• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Сценарийлер

«Сағындырған саңлақ» Ғарифолла Құрманғалиевтың 105 жылдығына орай кеш сценарийінің жоспары

Кешке Ғ.Құрманғалиевтың шәкірттері және олардың шәкірттері, ән-терме орындаушылар, студенттер қатысады. Кеш барысында кітап көрмесі таныстырылып, тақырыпқа орай бейне-слайд көрсетіліп, әндер орындалып, Ғарифолла туралы өлеңдер оқылады.

/Кеш басталар алдында Ғ.Құрманғалиевтың әні орындалады. Орындайтын: Айгерім Құлжарасова «Әнші дауысы».Ән біткен соң ортаға жүргізуші шығады./

Жүргізуші:

Көкірегінен әсем әннің көк мұхитын шайқаған,

Ей, Ғареке, қасиетті қазына жыр, байтақ ән.

Сенің ару жүрегіңді қалайша мен айта алам,

Сендей саңлақ бұл өмірге келер ме екен қайтадан?- деп, Төлеген Айбергенов жырлағандай, Ғарифолла Құрманғалиев сынды саңлақтың 105 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған «Сағындырған саңлақ» атты кешімізге қош келдіңіздер!

Ғарифолла Құрманғалиев- 1909 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Ақкөл деген жерде дүниеге келген. 1993 жылы дүниеден озды.  Медреседе білім алған. Жастайынан алдымен әкесінен, кейін анасынан жетім қалады. Бірақ, ағасы Ғұбайдолланың арқасында жетімдік көрмейді.  Табиғи таланты бар Ғарифолла  бала кезден әншілік өнерімен көзге түседі. Жалпы, Ғарифолла Мұхит әндерін насихаттаушысы. Шынтас Қаратаев, Шайқы Мұхитовтардың қасында ән айта жүріп, елге таныла түседі. 30 жылдары Ғарифолла есімі бүкіл ауданға белгілі болады. Соның ішінде ауданға шекаралас Ақтөбе, Атырау облыстарына да  танымал болады.

1934 жылы  маусым айында Алматыда өткен халық таланттарының Бүкілқазақстандық слетіне қасысып, топтан озып көзге түскен Ғарифолла Құрманғалиев жаңадан құрылған музыкалық драма театрға қызметке қалдырылады. Міне, осы кезден бастап Ғарифолла Құрманғалиев бүкіл елге таныла бастайды. Қазақ ССР еңбек сіңірген әртісі, Халық әртісі атағы, сондай-ақ көптеген медальдар мен құрмет грамоталарымен марапатталған.

Бүгінгі біздің кешімізге Ғарифолла Құрманғалиевтың шәкіртінің шәкірттері ҚР Мәдениет қайраткері Сатыбалдин Бауыржан Нұрлыбекұлы ағамыз,Мәдениет саласының үздігі Ерімбетова Ақмарал Тастанбекқызы апаймен  қатар, өнер колледжі студенттері, гуманитарлық колледж студенттері, туризм колледж студенттері қатысып отыр. Осы орайда сөз кезегін осы аға- апаларымызға бере отырайық. Ендеше, Бауыржан аға, сөз кезегін өзіңізден бастасақ. Ғарифолла атамыз жайлы естеліктеріңізбен бөлесе отырсаңыp.

 / Б.Сатыбалдин сөйлейді, ән айтады/

Жүргізуші: / Б.Сатыбалдин сөйлеп болған соң/:

Ендігі сөз кезегін Ақмарал Тастанбекқызына берсек.

/Ақмарал апай сөйлеп болған соң/: Ән: «Он алты қыз», «Желдірме» Орындайтын: Өнер колледжінің студенті Жігер Бектұрғанов.

Жүргізуші: Ғарифолла Құрманғалиев – тума талант, құдай берген дарын. Ғарифолла Құрманғалиев – ХХ ғасырдағы қазақ музыка мәдениетінің ерен құбылысы. Ондаған жылдар бойы ол жалғыз өзі Батыс Қазақстанның көне де жоғары дәрежеде дамыған вокалды-аспаптық дәстүрін паш еткен. Ол әнші ғана емес, өзі де ән шығарған адам.  Театр сахнасында талай образды сомдаған актер. Бүгінгі кешке орайластырылып Ғарифолла Құрманғалиев туралы бейне- слайд жасалған болатын, сол слайдты назарларыңызға ұсынамыз.

/слайд көрсетіледі/

Жүргізуші: /слайд көрсетіліп болған соң/: Назарларыңызға рахмет.

Тағы да кезекті әнге береміз. Осы кешке өз ықыласымен «осы кешке қатысқым келеді» деп келіп отырған өнерлі студент Амангелді Жандарбек қатысып отыр. Ендеше, кезекті өнер колледжінің студенті Амангелді Жандарбектің орындауындағы «Нұржамал» және «Ақ Айша» әніне береміз.

Ән: «Құмардың термесі». Орындайтын: Өнер колледжінің студенті Айгерім Құлжасарова.

Жүргізуші: Әміре Қашаубаев 1925 жылы тұңғыш рет Парижде өткен Дүниежүзілік сән өнерінде қазақ ән өнерін шет елге танытып, дауысына бар халықты тәнті етсе,  екінші осы Ғарифолла Құрманғалиев өз дауысының ерекшелігімене шетелдіктерді таң қалдырған. Бірде Италиядан  Алматыға музыка зерттеушілері келеді. Сол кезде оларды қайран қалдырған Ғарифолла Құрманғалиевтың дауысы екен. Әншінің орындауындағы біраз әнді жазып алып кетеді. Қазір сол таспа Италияның Генуя қаласындағы «Әлемде сирек кездесетін дыбыстар» мұражайында сақтаулы екен.  Ғарифолланың аңызға бергісіз үні Қытай, Пәкістан, Иран, Германия, Италия елдерінде шарықтады.Осы жерде кезекті әнге бере отырсақ, ортамызда өнер колледжінің студенттері қатысып отыр. Ғарифолла Құрманғалиевтың репертуарындағы әндерді  тыңдай отырайық.

Кезек тағы да ән де. Ән: «Сүйген жар»  Орындайтын : Өнер колледжінің студенті  Бақдәулет Толыбекұлы.

/ән орындалады/

Жүргізуші: Жоғарыда айтып өттік, Ғарифолла Құрманғалиев медреседе білім алған. Құранды бала күнінде  түрікше, парсыша, арабша өте әдемі сазбен оқыған. Адамның дауысының ерекшелігі өздеріңіздер білесіздер, көмей шеміршектеріне, дыбыс сіңірленіне, таңдайға  байланысты. Бөрібай Кәртен «Ғарифолланың таңдайы» деген мақалада былай деп жазады: «Бозбала кезімізде талай таңдайларды көрдік, солардың бәрі әдетте шұңғыл болып келетін, Ал, мына таңдайдың құрылымы тіптен басқа. Тайпақ, тайыз!» деп жазады. Міне, бұл Алланың екінің біріне бере бермейтін сыйы десе де болады. Бөлек жаратылыс. Ғ.Құрманғалиевке  арналып жазылған өлеңдерге кезек берейік. _________________________________________________________________

/ Ғарифоллаға арналған өлеңдер оқылады/

Жүргізуші:  Кезекті тағы әнге бұрсақ. Ән: «Ақжамал».  Және «Жас өмір» Орындайтын : Өнер колледжінің студенті Оңдасын Қалқанов.

Жүргізуші: Бүгінгі кешімізге орайластырылып «Ән көгінің сұңқары» кітап көрмесі дайындалды. Ендеше, кітап көрмесімен Гуля Жарасханқызы таныстырады.

/көрме таныстырылады/

Жүргізуші: Бүгінгі кешіміз өз мәресіне жете келді.  Ендеше, кешімізді қорытындылау үшін  сөз кезегін  әдіскер Н.Тұманбайқызына береміз.

/Алғыс хатпен марапаттау/

Жүргізуші: Құрметті қонақтар кешімізге қатысқандарыңыз үшін барлығыңызға рақмет! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 



Күйші,Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, «Құрмет»өрденінің иегері                         Сержан Шәкіраттың 75 жас мере

Жаңалыққа өту  

Суретші,қазақтың бейнелеу өнерінің негізін салушы    Әбілхан Қастеевтің туғанына 110 жыл  

Жаңалыққа өту  

Библиографиялық шолу: «Астана – бас қала» 

Жаңалыққа өту  

«Астанаға саяхат» Кеш мақсаты: ● Астана қаласына саяхатқа барып, әсем ғимараттарымен танысу. Тәрбиелік: Өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезіміне ...

Жаңалыққа өту  

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті кітапхана қонақтары мен оқырмандар! Қазақ поэзиясында  ойып тұрып орын алғ

Жаңалыққа өту  

ешке Ғ.Құрманғалиевтың шәкірттері және олардың шәкірттері, ән-терме орындаушылар, студенттер қатысады. Кеш барысында к

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу