2022 жылы еске алынатын күндердің Маңғыстау бойынша күнтізбесі
2022 жылы еске алынатын күндердің
Маңғыстау бойынша күнтізбесі
Оқиға датасы |
Оқиғаның қысқаша сипаттамасы |
Сілтемелер |
|
Қаңтар |
|
1 қаңтар
|
90 жыл бұрын (1932 ж.) Каспий мемлекеттік аң-балық өнеркәсіп тресі құрылды. |
МОМА, қ. 66 |
2 қаңтар
|
Қазақ КСР-на еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, халыққа білім беру ісінің үздігі Орын Құлсариевтің туғанына 90 жыл (1932 ж.). |
МОМА, қ. 475 |
28 қаңтар
|
КСРО-ның құрметті мұнайшысы, Қазақ КСР-на еңбегі сіңген мұнайшы, Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы Өтесінов Рахметтің туғанына 95 жыл (1927 ж.). |
МОМА, қ. 475 |
қаңтар
|
55 жыл бұрын (1967 ж.) Химиялық-гидрометаллургия зауытының бірінші кезеңі пайдалануға берілді. |
МОМА, қ. 530 |
қаңтар
|
55 жыл бұрын (1967 ж.) Каспий тау-кен комбинатының жөндеу-механикалық шеберханалары құрылды. 1970 жылдан бастап - жөндеу-механикалық зауыты, қазіргі уақытта -Каспий аумақтық машина жасау комбинаты. |
МОМА, қ. 530
|
|
Ақпан |
|
12 ақпан
|
КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері, «Құрмет Белгісі» орденінің иегері, халықаралық жарыстардың жеңімпазы маңғыстаулық Әмин Тұяқовтың туғанына 85 жыл (1937 ж.). |
«Маңғыстау» энциклопедиясы. Алматы, 1997; Сегізбаев М. Ауылымда ізі жатыр ұлылардың. Алматы, 2009 |
23 ақпан
|
КСРО Жоғарғы Кеңесінің халық депутаты, «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігінің бас директоры болған Бекбосынов Нұрлыхан Өтеуұлының туғанына 85 жыл (1937 ж.). |
МОМА, қ. 175 |
24 ақпан
|
50 жыл бұрын Шевченко қаласында алғашқы радиохабарлама берілді (1972 ж.). |
МОМА, қ. 340 |
ақпан
|
55 жыл бұрын «Маңғышлақмұнайгеофизика» тресі құрылды (1967 ж.). |
МОМА, қ. 137 |
|
Наурыз |
|
1 наурыз
|
50 жыл бұрын (1972 ж.) Каспий аймақтық тау-кен комбинаты тұрмыстық-коммуналды басқармасының көгалдандыру цехы құрылды. |
МОМА, қ. 530 |
|
Сәуір |
|
8 сәуір
|
65 жыл бұрын «Маңғышлақмұнайгазбарлау» тресі құрылды (1957 ж.). |
МОМА, қ. 156 |
22 сәуір
|
Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің профессоры, геология-минералогия ғылымдарының докторы Құрбан Аманиязовтың туғанына 90 жыл (1932 ж.). |
МОМА, қ. 175 |
|
Мамыр |
|
1 мамыр
|
90 жыл бұрын (1932 ж.) Форт-Александровск (қазіргі Форт-Шевченко) қаласында Т. Г. Шевченко мемориалды мұражайы ашылды. |
Культурное строительство на Мангышлаке. Сборник документов. Актау, 1996 |
7 мамыр |
30 жыл бұрын (1992 жылы) Қазақстан Республикасының қарулы күштері құрылды. |
|
10 мамыр
|
Социалистік Еңбек Ері, «Маңғышлақбалықтоңазытуфлоты» басқармасының балық аулау кемерінің капитаны Оразбаев Ізтұрғанның туғанына 105 жыл (1917 ж.). |
МОМА, қ. . 154 |
10 мамыр |
Ақтау қаласының құрметті азаматы, құрылыс саласының ардагері Ляшенко Николай Федоровичтің туғанына 85 жыл (1937 ж.). |
МОМА, қ. . 179 |
31 мамыр |
25 жыл бұрын (1997 жылы 05 сәуірдегі Қазқстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 31 мамыр) саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп бекітілді. |
Маңғыстаудың азалы жылдары Алматы 2007 ж. |
|
Маусым |
|
маусым
|
95 жыл бұрын (1927 ж.) Маңғышлақта Қызылармия және жұмысшы, шаруа Кеңесінің депутаттығына алғашқы сайлау өткізілді. |
МОМА, қ. 276 |
|
Шілде |
|
1 шілде
|
55 жыл бұрын (1967 ж.) Шевченко қаласында «Огни Мангышлака», қазіргі облыстық «Огни Мангистау» газетінің алғашқы нөмірі жарыққа шықты. |
МОМА, қ. 172 |
6 шілде
|
30 жыл бұрын (1992 ж.) Маңғыстау облысының батысында орталығы Форт-Шевченко қаласы болып Түпқараған ауданы құрылды. |
МОМА, қ. 330 |
25 шілде
|
100 жыл бұрын (1922 ж.) Форт-Александровскіде Урицкий атындағы пионер ұйымы құрылды. |
МОМА, қ. 27п |
шілде |
30 жыл бұрын (1992 ж.) «Ақтау» Халықаралық теңіз транспорт компаниясы құрылды, оның құрылуы Қазақстан Республикасында теңіз сауда флотының ашылуына жол ашты. |
Летопись г. Актау, 1963-2003. Алматы, 2003 |
|
Тамыз |
|
19 тамыз
|
50 жыл бұрын (1972 ж.) Шевченко қаласында №194 қалалық кәсіптік-техникалық училищесі құрылды. (қазіргі Маңғыстау энергетика колледжі). |
МОМА, қ. 472 |
|
Қыркүйек |
|
8 қыркүйек |
50 жыл бұрын (1972 ж.) Шевченко қаласы әуежайында алғашқы рет Ил-18 жолаушылар лайнері қонды. |
Летопись города Актау, 1963-2003. Алматы, 2003 |
27 қыркүйек |
Социалистік Еңбек Ері, 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының ардагері Савин Петр Григорьевичтің туғанына 100 жыл (1922 ж.) |
ГАМО, ф. 154 |
15 қыркүйек
|
95 жыл бұрын (1927 ж.) Жұмысшы, шаруа және қызылармия депутаттары Адай округтік Кеңесінің І съезі өткізілді. |
МОМА, қ. 276 |
қыркүйек
|
35 жыл бұрын (1987 ж.) алғаш рет Шевченко қаласында «Каспий – достық теңізі» халықаралық жастар фестивалі өткізілді. |
Летопись г. Актау, 1963-2003. Алматы, 2003 |
|
Қазан |
|
15 қазан
|
Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген еңбеккері Қорбақов Таушанның туғанына 100 жыл (1922 ж.). |
МОМА, қ. 174 |
20 қазан
|
Қазақстан Коммунистік партиясы Маңғышлақ облыстық комитетінің бірінші хатшысы, төрт рет Еңбек Қызыл Ту және екі рет Құрмет Белгісі ордендерінің иегері, Ақтау қаласының құрметті азаматы Мұқашев Саламат Мұқашұлының туғанына 95 жыл (1927 ж.). |
МОМА, қ. 154 |
24 қазан
|
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, маңғыстаулық ақын, журналист Гүлжаухар Сейітжанқызы 75 жаста (1947 ж.). |
Летопись г. Актау, 1963-2003. Алматы, 2003 |
26 қазан
|
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігінің бас директоры Тимонин Виталий Иосифовичтің туғанына 95 жыл (1927 ж.). |
МОМА, қ. 175 |
|
Қараша |
|
24 қараша
|
Социалистік Еңбек Ері, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерінің иегері, Шевченко қаласының құрметті азаматы, Маңғыстаудағы Каспий аймақтық тау-кен комбинатының алғашқы директоры Григорян Рубен Арамаисовичтің туғанына 105 жыл (1917 ж.). |
МОМА, қ. 154 |
24 қараша
|
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты, партия, кеңес қызметкері Ережепов Қайролла Жеткізгенұлы 75 жаста (1947 ж.). |
МОМА, қ. 175 |
29 қараша |
50 жыл бұрын (1972 ж.) Шевченко қаласында әлемде алғашқы рет шапшаң нейтронды БН-350 реакторының физикалық іске қосылуы сәтті жүргізілді. |
МОМА, қ. 506. Тарихи анықтама |
|
Желтоқсан |
|
12 желтосан
|
Маңғыстаудағы белгілі партия, кеңес қызметкері, 1930-1940 жж. қуғын-сүргінге ұшыраған Қилыбаев Байбоздың туғанына 125 жыл (1897 ж.). |
МОМА, қ. 175 |
20 желтоқсан |
Еліміздің мұнай ісінің үздігі, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры, Маңғыстау облысының аткомның төрағасы, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Қаз ССР-нің Жоғары Кеңес депутаты, Ақтау қаласының құрметті азаматы Марабаев Нәсіпқали Әбуғалиұлының туғанына 95 жыл (1927). |
МОМА, қ. 3п, 330 |
25 желтоқсан |
Ақтау қаласының құрметті азаматы, денсаулық сақтау саласының үздігі, Қазақ КСР-на еңбегі сіңген дәрігер, облыстық перзентхананың бөлім меңгерушісі Джиоева Екатерина Бетоевнаның туғанына 80 жыл (1942 ж.). |
МОМА, қ. 475 |
25 желтоқсан
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, профессор, медицина ғылымдарының докторы, оташы, маңғыстаулық Намаз Ізімбергеновтың туғанына 85 жыл (1937 ж.). |
МОМА, қ. 475 |
|
2022 жылдың айы мен күндері анықталмаған атаулы даталар |
|
1857 жыл |
Маңғыстаулық әнші-сазгер, шебер-зергер, «Ақбөбек» әнінің авторы Қайып Қорабайұлының туғанына 165 жыл. |
«Маңғыстау» энциклопедиясы, Алматы, 1997 |
1882 жыл |
Халық емшісі және ағартушы, инженер-геолог, маңғыстаулық ғалым Оразмағанбет Тұрмағанбетұлының туғанына 140 жыл. |
МОМА, қ. 175 |
1887 жыл |
Көрнекті мемлекеттік қызметкер, 1920 жж. Маңғыстауда кеңес үкіметін орнатудағы белгілі күрескер Нұрсұлтан Оңғалбаевтың туғанына 135 жыл. |
МОМА, қ. 214 |
1892 жыл |
Қазақстанның көрнекті мемлекеттік қайраткері, Маңғыстауда кеңес үкіметін орнатудағы белсенді күрескер Жалау Мыңбаевтың туғанына 130 жыл. |
МОМА, ққ. 214, 235 |
1892 жыл |
Қазақтың әскери-эскадрон полкінің алғашқы командирі, Маңғыстаудан шыққан алғашқы әскери комиссар Төлесін Әлиевтің туғанына 130 жыл. |
МОМА, қ. 214 |
1922 жыл |
1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан Кеңес Одағының Батыры, маңғыстаулық Жұмағали Қалдықараевтың туғанына 100 жыл. |
Боздақтар. Алматы, 2003; Тағзым. Алматы, 2005 |
1927 жыл |
«Маңғыстаумұнайгазбарлау» экспедициясының тұңғыш бұрғылаушысы, мұнайшы, Жетібай кен орнын алғашқы ашушыларының бірі Тасмұратов Нұржаудың туғанына 95 жыл. |
МОМА, қ. 542 |
1932 жыл |
Ленин, Октябрь революциясы ордендерінің иегері, Өзен геология-барлау экспедициясының бұрғылау шебері Ғазиз Әбдіразақовтың туғанына 90 жыл. |
МОМА, қ. 174 |
1937 жыл |
Жоғары дәрежедегі неврапотолог-дәрігер, КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі, Есманова Мензипа Ишмухановнаның туғанына 85 жыл. |
МОМА, қ. 475 |
1972 жыл |
50 жыл бұрын Маңғышлақ газөндіру басқармасы құрылды. |
МОМА, қ. 176 |
1977 жыл |
45 жыл бұрын Шевченко қаласының архитектурасы үшін инженер, архитекторлар және құрылысшылар тобы КСРО Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды. |
Жемчужина Каспия. Алматы, 2003 |
1992 жылы |
30 жыл бұрын Маңғыстау облысында бірнеше ұлттық-мәдени орталықтар ашылды: татар халқының «Булгар», азербайжан халқының «Достлуг», корей халқының «Чэсэнь», армян халқының «Ехпайрутюн», шешен-ингуш халқының «Вайнах», лезген халқының «Самур» орталықтары ашылды. |
МОМА, ққ. 330, 357п |
18-19 шілде күндері облыстық кітапханада "ҚИССА сүл-әнбия", "Бейсен және болмыс" кітаптарының тұсау кесерлері өтіп жатыр, және кітап жәрмеңкесі ...
" ОН ТӨРТТЕ ЕЛ ТАНЫҒАН БОЛДЫМ БАЛДАЙ АҚЫН". Бүгін Қ. Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасы Өлкетану залында Өлкенің ақын қызы Балдай ...
Жақында кітапхана қорынан ала аласыздар! ...
⚜️АЙТУҒАН ЖЫРАУДЫҢ 220 жылдығына орай. Бүгін өлкетану залында маңғыстаулық ақын, сыбызғышы Айтуған Тайұлының биыл 220 жылдық мерейтойы аясында ...
Бүгін елімізде Ұлттық домбыра күні! Құрметті оқырмандар! Сіздерді кітапханамыздың өнер бөлімінде ұйымдастырған кітап көрмесін тамашалауға ...
Маусым айында кітапханамыздың техникалық әдебиет бөліміне "Өрлеу" БАҰО" АҚ Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институтының орыс тілі пәнінің ...
Ұлт ұстазына арналған сайыс мәресіне жетті! ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен жыл сайын ...
8 маусым күні облыстық кітапханасына мектеп мұғалімдері мен кітапханашылары келіп, кітапхана қорына түскен жаңа кітаптарымен, кітапхана бөлімдерімен ...
7 маусым күні кітапханамызда "Облыстық және білім беру ұйымдарының кітапхана байланысы: ынтымақтастық, тәжірибе, біліктілік" атты семинар-тренинг ...