• Область Мангистау, Город Актау, 19А микрорайон, здание 1/1
  • Вторник - Пятница: 09:00-18:30
    Суббота - Воскресенье: 10:00-18:30
    Понедельник - выходной

Сценарии

«Күй құдіреті»

Сәлематсыздар ма, құрметті өнер сүйер қауым!  Облыстық кітапханаға қош келдіңіздер!  

 Күйші,Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, «Құрмет»өрденінің иегері                        Сержан Шәкіраттың 75 жас мерейтойына арналған «Күй құдіреті» атты сазды кешімізге қош келдіңіздер!

Сержан аға! Облыстық кітапханамызға қош келдіңіз! Бүгінгі қуанышыңызды бөлісуге, Абыл атындағы өнер мектебінің оқушылары, «Оқушы» орталығының «Ән салу» үйірмесінің оқушылары, № 9 мектеп оқушылары келіп отыр. Сержан аға қуанышыңыз құтты болсын. Деніңізге саулық,отбасыңызға амандық тілеймін.

Бүгінгі кешімізді ашу үшін Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының директоры Зәуре Жаншаевнаға сөз беріледі.

Жүргізуші: Сержан ағамыздың өмірбаянына қысқаша тоқталып кететін болсақ, Сержан Шәкірат Ысқақұлы 1939 жылы 29 маусымда Маңғыстау облысының Тиген деген ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қызметкер. Батыстың төкпе күйлерінің озық орындаушысы, Маңғыстау күй дәстүрінің көрнекті өкілі. Ұмытылуға айналған аңыз, айтыс күйлерді жандандырып, қайта жаңғыртып тартуға мол еңбек сіңірді.Оның орындауында «Ақсақ құлан», «Нар идірген» Өскінбайдың «Құлбай бақшамен айтысы» топтама аңыз, айтыс күйлер аса қызғылықты, тартымдылығымен ерекшеленеді.

«Оқушы» орталығының  «Ән салу» үйірмесінің  жетекшісі Ұлболсын Хамзақызын Сержан ағамызға арналған құттықтауы және ән-шашуымен ортаға шақырамыз. (Екі оқушысы ән айтады).

 Жүргізуші: Ендігі кезекті Сержан ағамыз туралы естеліктерге берейік. Маңғыстау гуманитарлық колледжінің студенттері Мамай Тілектес пен Оңайбаева Әсемді қарсы алыңыздар.Белгілі күйші, композитор Қаршыға Ахмедияровтың Сержан Шәкіратқа естелігі.

   

Қаршыға Ахмедияров

  1. Сержанға дейін де Маңғыстауда күйшілер болды.Бірақ өлке күйлерінің бағы жанған уақыт Серағаң заманы.Мұрекең Алматыға соңғы келгенде «Маңғыстауда  соңыңыздан ерген кім бар?» дегенде, «Сержан деген бір бала бар» деген екен. Сол Сержанмен 70-жылдары танысып, бір-бірімізге рухани бауыр болып кеттік. Сағын Жалмышев ағамызбен бірге келіп, таңға дейін күй тартатын едік. Менің орындауымдағы Дина күйлері Сағынмен, Маңғыстау күйлері Сержанмен кездескен соң дамыды. Сондықтан Серағаны Маңғыстау күйлерін үйреткен ұстазым десемде болады. Ол кісімен танысқан соң айтыс күйлерді, тартыс күйлерді үйреніп, дамыттық.

   Маңғыстау күй мектебінің өзі Өскінбай,Абыл,Құлшар деп бірнеше түрге бөлінеді десек, Сержан өз кезінде халыққа кең танымал болған Арал күйшінің тармағынан. Аралдан Нәби,одан Алым,Алекеңнен Сержан жалғастырып келеді. Бұл әңгімені маған Ысқақ қарт айтқан болатын.

  Сәкең тек Маңғыстаудың емес, бүкіл қазақтың күйлерін сол өңірдің стилінен айнытпай ойнап бере алатын шеберлікке ие. Сондықтан Сәкең тойын барша қазақ күй әлемнің тойы деп білемін.Өзі қаламгер болса да, күй өнерін жоқтатпаған Сераға 10 жылдан бері шәкірт тәрбиелеп келеді. Күй байқаудан Серағаның адуынды шәкірттерін көріп риза болдық.Ұлағатты ұстаз, шебер күйші , сырлас замандас Серағаға мықты денсаулық, отбасы амандығын тілеймін.

2.  Сержан Шәкіратов ұлы күйшілер Құрманғазы, Дәулеткерей, Абыл, Дина тағы басқаларымен бірге Маңқыстау өңіріндегі Есір, Құлшар, Қартбай, Өскенбай сияқты халық композиторларының күйлерін зерттеп, оны шебер орындаушы және келесі ұрпаққа жалғастырушы ұстаз.Жас кезінен бастап, өзінің ағасы домбырашы Алымнан үйренген күйлерін ҚазГудың журналистика факультетінің студенті кезінде жетілдіріп, кейін республикалық байқаулардың бірнеше рет жүлдегері атанған халқымызға кеңінен танымал домбырашыларымыздың бірі.

 Ол Маңқыстау өңіріндегі халық композиторларының көпшілікке танымал емес күйлерін танытып, насихаттауға, олардың композициялық құрылысын көрсетуге, дүниеге келу тарихын ашуға көбірек назар аударуда.Ал күй тарихы осы ел өміріндегі тұтас бір тарихи кезеңдермен байланысып жатады. Мәселен айтыс күйлерден:Құлшардың кемпірмен қызбен айтысы және Есірдің «Қос айырған», «Тоғыз түйеші», «Көк төбе», «Ақ жарма» атты цикл күйлері 19 ғасырдың екінші жартысындағы Маңғыстау қазақтарының өмірін баяндайтын құны жетпес мәдени мұра.

Жүргізуші: Абыл атындағы өнер мектебінің оқушысы Марат Мұстафаны Еспайдың «Бөгелек »күйімен ортаға шақырайық.

Жүргізуші: Сержан Шәкіраттың жеткен жетістіктеріне тоқталып кететін болсақ:

 1.1985 жылы Санкт-Петербургтегі этнография институтының шақыруымен театр,кино және музыка институтында концерттер берді.

 2.1985 жылы Маңғыстау күйлері деген атпен күйтабағын шығарды.

3.1990 жылы 2 ші халықаралық Киевте өткен фольклор фестивалінің дипломанты.

4.Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының профессоры.

5. Өнер мұралары жөніндегі хабардың тұрақты авторы мен жүргізушісі.

6. Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі,елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына,халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасымен, «Құрмет» өрденімен марапатталды.

Енді бүгінгі кеш иесі Сержан ағамыздың өзін ортаға шақырайық.

Сержан ағамыздың Қазақстан Республикасының «Құрмет» өрденімен марапатталуына шашу ретінде арнаған Сайын Назарбекұлының «Саз сыры» деп аталатын тартуын қабыл алыңыздар!  

  Сазы сыры

Аптаптан азап шеккен мажыра шақ,

Бар әлем,бір дыбыс жоқ,адыра қап

Тұрғанда көрші үйдің домбырасы

Дың етті,дей ме дұрыс-жадырасақ.

Салыпты-ау құлақ күйін бал бұрауға,

Тән емес,енді жаным зар жылауда.

Шілденің ыстығы емес,мына дала.

Құдай бар,күй сазына балбырауда.

  Жақындап қалғаны ма ақырзаман,

 Үрейге бой алдырды пақыр балаң.

 Баршаның домбырадан түйген сырын.

 Көз жасы қарындастың мақұлдаған.

Күйде ме,күйшіде ме бар мағына,

Езіліп саздың қаппын салмағына.

Жанықас,кілең сорлы,қарай қапты,

Өкініп домбыраға қалған тына.

Жүргізуші: Абыл атындағы өнер мектебінің оқушысы Мұрат Өскінбаевтың «Өрен» күйімен Марат Мұстафаны ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: Сержан ағамызды бүгінгі мерейтойымен құттықтау үшін Абыл атындағы өнер мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қантөре Ақмолдақызына сөз кезегі беріледі.

Жүргізуші: Абыл атындағы өнер мектебінің оқушысы Есенғали Айсұлтанды «Шеген» термесімен қарсы алыңыздар.

 Жүргізуші: Күйші

  О,ғажайып,сілтеуін-ай шіркіннің!

 Күйлеріңнің тасқынынан сілкіндім.

  Нажағайы жай түсіріп күлкіңнің

  Күлі көкке ұшты талай бүлкілдің

  О,ғажайып,сілтеуін-ай шіркіннің!

Күй дауылы сілкіп естен тандырып,

Сазга айналып дүние дулап жаңғырық.

Мен де сол кез алаулаймын дамылсыз,

Жаным балқып,жүрегімді жандырып,

Күй дауылы сілкіп естен тандырып!

Дүлдүлдердің тұяғы едің,жарадың,

Күйлеріңе берме тағат,қарағым,

О,халайық,дәл осы үйде отыр ма,

Құрманғазым,Тәттімбетім,Аралым?

Дүлдүлдердің тұяғы едің,жарадың!

Күйлер,күйлер-жанның сазы,алтыным,

Бабалардың ерлігінің жарқылын,

 Сайрап берші жүрегінің жалынын,

Қаhарының жанды қарыр салқынын

  Күйлер,күйлер-сыр сандығым,алтыным!

  Күйлер,саздар-нұр шұғыласы-ау ғаламның,

  Бар құдіретін берер сайрап даламның.

  Аталардың ақ арманын ағытқан

 Саусағынан айналайын балаңның!

   Күйлер,күйлер-сыр сандығым,алтыным!

  Күйлер,саздар-нұр шұғыласы-ау ғаламның,

  Бар құдіретін берер сайрап даламның.

  Аталардың ақ арманын ағытқан

  Саусағынан айналайын балаңның!

Жүргізуші: Абыл атындағы өнер мектебінің оқушысы Есенғали Айсұлтанды «Сыпыра жырау » термесімен қарсы алыңыздар!

 Жүргізуші: Құрметті Сержан аға,құрметті оқушылар,бүгінгі кешімізге алтын уақыттарынызды бөліп келгендеріңіз үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

Сержан ағамызға алғысымызды білдіріп,облыстық кітапхананың атынан сыйлығымызды тапсырып,оқушыларды алғыс хаттармен марапаттадық.

 Кеш соңында облыстық кітапхананың өнер бөлімі дайындаған «Күйдің серісі,перненің перісі » атты көрмемен таныстырып өттік. Көрме де  Сержан ағанын шығармалары,кітаптары,көптеген еңбектері жабдықталған. Осымен бүгінгі «Күй құдіреті» атты сазды кешіміз аяқталды. Сау болыңыздар!  



Күйші,Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, «Құрмет»өрденінің иегері                     Сержан Шәкіраттың 75 жас мерейто

Перейти к новости  

90-лет со дня его рождения Булата Окуджавы 

Перейти к новости  

Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» кітабының желісі бойынша 

Перейти к новости  

Суретші,қазақтың бейнелеу өнерінің негізін салушы  Әбілхан Қастеевтің туғанына 110 жыл.

Перейти к новости  

Информационный час: "Астана - моя столица"

Перейти к новости  

КОНТАКТНЫЙ ТЕЛЕФОН

+7 (7292) 30 31 13

РАБОЧИЙ ГРАФИК

Вторник - Пятница: 09:00-18:30
Суббота - Воскресенье: 10:00-18:30

Понедельник - выходной

Правила пользования услугами универсальной библиотеки

Прочесть