"Парасат жолы" орталығының жаңалықтары
"Парасат жолы" орталығының жаңалықтары.
Бүгін облысымызға іс сапармен келген «Парасат жолы» республикалық орталығының басшысы, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Жазира Жақсылыққызы Қабиболла Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапхана қызметкерлерімен кездесті.
Жиын барысында «Парасат жолы» республикалық орталығының жетекшісі Сәдібек Түгел жемқорлықпен күрес жолында атқарылып жатқан ауқымды іс-шаралар мен жобалар жайлы баяндап, қатысушыларды қоғамдық кеселмен бірге күресуге шақырды.
Сөз кезегінде Жазира Жақсылыққызы парасаттылықты, адалдықты насихаттап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін өскелең ұрпаққа ең алдымен, парасатты тәрбие беру керек екенін айтты.
22 шілде күні облыстық кітапханасының Өлкетану залында "Өзі батыр әрі би Бабық Мыңбай" атты Мыңбай Әжібайұлының туғанына 220 жыл толуына орай ...
18-19 шілде күндері облыстық кітапханада "ҚИССА сүл-әнбия", "Бейсен және болмыс" кітаптарының тұсау кесерлері өтіп жатыр, және кітап жәрмеңкесі ...
" ОН ТӨРТТЕ ЕЛ ТАНЫҒАН БОЛДЫМ БАЛДАЙ АҚЫН". Бүгін Қ. Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасы Өлкетану залында Өлкенің ақын қызы Балдай ...
Жақында кітапхана қорынан ала аласыздар! ...
⚜️АЙТУҒАН ЖЫРАУДЫҢ 220 жылдығына орай. Бүгін өлкетану залында маңғыстаулық ақын, сыбызғышы Айтуған Тайұлының биыл 220 жылдық мерейтойы аясында ...
Бүгін елімізде Ұлттық домбыра күні! Құрметті оқырмандар! Сіздерді кітапханамыздың өнер бөлімінде ұйымдастырған кітап көрмесін тамашалауға ...
Маусым айында кітапханамыздың техникалық әдебиет бөліміне "Өрлеу" БАҰО" АҚ Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институтының орыс тілі пәнінің ...
Ұлт ұстазына арналған сайыс мәресіне жетті! ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен жыл сайын ...
8 маусым күні облыстық кітапханасына мектеп мұғалімдері мен кітапханашылары келіп, кітапхана қорына түскен жаңа кітаптарымен, кітапхана бөлімдерімен ...