• Область Мангистау, Город Актау, 19А микрорайон, здание 1/1
  • Вторник - Пятница: 09:00-18:30
    Суббота - Воскресенье: 10:00-18:30
    Понедельник - выходной

Сценарии

«Жазушы кейіпкерлері суретшілер көзімен»

Құрметті оқырмандар!

Бүгінгі Қазақстан Республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы 2014, қазақ жазушысы Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» кітабының желісі бойынша «Жазушы кейіпкерлері суретшілер көзімен» атты тақырыппен кітапхана ішілік шараға қош келдіңіздер!

Шараға Маңғыстау өнер колледжінің  «Кескіндеме бөлімі» 2б,2а курс студенттері мен мұғалімі Джолдасбаева Ж.К., №10 орта мектебінің 8 сынып оқушылары мен мұғалімі Сугурова Ж.К. келіп отыр.

Сіздерді акция тарихымен таныстырып өтейін.
Кітап - адамзат баласының баға жетпес рухани құндылығы. Кітап білім мен тәрбие құралы ретінде жеке тұлғаны қалыптастыруда ерекше ықпалға ие. Электронды дәуір ағымына қарамастан, кітаптың орнын ештеңе де алмастыра алмақ емес.
Оқырман мен кітаптың арасын жақындату мақсатында әлем қолдан келген бар мүмкіндіктерді қолдануда.

 Кітап оқу акциялары, ең алдымен АҚШ - да өте танымал болған. «Бір кітап - бір Чикаго» және «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітап оқыса...» деген жобалар жұмыс істеген. Мұндағы басты принцип - кітап пен оқырман арасын жақындатып, бір шығарманы көпшілікпен бір уақыт аралығында оқып, талқылау.


Еліміздің оқу мәдениетін дамыту,  жастардың бойына патриоттық сезімді баулу, ұлттық идеологияны дамыту, жастарды қазақ жазушыларының шығармаларын оқуға  баулу мақсатындағы ҚР Мәдениет министрлігі мен Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен 2007 жылдан бері қолға алынып, жүзеге асып келе жатқан

переход на 2 слайд

«Бір ел-бір кітап» акциясы – керемет жаңалық, жаңа үрдіс болып қалыптасты. 
«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында ел болып оқуға  жыл сайынғы кітап таңдау жұмысы оңайға соқпайды. Себебі әр жазушының шығармасы таңдауға лайық, әрбір шығарма оқырмандарды ойландыратын, толғандыратын тәрбиелік мәні бар, адам тағдырлары мен тарихи оқиғаларды бейнелейді. 

2007 жылы алғаш рет Ұлы тұлға , ақын, философ, композитор, аудармашы Абай Құнанбаевтың  «Қара сөздері» тандалып алынды.  Переход на 3-й слайд

 2008 жылғы М. Әуезовтің «Қилы заман» повесі кейіпкерлерінің мінез - құлқы мен заман тартысы арқылы жастарды Отаншылдыққа үндеді.

2009 жылғы оқу акциясына «Ұлттық поэзия падишасы» болып саналатын Мағжан Жұмабаевтың махаббат лирикасы, оның оқырмандарға таныс «Жан сөзі» жинағы таңдалып алынды.

2010 жылы қазақтың қаһарман ақыны Жұбан Молдағалиевтың «Мен қазақпын» поэмасы асқақ үнімен оқушыларды рухтандырды.
2011 жылы  көрнекті жазушы, ақын, драматург, сыншы, аудармашы Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы халықтық талқылауға таңдалып алынды.
2012 жылы көркем сөздің құлагері - Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным» повесі оқу акциясы бойынша оқылды
2013 жылы «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында өз оқырмандарына жол тартқан «Дауа» кітабы - Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті қазақ ақыны Фариза Оңғарсынованың төл туындысы бойынша өткізілді..

Биыл сегізінші рет өткізіліп отырған республикалық акцияны ұйымдастыру комитетінің төрайымы Фариза Оңғарсынова болатын. Қантардың 23 жұлдызында  ақын апамыз дүниеден озды. Поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың жарқын бейнесі, онын артында қалдырған мол мұрасы біздің жадымызда мәңгі қалады.

4 слайд

2014 жылы ел болып оқитын кітапты таңдау үшін
т алқылау барысында оқырмандардың ең көп дауысын жинаған Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді», Сайын Мұратбековтың «Басында Үшқараның...», Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты көркем туындылары дауысқа салынды. Жабық дауыс беру нәтижесінде Сайын Мұратбековтің «Жусан исі» және «Басында Үшқараның...» атты шығармалары ең көп дауыс жинап, жыл кітабы болып таңдалды.
Сайын Мұратбеков – қазақ прозасында орны айқын, көркемдік әлемімен баураған жазушының бірі. Жазушының шығармалары орыс, өзбек, татар, украин, белорус, грузин, әзірбайжан, литва, араб тілдерінде жарық көрген. Жазушы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының, М. Әуезов атындағы әдеби сыйлықтың және Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Кітап көрмесімен таныстыру

Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» кітабының желісі бойынша «Жазушы кейіпкерлері суретшілер көзімен» атты тақырыппен Маңғыстау өнер колледжінің «Кескіндеме бөлімі» 2б,2а курс студенттері мен мұғалімі Джолдасбаева Ж.К сөз береміз.

Сұрақтар:

Әңгімені оқығаннан кейін қандай коңіл-күйінізде болдыныз?   Қағаз бетіне түсірген туралы айтып берініз. т.б. ...

Қатысушыларға сөз беру. Марапаттау. Фото.

Жүргізуші: өнер секторының меңгерушісі Егинбергенова Г.Ж.

МОӘК,2014ж.
 



Күйші,Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, «Құрмет»өрденінің иегері                     Сержан Шәкіраттың 75 жас мерейто

Перейти к новости  

90-лет со дня его рождения Булата Окуджавы 

Перейти к новости  

Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» кітабының желісі бойынша 

Перейти к новости  

Суретші,қазақтың бейнелеу өнерінің негізін салушы  Әбілхан Қастеевтің туғанына 110 жыл.

Перейти к новости  

Информационный час: "Астана - моя столица"

Перейти к новости  

КОНТАКТНЫЙ ТЕЛЕФОН

+7 (7292) 30 31 13

РАБОЧИЙ ГРАФИК

Вторник - Пятница: 09:00-18:30
Суббота - Воскресенье: 10:00-18:30

Понедельник - выходной

Правила пользования услугами универсальной библиотеки

Прочесть