• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Пайдалы ақпарат

Жас маманға

Кітап-біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың түңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, кітапханадан табамыз. Кітапхана – оқырманмен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы-кітапханашылар.

Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір – ақ ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес, жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін, бірақ дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт- бағдар алуы үшін жан- тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан кітапханашылардың еңбегі ұшан-теңіз. Қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абыройлы мамандық иелері. Ойы зерек, қиялы жүйрік, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдаған, оқырмандарға білім мен қажетті ақпараттың тиімдісін демдеп беріп отырған, ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, парасатты кітапханашылардың орны да өзінше бір бөлек Бүгінгі күні кәсіби шеберлік – кез келген маманның қоғамдағы сұранысы мен орнын анықтайтын басты ұстаным. Әр маман иесінің қызмет көрсету деңгейі ең әуелі қызметкерлердің кәсіптік деңгейімен анықталады. Алдына келген ауру адамға ем жазатын дәрігер болса, алып жатқан білімін қосымша оқу-біліммен толықтыруға көмектесетін мамандық иесі–кітапханашы. Кәсіби шеберлік, білімділік, әсіресе кітапхана саласы ақпарат және білім орталығы ретінде, ақпаратты беру мен табу, іздестіру жолдарын білуде кітапханашы мамандар бірінші кезекте. Жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы-кітапхана. Біздің барлығымызға да ортақ міндет-әрбір оқушының өзінің керек кітабын тауып, қажет ақпараттармен қамтамасыз етіп, өзіндік тұлғасын қалыптастыруына жағдай жасау. Кітапханашы мамандығы өзінің өте қызықты да, тартымдылығымен ерекшелінеді. Себебі, кітапханамызда күн сайын жаңалыққа толы сәттер, жаңа келген газеттер, журналдар, жаңа кітаптар және күн сайын келіп кітап алып жатқан оқушылар бізден керек кітаптарын алып қана қоймай, сонымен қатар өздеріне керекті кең мағлұматты кітапханашыдан алып жатады.

Кітапханашының жұмысы жаңалыққа құмарлықтан басталады. Сөйтіп, кітапханашы мен оқырмандардың және ұстаздар, ата-ана, қоғамдық ұйымдарымен бірлескен іс - шаралар жалғасады. 

Терең білім мен қатар сапалы тәрбие беру- әрбір парасатты кітапханашының абыройлы борышы. 

 Гүлзира  ДОСИЕВА. сайттан алынған.


 



Әлем әдебиетін, ғылыми мақаланы, газет-журналды, қазақша шығармаларды жинаған электрон кітапханалардың тізімі.

Жаңалыққа өту  

Национальные Национальная Библиотека Республики Казахстан Национальная Академическая Библиотека Республики Казахстан Академические Центральная ...

Жаңалыққа өту  

ҚАЗАҚСТАН КІТАПХАНАЛАРЫ ҚР Ұлттық кітапханасы http://www.nlrk.kz/ ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы  Астана қ. http://nabrk.kz/ ҚР Білім және ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханашы мамандығы-  жан-жақтылықты, ықтиярлылық пен шамшаң ойлауды, білімділік пен ізгілікті қажет ететін ма

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу