• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 7 шағын аудан, 32 үй.
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Пайдалану ережесі

«Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы» ММ қызметін пайдалану ЕРЕЖЕСІ


«Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы» ММ қызметін  пайдалану  ЕРЕЖЕСІ


1. Жалпы ережелер:

1.1. Кітапхананы пайдалану ережесі ҚР Конституциясы, «ҚР Мәдениет туралы» заңы, ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің «Қазақстан Республикасындағы кітапхана мекемелерінің қызметі туралы Ереже» (2002 ж. 08.05. №118 бұйрық)  және «Маңғыстау облыстық әмбебап кітапхана» мемлекеттік мекемесі Жарғысы негізінде әзірленді.
1.2. Кітапхана кітап қорындағы кітаптарды, қолжазбаларды, аудио-бейнежазбаларды және басқа басылымдарды қоғамдық пайдалануды ұйымдастырушы мәдени, ғылыми-ақпараттық мекеме болып табылады. 
1.3. Кітапхана өзінің қорын пайдалануды, сақтауды, толық және тиімді жинақтауды қамтамасыз ете алады, мүмкіндігіне қарай, қоғамның экономикалық, саяси-әлеуметтік және рухани өркендеуіне көмек береді, қоғам мүшелерін ақпаратпен қамтамасыз ету үшін жағдай жасайды.
1.4. Кітапхана қоры - Қазақстан Республикасының біріккен кітапхана қорының негізгі бөлігі және мемлекеттің меншігі болып табылады.
1.5 Кітапхана қызметін пайдалану мекеме, кәсіпорын, ұйым және әрбір азаматтарға тиесілі.
1.6 Кітапхана қызметін пайдалану - ақысыз.

 2. Кітапхананы тұтынушылардың міндеттері мен құқығы

2.1 Тұтынушылар құқығы:

Барлық азаматтар, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар кітапхана қызметін пайдалануға құқылы;

Кітапхананың оқу залы мен Интернет арқылы көрсетілетін ақпараттық көмекті қолданумен, баспа туындыларын уақытша пайдалану, сондай-ақ, басқа кітапханалардан кітапханааралық абонемент бойынша пайдалану;

Кітапханада көрсетілетін анықтама-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету түрлерін пайдалану;

Кітапханада өткізілетін барлық іс-шараларға қатысу.

2.2 Кітапханаға жазылу тәртібі:

Тұтынушы кітапханаға жазылу үшін төлқұжат немесе жеке куәлігін, және мекен-жайын куәландыратын құжатын беру қажет, ол болмаған жағдайда жұмыс не оқу орнынан, не тұрғылықты жерінен анықтама құжатты ұсынады. Егер куәлігі өзгерген жағдайда оқырман кітапханаға хабарлауы тиіс;

Оқырмандарға оқырман билеті бойынша қызмет көрсетіледі.

Кітапханаға жазылар алдын оқырман кітапхана ережесімен танысып, оларды орындайтындығын оқырман билеті мен оқырман формулярына қол қою арқылы растайды. 

Билетті жоғалтқан жағдайда, қайта алынады.

Жергілікті тіркеуде жоқ азаматтар тек қана оқу залында жұмыс істейді.

Үйге алынған әдебиеттер 15 күнге беріледі, содан кейін екі рет (бір рет телефон арқылы) ұзартуға болады. Егер осы айтылған мерзім ішінде басылым қайтарылмаса, оқырманға талап ету хатын жіберу  немесе телефон арқылы ескерту.

 Егер одан кейін уақытша алынған басылым қайтарылмаса «ҚР Мәдениет туралы» заңы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2002 жылғы №118 «Кітапхананы пайдалану Ережесі» және кітапхананың ішкі ережесі бойынша уақытында қайтарылмаған кітаптың бағасынан оқырманнан әр күнге 1% өсімақы алынады.

2.3 Тұтынушылар міндетті:

Кітапхана қорынан алынған баспасөз өнімдері мен басқа да құжаттарды ұқыпты ұстау, оларға ешқандай белгі түсірмеу, оның беттерін кеспеу әрі майыстырмау, оны кітапханадан алып шықпау; 

Ақпаратқа еркін кіруге мүмкіндік жасалған бөлімдердегі қорлардың орнын бұзбау, каталог пен картотекадағы карточканы алмау; 

Кітапханаға кіргенде сырт киімі мен сөмкесін киімілгішке тапсыруға, бағалы заттары мен ақшасын қалдырмауға, ұялы телефонын дауысын азайтуға міндетті;

Кітапты пайдаланар алдында мұқият қарап алуға, жыртылған не бүлінген жерін байқаса, дер кезінде кітапханашыға көрсетуге, керісінше жағдайда өз мойнына алуға;

Кітапханаға кіргенде, деректерді алғанда және кітапхана қызметін талап еткенде оқырман билетін көрсетуге, егер оқырман билетін жоғалтып алған болса, кітапхана қызметкеріне айтуға;

Кітапхана қорынан алынған кітаптарды ұқыпты ұстауға, олардың сақталуын қамтамасыз етуге, уақытында тапсыруға міндетті.

Кітапхананың жиһаз- мүліктеріне, компьютер техникасына мұқият қарауға; 

 2.4.Оқырмандарға рұқсат етілмейді:

Кітапхана бөлімдеріне сырт киіммен, қолшатырмен, портфельмен, іші көрінбейтін пакеттермен және үлкен сумкалармен, азық-түлікпен т.б. кіруге;

Деректерді және басқа материалдарды — суреттер, микрофильмдер, микроафишалар, аудио-бейне кассеталар, үнтаспалар, СD-RОМ-дар және т.б. кітапханаға алып кіруге; ???

Каталог пен картотекада карточкаларды суырып алуға, оларға белгі салуға және ашық кітап көрмелеріндегі кітаптардың орналасу тәртібін бұзуға

Кітапхана ішінде шылым шегуге, дауыстап сөйлеуге, күлуге және т.б.


2.5. Оқырмандар жауапты:

Кітап қорына зиян келтірген азаматтар ҚР «ҚР Мәдениет туралы» заңына және осы Ережеге сәйкес кітапхана алдында жауап береді.

Оқырман тарапынан кітапхана қорындағы баспа шығармаларына зиян келтірілсе немесе жоғалса, сол немесе ұқсас басылыммен ауыстырады, ауыстыра алмаса, кітапхана белгілеген баға бойынша, он есе нарық құны мөлшерін төлейді.

Егер оқырман тарапынан кітапхана Ережесі сақталмаса, онда кітапхана қызметін пайдалану құқынан айырылады.


3. Кітапхана міндеті:

Оқырмандарға кітапхана қызметін пайдалануға ыңғайлы жағдай жасауға;

Толық мазмұн бойынша және уақытылы  мерзімді  оқырман сұранысын қанағаттандыруға;

Кітапханалық, библиографиялық, ақпараттық қызметін жаңартып тұруға;

Оқырмандарға жоғары мәдени қызмет көрсетумен керекті іс-деректерді таңдауға көмек көрсету, олардың каталог, картотека, анықтама-библиографиялық және ақпараттық материалдарды пайдалануға беру, кітап көрмелерін жаңа әдебиеттерді қарайтын көрмелерді және басқа шараларды ұйымдастыру жолын табу;

Оқырман сұраған деректер жоқ болса, кітаптар аралық абонементпен сұраныс жасау;

Кітапхананы пайдаланудың жалпы ережесінен үзінділерді оқырман билеті мен оқырман  формулярына енгізу;

Оқырмандарға берілген басылымдарды уақытылы кітапханаға қайтаруды бақылау;

Сұранысы жоғары басылымдарды пайдалануға беру мерзімін қысқарту;

Бұрын берілген мерзімі аяқталған басылымдарды алған соң ғана келесі басқа басылымдарды үйге беруге болады;

Оқырмандарға басылымның пайдалану мерзімі аяқталған 15 күннің ішінде қайтаруын немесе мерзімін ұзартуын еске түсіру. Егер осы айтылған мерзім ішінде басылым қайтарылмаса, оқырманға талап ету хатын жіберу  немесе телефон арқылы ескерту.

 Егер одан кейін уақытша алынған басылым қайтарылмаса «ҚР Мәдениет туралы» заңы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2002 жылғы №118 «Кітапхананы пайдалану Ережесі» және кітапхананың ішкі ережесі бойынша уақытында қайтарылмаған кітаптың бағасынан оқырманнан әр күнге 1% өсімақы алынады.

Кітапхана қорына зиян  келтірілген жағдайда оқырман тарапынан өтелген шығын сомасы ақшалай қаражат кітапхана қорып толтықтыруға, басылымдарды түптеуге және т.б. сақтауға қамтамасыз ету шараларына жұмсалады.

Кітапхана оқу орындары, мектеп, жекеленген мекеме мен ұйымдармен кітапханалық қызмет көрсету бойынша келісім шарт жасайды және алдын ала берілген мекеме, кәсіпорын, оқу орындарының тапсырысы бойынша топтық экскурсия өткізеді.

4. Кітапханашы міндетті:

4.1. Әр азаматқа оқырман құқын толық қолдануға жағдай жасауға, кітап қоры, көрсетілетін қызмет түрлері туралы ақпарат беруге;

4.1.1.Кітапхананың ішкі бөлімдері жұмысы, каталогтар мен картотекаларды пайдалану т.б. жөнінде кеңес беруге;

4.1.2. Оқырман сұранысын керекті әдебиеттер тізімі бойынша іздеуге, кейбір жағдайда жеке тақырыптар бойынша әдебиеттер іріктеуге; 

4.1.3. Оқырмандарға қанағаттанарлық деңгейде қызмет көрсетуге, анықтама-библиографиялық қызмет, деректер базасын пайдалана отырып қызмет көрсетуге, жаңа түскен әдебиеттерді жүйелі түрде таныстырып отыруға;

4.1.4. Оқырман сұранысы кітапхана қорынан табылмаса, кітапханааралық абонемент жұмысын пайдалануға, ҚР ҰАК базасындағы Қазақстандық  Ұлттық Электрондық кітапханаға  сұраныс жасау арқылы қанағаттандыруға;

4.1.5. Белгіленген ережелерге сәйкес кітапхана қорындағы құжаттардың  сақталуын, пайдаланылуын, тіркелуін, есебін алуды жүргізуді қамтамасыз етуге; 

4.1.6.  Оқырмандардың қолына  берілген басылымдардың өз уақытында кітапханаға қайтаруылуын бақылауға, кешіктірілген жағдайда үйіне немесе жұмыс орнына хабарласуға; 

4.1.7. Жыртылған немесе беттері бүлінген баспа басылымдарын қалпына келтіруге, желімдеуге ;

4.1.8. Кітапты оқырман атына жазып бергенде кітаптың бақылау бетшесіне оқырманның тіркелу нөмірін, қай күні тапсыратындығын міндетті түрде жазуға, кітап формулярын алып қалуға;

4.1.9. Кітап қорын үнемі зерттеп, әр кітаптың қанша рет айналысқа түскенін анықтап, сараптама жасап отыруға;

4.1.10. Оқырман қолынан келген кітапты тез арада өз орнына қоюға, қордың дұрыс орналасуын тұрақты қадағалауды жүзеге асыруға;

 

 Кітапхананың жұмыс жасау кестесі:

Дүйсенбі- демалыс
Сейсенбі- жұма аралығы: сағат 9.00- 18.00- ге дейін
Сенбі- жексенбі күндері: сағат 10.00- 18.00- ге дейін

Арнаулы (көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған) бөлімнің жұмыс жасау кестесі:
Дүйсенбі- жұмы аралығы : 09.00- 18.00- ге дейін
Сенбі –жексенбі- демалыс.

Әр айдың соңғы жұмасы- ТАЗАЛЫҚ күні 

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 51 46 24

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу