• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

" ОН ТӨРТТЕ ЕЛ ТАНЫҒАН БОЛДЫМ БАЛДАЙ АҚЫН".

" ОН ТӨРТТЕ ЕЛ ТАНЫҒАН БОЛДЫМ БАЛДАЙ АҚЫН".

Бүгін Қ. Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасы Өлкетану залында Өлкенің ақын қызы Балдай Көшкінқызына арналған танымдық сағат өткізілді. Бес жаста сабақ көрдім әріп танып. Тоғызда үмбет болдым Құран алып, Он үште қыздың құрып салтанатын Шеріттім домбыраны тыңқылдатып. Он үште көмейіме сөз құйылды Бағымды сынап көрдім тойға барып, "Ақын" деп он төртімде ел таныды Жиында шыққаннан соң топты жарып. Он төртте ел таныған болдым Балдай. Бұлбұлдай сұңқылдаған тіл мен таңдай Ақ маңдай, алма мойын, сұлу мүсін Жайнаған екі көзім жаққан шамдай. Деп жырлап кеткен Балдай Көшкінқызы Маңғыстау топырағында туған. Жасы 18 келіп, айттырулы жеріне ұзатылып кеткенге дейін Ұсақ, Қиян, Шорым жерлерін мекен еткен ауылда өскен. Балдай бес жасында ауыл молдасынан дәріс алып ескіше діни сауаттанып, 9 жасында Құранды меңгеріп, 13 жасынан бастап өлең - сөз шығару қабілеті болған. Осы мезгілде Батыс Қазақстан аймағына атақ - даңқы жайыла бастаған Абыл Тілеуұлымен сөз қағыстырған. Абыл айтысқандарын баудай түсіріп жүрсе де, Балдай қызды жеңе алмапты. Үш жүздің талай жүйрік майталманы Жеңіліп кейін қайтты Абылдардай Абыл да жеті дүркін жерге қарап Кеткен ді қызыл тілге шыдай алмай" деп жырлап өтіпті апамыз. Қазіргі және келешек ұрпақ біздің Маңғыстау топырағында осындай аяулы да айтқыр апаларымыздың болғанын білсін деген ниетпен өткізілген іс - шараның бүгінгі қатысушылары Маңғыстау облысының аудандарының мектеп кітапханашылары. 



Елім менен жеріме, Ырысын шашқан Наурыз. Күлімдеген көктемге, Шуағын шашқан наурыз. Жеті түрлі дән салып, Дәм татқызған наурыз. Жақсылық тілеп ...

Жаңалыққа өту  

·   8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсанында кітапханада «Ана деп көркем жыр төккен, Армысың, ару, нұр-көктем» атты дөңгелек ...

Жаңалыққа өту  

Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының техникалық әдебиет бөлімі,"Бір ел-бір кітап" республикалық акциясы аясында ұлт көсемі Ахмет ...

Жаңалыққа өту  

...

Жаңалыққа өту  

 25 желтоқсан күні облыстық кітапханада психолог Жанна Нұрбаеваның  ,,Дневник моей трансформации" атты кітабының тұсау кесері өтті. ...

Жаңалыққа өту  

Тағы бір жаңа кітаптың тұсаукесері өтті! Бүгін облыстық кітапханада ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында  ақын, жазушы, журналист, Халықаралық ...

Жаңалыққа өту  

13 желтоқсан күні кемеңгер жазушы Әбіш Кекілбайұлы атындағы конференц залында Маңғыстау ақын-жазушыларының қатысуымен "Кітап –ұлттың қазынасы" ...

Жаңалыққа өту  

10 желтоқсан күні кітапханамызда Өнер бөлімі тарапынан ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай "Жас суретші көзімен – болашаққа бастау» атты сурет ...

Жаңалыққа өту  

6 желтоқсан күні  кітапханамызда "Ашық кітапхана"   атты облыстық жас маман кітапханашылар арасында семинар-тренинг өтті. Мақсаты: озық ойлы ...

Жаңалыққа өту  

6 желтоқсан – Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбаевтің туған күні. Тірі болғанда әдебиет алыбы 82 жасқа толар еді. 3 ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу