• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Ұмытылмас кездесулер

Ер Қосай Құдайкеұлының туғанына 510 жыл

Ер Қосай Құдайкеұлы (1507 – 1594) – халық батыры, Маңғыстау қазақтарының орта ғасырлардағы көсемі. Ер Қосай Қазақ хандығы дами түскен кезеңде өмір сүріп, қазақ ұлты мен мемлекеттігін нығайтуға үлес қосқан ірі тарихи тұлғалардың бірі. Әділдігімен, шешендігімен мәлім, Орта Азия халықтарының ынтымақты, бейбіт өмір сүруіне ықпал етті. Жер, су дауларын қантөгіске жеткізбей шешті. Бүгінгі Жаңаөзен қаласының қасындағы Ер Қосайдың бастауымен қойылған «Ер Сары қайрағы» қада тас белгісі тұрған жерде көрші халықтар өкілдерінің басқосуы өтіп тұрған. Жорықтардың бірінде отбасы опат болған Ер Қосай екінші рет түрікменнің Ер Сары көсемінің қызы Оғылмеңліге үйленген. Одан алты ұл Байбол, Тіней, Әйтей, Бөгей, Бәли, Сүйіндік (Жаманадай) тарқаған. Одан қазақ ертегілеріндегі жезтырнақпен, таутайлақпен айқасып жеңген әйгілі Есекмерген, жорық жыршылары, ақындар, жыраулар, өнер шеберлері Қалнияз, Абыл, Нұрым, Қашаған сынды дүлдүлдер тараған. 

Жаңаөзен қаласында Ер Қосай атындағы мешіт, теңізде кеме бар. Ер Қосай мен Оғылмеңлі ана кәзіргі Қарақалпақстан Республикасының астанасы Нөкіс қаласына жақын Бестөбе деген жерде жерленген, бастарына мазар орнатылған. 

27 қазан күні жасөспірім бөлімін ұйымдастыруымен Ер Қосай Құдайкеұлының туғанына 510 жыл толуына орай тарихи-танымдық сағат өтті.



Поэзия – әлемдік өмірдің қан тамырының құштарлықпен шиыршық ата соғуы, сол өмірдің қаны мен оты, жарығы мен нұры.  27-маусым күні облыстық ...

Жаңалыққа өту  

26-маусым күні облыстық кітапханасының Әбіш Кекілбайұлы атындағы конференц залында қазақ мифологиясын зерттеуші, жазушы, киносценарист ЗИРА ...

Жаңалыққа өту  

ХАЛҚЫ ҰНАТҚАН ҚАҒАЗОВ «Қазақстан десек — Қонаев, Маңғыстау десек — Қағазов есіме түседі.» Саламат Мұқашев Кітапханамызда белгілі комсомол, партия, ...

Жаңалыққа өту  

28 сәуір күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында "Қыз көктемнің жүрегі" атты кітаптың авторы ақын Ақшагүл Рамазанованың ...

Жаңалыққа өту  

22 сәуір күні облыстық кітапханасының өнер бөлімінің ұйымдастыруымен ALIYA TUMAN сән үйінің басшысы, ұйымдастырушысы, алғашқы ой елегін өткізіп, ...

Жаңалыққа өту  

Тілшіміздің жинағы түрік тілінде жарық көрді “Маңғыстау” газетінің белді тілшісі Үміт Жәлекенің әңгімелер жинағы түрік тіліне аударылып, ...

Жаңалыққа өту  

30.03.23ж. Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында “Бір өлке, бір тұлға” акциясы аясында, Қазақтан шыққан тұңғыш мифолог, ...

Жаңалыққа өту  

16-наурыз күні  кітапханамызда «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері»(1998), Ғарифолла Құрманғалиевтен тікелей сабақ алған шәкірті, Маңғыстау ...

Жаңалыққа өту  

28-ақпан күні облыстық кітапхана өлкетану залында Өлкенің өркендеуіне өз үлесін қосқан ел ағаларының бірі, өлкетанушы, журналист, Қазақстан ...

Жаңалыққа өту  

24.02.2023 жылы  ҚР Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Маңғыстау облысының, Ақтау қаласының, Даллас(АҚШ) қаласының ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу