"Парасат жолы" орталығы
Бүгін кітапханамызда «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» орталығының салтанатты ашылуы болып өтті.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті. Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы.
Мақсаты: Бүгінгі жиынымыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ел азаматтары арасында парасаттылық пен адалдық қағидаттарын нығайту бағытында «Адалдық алаңы» аясында «Парасат жолы» орталығын құру. Біріккен іс-қимыл жоспарын жасау. Осы мақсатпен зиялы қауымдарды, ұлт өкілдері орталығын, білім басқармаларын, жұртшылықты «Парасат орталығы» жұмысына тарту, сол арқылы қоғам назарын кітап оқуға аудару, жұртшылықты кітап оқу арқылы тәрбиелеуді жандандыру.
Қатысушылар: Маңғыстау облысы әкімнің орынбасары Гүлмира Мұратқызы, Маңғыстау облысының дін істер басқармасының басшысы, Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Пәния Оңалбайқызы Сармурзина, зиялы қауымдар, ақын-жазушылар, украин және татар этно-мәдени бірлестіктері, Ш. Есенов университет мұғалімдері, Мәдениет басқармасына қарасты мекеме басшылары, колледж мұғалімдері, журналистер.
Аталмыш орталық ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің бірлескен жобасы.22 шілде күні облыстық кітапханасының Өлкетану залында "Өзі батыр әрі би Бабық Мыңбай" атты Мыңбай Әжібайұлының туғанына 220 жыл толуына орай ...
18-19 шілде күндері облыстық кітапханада "ҚИССА сүл-әнбия", "Бейсен және болмыс" кітаптарының тұсау кесерлері өтіп жатыр, және кітап жәрмеңкесі ...
" ОН ТӨРТТЕ ЕЛ ТАНЫҒАН БОЛДЫМ БАЛДАЙ АҚЫН". Бүгін Қ. Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасы Өлкетану залында Өлкенің ақын қызы Балдай ...
Жақында кітапхана қорынан ала аласыздар! ...
⚜️АЙТУҒАН ЖЫРАУДЫҢ 220 жылдығына орай. Бүгін өлкетану залында маңғыстаулық ақын, сыбызғышы Айтуған Тайұлының биыл 220 жылдық мерейтойы аясында ...
Бүгін елімізде Ұлттық домбыра күні! Құрметті оқырмандар! Сіздерді кітапханамыздың өнер бөлімінде ұйымдастырған кітап көрмесін тамашалауға ...
Маусым айында кітапханамыздың техникалық әдебиет бөліміне "Өрлеу" БАҰО" АҚ Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институтының орыс тілі пәнінің ...
Ұлт ұстазына арналған сайыс мәресіне жетті! ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен жыл сайын ...
8 маусым күні облыстық кітапханасына мектеп мұғалімдері мен кітапханашылары келіп, кітапхана қорына түскен жаңа кітаптарымен, кітапхана бөлімдерімен ...