• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

" ОН ТӨРТТЕ ЕЛ ТАНЫҒАН БОЛДЫМ БАЛДАЙ АҚЫН".

" ОН ТӨРТТЕ ЕЛ ТАНЫҒАН БОЛДЫМ БАЛДАЙ АҚЫН".

Бүгін Қ. Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасы Өлкетану залында Өлкенің ақын қызы Балдай Көшкінқызына арналған танымдық сағат өткізілді. Бес жаста сабақ көрдім әріп танып. Тоғызда үмбет болдым Құран алып, Он үште қыздың құрып салтанатын Шеріттім домбыраны тыңқылдатып. Он үште көмейіме сөз құйылды Бағымды сынап көрдім тойға барып, "Ақын" деп он төртімде ел таныды Жиында шыққаннан соң топты жарып. Он төртте ел таныған болдым Балдай. Бұлбұлдай сұңқылдаған тіл мен таңдай Ақ маңдай, алма мойын, сұлу мүсін Жайнаған екі көзім жаққан шамдай. Деп жырлап кеткен Балдай Көшкінқызы Маңғыстау топырағында туған. Жасы 18 келіп, айттырулы жеріне ұзатылып кеткенге дейін Ұсақ, Қиян, Шорым жерлерін мекен еткен ауылда өскен. Балдай бес жасында ауыл молдасынан дәріс алып ескіше діни сауаттанып, 9 жасында Құранды меңгеріп, 13 жасынан бастап өлең - сөз шығару қабілеті болған. Осы мезгілде Батыс Қазақстан аймағына атақ - даңқы жайыла бастаған Абыл Тілеуұлымен сөз қағыстырған. Абыл айтысқандарын баудай түсіріп жүрсе де, Балдай қызды жеңе алмапты. Үш жүздің талай жүйрік майталманы Жеңіліп кейін қайтты Абылдардай Абыл да жеті дүркін жерге қарап Кеткен ді қызыл тілге шыдай алмай" деп жырлап өтіпті апамыз. Қазіргі және келешек ұрпақ біздің Маңғыстау топырағында осындай аяулы да айтқыр апаларымыздың болғанын білсін деген ниетпен өткізілген іс - шараның бүгінгі қатысушылары Маңғыстау облысының аудандарының мектеп кітапханашылары. 



21 сәуір күні "Арман" жастар орталығында кітапханамыздағы  «Парасат жолы» орталығының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Мәдениет басқарма ...

Жаңалыққа өту  

20 сәуір күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының кітап толықтыру және өңдеу бөлімінің меңгерушісі Қуандықова Зауре ...

Жаңалыққа өту  

Ақ маржан қала Ақтаудың 19а шағын ауданында тағы бір ғимарат бой көтерді Ол, мәртебесі биік киелі шаңырақ - КІТАПХАНА Биылғы жылдың 1 сәуірден ...

Жаңалыққа өту  

Оқуға ұсынамыз-Советуем прочесть: ДУМАН РАМАЗАН Автор көркем шығармаларда тарихи тұлғалардың ақыл-парасаты, келешекке көз тастар көрегендігі, ...

Жаңалыққа өту  

Құрметті балалар, ата-аналар! Облыстық кітапханадағы Балалар бөлімі "Балалар кітабы апталығын" бастады! Бүгін теңіз жағалауында "Кітап сізге ...

Жаңалыққа өту  

"Парасат жолы" орталығының жаңалықтары. Бүгін облысымызға іс сапармен келген «Парасат жолы» республикалық орталығының басшысы, жазушы, қоғам ...

Жаңалыққа өту  

ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ 10 наурыз Ұлттық кітап күніне орай кітапханамызда ашық есік күні ұйымдастырылды. Шара «Адалдық алаңы» аясында ...

Жаңалыққа өту  

1 наурыз күні кітапханамызда "Алғыс айтам саған, оқырман!"  атты мерекелік кеш өткізілді. ...

Жаңалыққа өту  

Биыл Мемлекет және қоғам қайраткері Т.Әшімбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасы "Артына өшпес із ...

Жаңалыққа өту  

Бүгін кітапханамызда «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» орталығының салтанатты ашылуы болып өтті.  Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу