• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Атаулы күндер

Алаштың ұлы перзенті, Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш төрағасы, түбектің түлегі – Жалау Мыңбайұлы.

"Бір өлке-бір тұлға" акциясы аясында 

Патша өкіметінің отарлау саясаты, Ұлт – азаттық қозғалыс, Ақпан төңкерісі, Кеңес үкіметінің  құрылуы, шаруалар көтерілістері, Азамат соғысы, ашаршылық, репрессиялық  жазалау секілді барлық тарихи оқиғалар дауылы  Каспий  даласын да сырт айналып кеткен жоқ.

Солардың бірі нардың жүгін көтерген – ардың құлы, Алаштың ұлы перзенті, Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш төрағасы, түбектің түлегі – Жалау Мыңбайұлы.

Жалау Мыңбайұлы 1892 ж. Форт – Шевченко қаласында дүниеге келген. Ол Форттағы екі сатылы орыс – қазақ мектебінің үш класын бітірген. Оқуын тәмамдаған  соң жанұясын асырау үшін тұз кәсіпшілігіне жұмысшы болып жұмысқа тұрады. Ол 1916 жылы  тұзшылар кәсіподағының төрағасы болады.  1917 жылы  Маңғыстау  уездік комиссарын сайлау жиналасына Қатық – Бұлақ тұзшыларының делегаты болып қатысады. Уақытша өкімет органының азық – түлік бөліміне , аштыққа қарсы күрес комиссиясына мүше болады.  1919 жылы « Бірлік» жастар ұйымының төрағасы, 1920 -1924 жж Адай уездік милиция бастығы, Адай уездік  ревкомының төрағасы қызметтерін атқарған. Басшылық жұмыста көзге түсіп, мемлекеттік мәселелерді шешуде ұтымды да маңызды ұсыныстар қоя білген тәжірейбелі Ж. Мыңбаев 1924ж. Орал губерниялық атком төрағалығына  жоғарылатылады. 1925 жылы  Бүкілқазақстандық V сьезде Ж. Мыңбайұлы  Қаз ОАК – нің төрағасы етіп сайланады. Бұл Қызметте ол халық мүддесіне  қажетті көптеген істерді тындырды. 1925ж 22 қазанда Көкше өңіріндегі « Щучье» стансасының атын « Бурабай» етіп өзгертіп, ол жерді демалыс курортына айналдыру жөніндегі қаулыға қол қояды. Қазіргі Қазақстан шекарасының оңтүстік – батыс бөлігі де осы Жалау Мыңбайұлының арқасында сақталып қалған. Қазақ елінің автономиялы республика болуына толықтай құқы барлығын дәлелдеп. Қырғыз АССР Қазақ АССР болып өзгертіледі. 

Өнер Саласына да қосқан үлесі зор. А. Затаевичке төрт ән жаздырып қалдырған екен. Олар « Ақтан», « Ақбөбек»

« Жуас қоңыр», « Қараторғай» деген әндері.

Тірісінде ел қамы үшін жанын аямаған ардақты азамат бүгін де теңіз желінің  өтінде еліне қорған болып тұр.

Ұлтарақтай жер үшін, ел үшін, тәуелсіз еліміздің тұтастығын сақтаушы, қиын – қыстау кезеңде ұлтының жанашыры бола білген қайсар рухты қазақ Жалау атамыздың еңбек жолы бүгінгі жас ұрпаққа насихатталуы тиіс.




Өлкенің тарихи оқиғалары, аталып өтілетін және еске алынатын  мерейтой иелері Адай көтерелісіне  95 жыл (1929) Айтқұлұлы Атағозы (батыр) 320 жыл ...

Жаңалыққа өту  

Өлкенің мерейтой иелері Айдарханов Арман Тергеуұлы (дәрігер, ғалым. Медицина ғылымының докторы, профессор) 60 жаста (1963). Айсаев ...

Жаңалыққа өту  

10 ақпан күні облыстық кітапханасы жасөспірімдер бөлімінде  мемлекет қайраткері  Жалау Мыңбайұлына 130 жыл толуына орай «Әділдіктен семсер  тағып ...

Жаңалыққа өту  

11 наурыз күні «Бір өлке-бір тұлға» акциясы аясында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде мемлекет және ...

Жаңалыққа өту  

Биылғы жылы Алаш ардақтысы, мемлекет қайраткері, журналист, публицист Жалау Мыңбайұлының 130 жыл толуына орай облыстық кітапханасының ...

Жаңалыққа өту  

"Бір өлке-бір тұлға" акциясы аясында  Патша өкіметінің отарлау саясаты, Ұлт – азаттық қозғалыс, Ақпан төңкерісі, Кеңес үкіметінің  құрылуы, шаруалар ...

Жаңалыққа өту  

Өлкенің мерейтой иелері және еске алынатын күндер тізбесі 1 қаңтар - Каспий мемлекеттік аң-балық өнеркәсіп тресі құрылғынына 90 жыл (1932) 1 ...

Жаңалыққа өту  

                                                  2022 жылы еске алынатын күндердің                                                         ...

Жаңалыққа өту  

2021 жылғы неғұрлым маңызды еске алу және мерейтойлық даталар мен оқиғалар тізбесі № р/с Еске алу датасы (күні,айы) ...

Жаңалыққа өту  

...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу