілікті қажет ететін мамандық. Оқырман сұранысын  тиянақты орындау, қажетті ақпаратты сараптай отырып, ақпаратқа қолжетімділікті қалыптастыру. Кітапхана- құрылымды сала. Кітапханашы кітапхана қорындағы әдебиеттерді біліп қана қоймай, қоғамда болып жатқан өзгерістерді үнемі бақылауында ұстау. Себебі, бұл- заман талабы. XXI ғасыр- жаңа технологияның күннен күнге толассыз дамып, жетілу жолындағы ғасыр. Бұл өз кезегінде ақпарат тасқынын туындатады. Өзекті және маңызды ақпаратты сараптап, оқырманға ұсына білу, заман талабынан қалмай, жаңа технологияны кітапхана қызметіне енгізе білу үшін кітапханашы маманға зор міндет жүктеледі, өз білімін үнемі жетілдіруді талап етеді.


Оқылған саны: 625