• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Тарихы мен мәдениеті

Маңғыстаудың саздары, әндері мен күйлері

Маңғыстаудың саздары, әндері мен күйлері әрқашанда өзінің қайталанбастығымен және көркемдігімен ерекшеленген. Халықтың әнші-композиторлары, ұлы ақын-жыраулар мен көптеген басқа да ұлттық рухтың данышпандары арттарына өте бай мұра қалдырды. Бұл мәдени дәстүрлер біздің талантты замандастарымыздың шығармашылығында да өз жалғасын табуда.

Жеті қайқысы” — 19 ғасырдың екінші жартысы мен 20 ғасырдың бас кезінде Маңқыстау түбегінде өмір сүрген халық өнерпаздары, сал-серілер. Олар: Өскенбай (күйші-домбырашы, әнші әрі жыршы), Тұрсын (әнші әрі күйші-домбырашы), Әділ (әнші әрі жыршы), Досат, Жылгелді, Тәстемір және Шолтаман (бәрі де әнші болған). Осы жеті өнерпаз жұбын жазбай бірге жүріп, Маңқыстау, Хиуа мен Хорезм аймағын, Жем мен Жайық бойын аралап, өнер көрсеткен.

Ешкімге бас имей, өздерін тәкаппар (қайқайып) ұстағандықтан ел ішінде “адайдың жеті қайқысы” атанып кеткен. Бұлардың ішінде Өскенбай шығармалары көбірек сақталған. Сонымен қатар Әділдің екі-үш әннен тұратын бір циклді “Жайма қоңыр” атты музыкалық шығармасы, Досаттың “Досат”, Жылгелдінің “Құнан нар”, Тәстемірдің “Маңқыстау”, Тұрсынның “Оймауыт”, Шолтаманның “Дәлейлім” (“Тал кеме”) дейтін әндері халық арасына кең тараған. “Адайдың жеті қайқысы” әндерін біздің заманымызға Қ. Қонаршиев, И. Жұмабаев, Қ. Қалмағанбетов, Қ. Нұраханов сынды әншілер жеткізген. Кезінде “Адайдың жеті қайқысының” орындауында “Досат”, “Құнан нар” және “Оймауыт” әнін А.В. Затаевич нотаға түсіріп, “Қазақ халқының 1000 әні” (Орынбор, 1925) жинағында жариялаған.

Қашаған Күржіманұлы 1841 жылы қазіргі Түркімен Республикасының Ташауыз облысы Мырзабасы ауылында туып, 1929 жылы Маңғыстау түбігендігі Қырықкез деген жерде қайтыс болған. Ол өзі жастайынан жетімдікті көп көрген. Ақынның жырлары ел ішіне ауызша тараған. Қашаған Маңғыстау, Хорезм аймағы, Еділ, Жайық, Жем, Сағызелді мекендерде болып; Ақтан, Мұрат, Бала Ораз, Қоспақ, Құрманғазы, Нұрым, Өмір, Ығылман ақын-күйшілермен кездесті. Қашаған өз өлеңдерінде надан, дінбұзар, дүмше молдалар мен сараң байларды аяуысыз әшкерелеп («Есқали сұпыға айтқаны», «Оразалыға» ), адамгершілік, ізгелік қасиеттерді («Берекет ақынға», «Сақыпқа айтқаны» ), дәріптейді, елдік пен ерлікті, халық мұратын («Ізім шайырмен айтысы», «Ізбасқа айтқаны») жырлайды. «Атамекен», «Топан», «Адай тегі», «Әзірет Ғали» дастандарында халықтың көне шежіресі мен тарихын, Атырау өңіріне үлкен қасірет әкелген табиғат апатын толғайды. Қашаған заман сырын сезіне алды, халық келешегіне сенді, әйел-ананың қоғамдағы рөлін түсінді, дүниенің мәңгі дамуда екенін, уақыттың өтпелілігін ұғына білді. Ол халық тарихын, дін-шариғат қағидаларын мол білген. Сүгір Бегендікұлы (1894-1974) (күйші Сүгірмен шатыстырмаңыз). Маңғыстау топырағында дүниеге келген белгілі ақын-жыраулардың бірі Сүгір Бегендікұлы өресіне табиғат берген өнер дарынын халыққа сыйлап, оның ыстық ықыласы мен құрметіне бөленген, бар парасатты ғұмырына еліне қызмет етумен өткізген асыл перзенті.

 Сүгір Жырау 1894 жылы Маңғыстауда Өгіз-Өреуіл деген жерде дүниеге келген. Сүгір Адайдың Мұңалы, оның ішінде Жаулыдан таралатын Ескелді ауылының перзенті. Әкесі Бегендік ескіше оқыған сауатты, діндар адам болған. Сүгірдің өз айтуы бойынша, әкесі екі рет Меккеге барып “Қажы” атанған кісі. Бейіті Шопан ата зиратына қойылған. Сүгірдің ауылдары қыста Аққуыс-Шөшік, Ақпан, Ажырықтыой, Қызылсу, Сенек-Сұмсасы, Аққұдық өңірлерін қыстап, жазда Үстіртте Ұзын, Уәлі, Дүңгірлек, Дауысты, Жүзадын шыңыраулары маңын, Жем бойын жайлаған. Сүгір жасында Саздыдағы Бәли Нұрнияз ақынның мектебінде білім алған. Жас кезінен-ақ өнерге жаны құмар болып өскен ол домбыра тартып, жыр үйреніп айтып, жиын-тойларда жиі-жиі көрініп, елге танымалы бола бастаған. 16 жасынан бастап халық ауызына ілініп, өнері бағалана бастаған Сүгірді, үлкен-үлкен жиын-мерекелерге шақырып ән салдырып, жыр айтыратын болған. Ол “Қарасай Қарлы”,”Едіге”,тағы басқа жыр-дастандарды жырлап айтуға машықтанады, өзі де өлең шығарумен айналасады.

 Мұрын жырау — Тілеген Сеңгірбекұлы (1859 - 1954 ж.) жырау. Қашаған жырау мен Нұрым жыраудың шәкірті, аталмыш жыраулардан Қырымның қырық батыры эпопеясын үйреніп, біздің заманымызға дейін жетіп, қағаз бетіне түсуіне септігін тигізген қайраткер. ХХ ғ. қазақ ауыз әдебиетінің ең жарқын өкілдерінің бірі.

 Абыл (шын аты – Абылай) Тарақұлы (1820, Оймауыт-Желтау мекені – 1892, сонда) – күйші, Маңғыстау домбырашылық мектебінің негізін салушы. Бала кезінде еркелетіп Абыл атанған; жастайынан ән мен күйді серік етіп, Боғда, Қошқар сынды күйшілерді өзіне ұстаз тұтқан. Олардың күйлерін үйреніп қана қоймай, бертін келе өзі де күй шығарып, орындаушылық-күйшілік өнерімен танылған. Абылдың «Абыл», «Ақжелең» (А. нұсқасы), «Нар ату», «Ақсақ құлан», «Кеңес», «Аранжанның шалқымасы» аталатын күйлері сақталған. Стильдік жағынан оған шалқыма пошымы, нәзік қайырымдар, күрделі үндестік тән. Абыл Қазақстанның батыс аймағын, Түрікменстан, Қарақалпақстан, Хиуа аумағын аралап, сан рет күйшілер өнерінің сайысына түскен. Есбай (Тазбала), Алтынай, Сәулебай, Өскенбай, Арал, Құлшар, Қауен, Есір, т.б. күйшілер өздерін Абылдың шәкірті санаған әрі оның күйшілік өнерін, орындаушылық дәстүрін жалғастырып, кейінгі ұрпаққа жеткізген.



Долы Апа – Маңғыстаудың ерекеше тарихи орындарының бірі және әйел атымен аталған аз ғана зираттардың бірі. Зират атауымен бірдей шатқал да бар. Үлкен ...

Жаңалыққа өту  

Тарихы мен мәдениеті  Маңғыстау жері – бұл ежелгі өркениет елі, 11 мың тарихи ескерткіш мемлекеттің қорғауына алынған археологиялық қорық, ашық ...

Жаңалыққа өту  

Ерте-ертеде әкесі балаларын өзіне шақырған. Барлығы бірден әкесінің алдына келген, тек кішісі, Сұлтан-әпе, шақырғанға бірден келмей, бірнеше күннен ...

Жаңалыққа өту  

Бекет-Ата Өте танымал ескерткіштердің бірі-Бекет-Ата мешіті жар тастан шауып жасалған. Мұсылман әлемінде Бекет-Ата дүниенің сыры жайлы білген, ...

Жаңалыққа өту  

Қарақия Маңғышлақ үстіртінің шығыс жағында, шамамен Ақтау қаласынан 50 шақырым жерде, солтүстік-батыстан оңтүстік шығысқа қарай мұхит деңгейінен ...

Жаңалыққа өту  

Маңғыстаудың саздары, әндері мен күйлері әрқашанда өзінің қайталанбастығымен және көркемдігімен ерекшеленген. Халықтың әнші-композиторлары, ұлы ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу