• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Тарихы мен мәдениеті

ДОЛЫ АПА

Долы Апа – Маңғыстаудың ерекеше тарихи орындарының бірі және әйел атымен аталған аз ғана зираттардың бірі. Зират атауымен бірдей шатқал да бар. Үлкен сай бойында ежелгі өмір іздері кездеседі. Ежелгі тайпалар өздерінен естелік ретінде сәулет өнері туындыларын, мүсіндерді, тастан қашалған ескерткіштер, ескі бейіттер сияқты жәдігерлер қалдырған, Долы Апа зиратында ХІІ – ХІХ ғасырлардан қалған көптеген қойтастар мен бірнеше сағанатамдар бар. Бейіттер негізінен рельефті ойылған өрнектермен көркемделген, кейбірі ежелгі араб өрме жазуымен өрнектелген. Зираттың солтүстік – шығыс жағында кейінгі кезеңдегі қазақтың сағанатам, үштас түріндегі бейіттері шоғырланған. Тас пирамидалардың беткі қабаты ою – өрнекті жазбамен көркемделген, суреттер контурлы қашау техникасымен орындалған. 

ХІХ ғасырдың ортасында осында айдауда болған поляк суретшісі Б.Залесский осы зиратта болған екен, жергілікті халықтың салт – дәстүрін зерттеу барысында. Осында болғаннан кейін ол өзінің «Қазақ даласының өмірі» атты кітабында былай деп жазыпты: «Бұл зират өзге зираттарға ұқсайды. Ол жергілікті жерлеулер туралы дәл мәлімет береді. Бұл қорымда екі тас тақтамен белгіленген молалар өте көп. Бұл ескерткіш түрлері тек Маңғыстауға ғана тән, өйткені даланың ешқандай басқа түкпірінен мен мұндай молаларды кездестірген емеспін...»

Осы зираттың бейнесі Т.Г.Шевченконың суретінде сақталған. Бейбіт кешкі уақытта бейнеленген екен. Алдыңғы жағында екі ескі там. Бірі – дуылға тәрізді күмбезі бар Орта Азиялық мазар формасында, ал екіншісі – бір – біріне қарама – қарсы тұрған саркофаг формасындағы тас тақталардан құралған пирамиданы еске түсіреді. Айналасында шағын молалардың қирандылары. Алысырақта жартылай қираған күмбезі жоқ мазарлар. 

Маңғыстаудаға аты әйгілі Қосбармақ батырдың жалғыз қызы Бибі есімді түркімен қызы туралы мынадай аңыз сақталыпты. Бұл қыздың асқан сұлулығы жайлы әңгіме алысқа таралған екен. Ал оның ерекше батырлығы, өжеттігі туралы ел одан да көп хабарлы болса керек. Қыздың өжеттігі сол, ер жігіттерімен күш сынасып небір бәйгелерге қатысатын болған, қызбын деп қаймықпайды екен. Жау шапқан кезде де ерлермен қатар бел шешпей күрісетін болған. Жақын достары оның қайсар, тік мінезін білетін де, түсіністікпен қарайды екен. Мінезіне қарай ел оған Долы апа деп ат қойыпты. Ол бір ұрыста ерлікпен қаза тауыпты. 

Оның басына ең мықты шеберлер Қаратау шатқалынан әкелінген тастан мазар тұрғызыпты. Мазарда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Осы жерде, жақын маңда 30 км жердегі Сарыаташ бұғазынан әкелінген ірі сары құмдақтан екінші бір мазар тұрғызылған. Болктар долбарлап өңделген, бор, слюда, қыл және бие сүті қосылып араластырылған арнайы сылақпен әрленген. Қасбетінде уақыт тезінен өшіп қалған құрған сөздері. Кіре берісте «Бұл зиратты Адақ руынан шыққан Исламбек тұрғызған» деген жазу бар. 

Зиратқа жақын маңда жеміс ағаштарына толы бақ өсіп тұр. Құлазыған жазықта жайқалған бақ өркен жаюы, шынымен де таңқаларлық құбылыс емес пе? Өткен ғасырдың тақсаныншы жылдарының басында Маңғыстауға Қырғызыстаннан Ерқаш есімді бағбан келген. Елінен алма, өріктің тұқымдарын ала келген. Шөл далаға қырғыз алмасы, өрігі мен жүзімінің әр түрлі сорттарын өсіре бастаған, екі жылдай уақыт өткенде өсірген бағы жайқалып, жеміс бере бастаған. Қария жүз жасқа екі жыл қалғанда өмірден өткен. Оны еске салып, өзі өсірген мәуелі бағы осында келіп – кетушілерді қуантып, әлі күнге дейін жайқалып өсуде.

Тәтті жемістердің дәмін тата отырып, мынадай ойға қаласың, еріксіз: «Әйел зираты жанында, көз қуанышы болып, бақ тектен – тек өсіп тұрмаған шығар. Бұл жер әйел затына ған тиесілі».

Осы жерде Ақтау – Бозашы мемлекеттік қорығы орналасқан. Талай қызықты тамашалауға болатын өте тартымды жер десек артық айтқанымыз емес.

#МаңғыстауЖастары

#ДолыАпа

#ҒажайыпМаңғыстау 



Долы Апа – Маңғыстаудың ерекеше тарихи орындарының бірі және әйел атымен аталған аз ғана зираттардың бірі. Зират атауымен бірдей шатқал да бар. Үлкен ...

Жаңалыққа өту  

Тарихы мен мәдениеті  Маңғыстау жері – бұл ежелгі өркениет елі, 11 мың тарихи ескерткіш мемлекеттің қорғауына алынған археологиялық қорық, ашық ...

Жаңалыққа өту  

Ерте-ертеде әкесі балаларын өзіне шақырған. Барлығы бірден әкесінің алдына келген, тек кішісі, Сұлтан-әпе, шақырғанға бірден келмей, бірнеше күннен ...

Жаңалыққа өту  

Бекет-Ата Өте танымал ескерткіштердің бірі-Бекет-Ата мешіті жар тастан шауып жасалған. Мұсылман әлемінде Бекет-Ата дүниенің сыры жайлы білген, ...

Жаңалыққа өту  

Қарақия Маңғышлақ үстіртінің шығыс жағында, шамамен Ақтау қаласынан 50 шақырым жерде, солтүстік-батыстан оңтүстік шығысқа қарай мұхит деңгейінен ...

Жаңалыққа өту  

Маңғыстаудың саздары, әндері мен күйлері әрқашанда өзінің қайталанбастығымен және көркемдігімен ерекшеленген. Халықтың әнші-композиторлары, ұлы ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу