• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-19:00
    Дүйсенбі - демалыс

Кітапхана тарихы

Маңғыстау облыстық кітапхана туралы мәлімет

КІТАПХАНА- мәдени- ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, библиографиялық ақпарат жинау, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады.

Облыстық әмбебап кітапхана  1973 жылы 12-қыркүйекте Маңғыстау облыстық атқару комитетінің шешімі бойынша ашылды.
1976 жылы  халықты рухани азықпен қамтамасыз ету үшін және олардың талап-тілегін қанағаттандыруда елеулі бетбұрыс болып, облыстық мәдениет басқармасының «Мемлекеттік көпшілік кітапханаларын халыққа кітапханалық қызмет көрсетудің орталықтанған жүйесіне көшіруге дайындау жайында» бұйрығы болды.
Соған байланысты
барлық аудандарда ашылып,  аудан көлемінде халықты рухани қамтамасыз ету үшін кітапхана тораптары құрыла бастады.

Кітапханаларды орталықтандыру ісі 1980 жылы аяқталды. Сол кезеңдерде осы жұмыстардың бастауында облыстық кітапхана қызметкерлері Үмбетова А.С.,  Ибраева С.И., Искакова З., Костина В.В., Остапенко О.П., Нам И.Б. т.б. тұрды.

  2017 жылы кітапханамызға әдебиеттанушы, зерделі ғалым, ойлы ақын, филолог, зерттеушісі Қабиболла Сыдиықовтың аты берілді.

  2021 жылы «Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапхана» ММ-і  жаңа ғимаратқа көшті. Мұнда кітапхана құрылымы кеңейіп, жаңа техника мен жабдықтар сатып алынды, оқырмандар үшін жақсы жағдайлар жасалды. Кітапханада  12 залы мен 9 бөлімі бар, арнаулы кітапхана, өнер секторы және Коворкинг орталығы орналасқан. Жеке тұлғаның білімділік, ақпараттық, мәдени және демалыс қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет көрсету түрін ұйымдастыруда кітапханада «Coworking» орталығы, «Парасат жолы» орталығы,  клубтар мен  үйірмелер жұмыс жасап отыр.  

Кітапхананың қорында 430 мыңға жуық кітап және мерзімді басылымдар бар. Қаладағы  мектеп оқушылары мен  жоғары оқу орнының студенттері, қызметкерлер мен жұмысшылар, зейнеткерлер, тағы басқалар кітапхананың оқырмандары болып табылады. Кітапханаға жылына 37 мыңға жуық оқырман келіп, оларға 350 мыңдай баспа басылымдары беріледі.

Қазіргі заман талабына сай кітапхана компьютерлендірілген, кітап қорын электронды каталогқа енгізу басталып, Web-РАБИС бағдарламасы орнатылған, интернет желісіне қосылған.  Республикадағы Ұлттық электрондық кітапхана қорында өлкеміздің ақын-жазушыларының 400–ден астам шығармалары бар.  Бүгінде Қазақстанның Ұлттық электрондық кітапханасы мен оның қосымшасы  әлемнің 150-ден артық елінде қолданылады.  

Кітапхана moub.kz сайты 2014 ашылды. Сайтта аудиокітаптарымен бірге кітапхана жұмысы туралы көптеген ақпарат бар. Кітапхананың Инстаграм мен Фейсбук парақшаларында кітап насихаттау, кітапхана қорымен таныстыру, кітап оқуға тарту мақсатымен видеобейнелер, виртуалды кітап көрмелер, онлайн оқырман конференциялар, акциялар, презентациялар,  кездесулер т.б. өткізіледі, кітаптар ұсынылады.
Сондай-ақ, кітапхананың көзі көрмейтін және нашар көретн азаматтарға арналған бөлімінде арнайы көз мүгедектері үшін бедерлі- нүктелі қаріптегі, дыбыстандырылған және үлкен қаріптегі әдебиеттерді жинақтап, олардың ақпарат алуына және бос уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасайды. Бұл бөлімде арнайы АИС СБ РК бағдарламасы жұмыс жасайды.

Кітапхана қызметкерлері жыл сайын республикалық конференцияларға қатысып, өз білімдерін жетілдіруде.
Қазіргі күні Маңғыстау облыстық кітапханасын Айтуарова Зәуре Жаншақызы басқаруда. 

Облыстық кітапхана аудан, қалалардағы көпшілік кітапханалар үшін әдістемелік орталық қызметін атқарады.  

Кітапхана орта және жоғары оқу орындарымен, «Маңғыстау жастары» жастар орталығымен, қаладағы әртүрлі ұлттық-мәдени орталық өкілдерімен, әскери бөлімдермен байланыс жасап, оқырмандарды елжандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында жұмыстар жүргізеді. Кітапханада жергілікті ақын-жазушылармен, еңбек адамдарымен әдеби кештер, кітап беташары, конференциялар өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, кітапхананың көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған филиалында арнайы көз мүгедектері үшін бедерлі-нүктелі қаріптегі, дыбыстандырылған және үлкен қаріптегі әдебиеттерді жинақтап, олардың ақпарат алуына және бос уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасайды.


БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 13 31

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-19:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу