• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

" ОН ТӨРТТЕ ЕЛ ТАНЫҒАН БОЛДЫМ БАЛДАЙ АҚЫН".

" ОН ТӨРТТЕ ЕЛ ТАНЫҒАН БОЛДЫМ БАЛДАЙ АҚЫН".

Бүгін Қ. Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасы Өлкетану залында Өлкенің ақын қызы Балдай Көшкінқызына арналған танымдық сағат өткізілді. Бес жаста сабақ көрдім әріп танып. Тоғызда үмбет болдым Құран алып, Он үште қыздың құрып салтанатын Шеріттім домбыраны тыңқылдатып. Он үште көмейіме сөз құйылды Бағымды сынап көрдім тойға барып, "Ақын" деп он төртімде ел таныды Жиында шыққаннан соң топты жарып. Он төртте ел таныған болдым Балдай. Бұлбұлдай сұңқылдаған тіл мен таңдай Ақ маңдай, алма мойын, сұлу мүсін Жайнаған екі көзім жаққан шамдай. Деп жырлап кеткен Балдай Көшкінқызы Маңғыстау топырағында туған. Жасы 18 келіп, айттырулы жеріне ұзатылып кеткенге дейін Ұсақ, Қиян, Шорым жерлерін мекен еткен ауылда өскен. Балдай бес жасында ауыл молдасынан дәріс алып ескіше діни сауаттанып, 9 жасында Құранды меңгеріп, 13 жасынан бастап өлең - сөз шығару қабілеті болған. Осы мезгілде Батыс Қазақстан аймағына атақ - даңқы жайыла бастаған Абыл Тілеуұлымен сөз қағыстырған. Абыл айтысқандарын баудай түсіріп жүрсе де, Балдай қызды жеңе алмапты. Үш жүздің талай жүйрік майталманы Жеңіліп кейін қайтты Абылдардай Абыл да жеті дүркін жерге қарап Кеткен ді қызыл тілге шыдай алмай" деп жырлап өтіпті апамыз. Қазіргі және келешек ұрпақ біздің Маңғыстау топырағында осындай аяулы да айтқыр апаларымыздың болғанын білсін деген ниетпен өткізілген іс - шараның бүгінгі қатысушылары Маңғыстау облысының аудандарының мектеп кітапханашылары. 



28-қараша күні "Достық" үйінде  қазақ халқының, қазақ әдебиетінің маңдайына біткен жарық жұлдызы  Төлеген Айбергеновтың шығармашылығына арналған ...

Жаңалыққа өту  

17.11.2023 ж. Қ.Сыдиықов атындағы әмбебап кітапханасының техникалық әдебиет бөлімінде Ауыл шаруашылық қызметкерлер күніне орай "Еңбек - бақыт ...

Жаңалыққа өту  

16-қазан күні облыстық кітапханасының конференц залында Қазақстан Мәслихаттарының 30 жылдық мерекесі аясында,  қоғам қайраткері, «Барыс» орденінің ...

Жаңалыққа өту  

2023 жылғы 12 қазанда, Ақтау қаласында  Достық үйінде  Қ. Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының 50 жылдық мерейтойы аясында ...

Жаңалыққа өту  

26.09.2023 ж. Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының техникалық әдебиет бөлімінде 28 қыркүйек - Дүниежүзілік теңіз күніне орай ...

Жаңалыққа өту  

Бүгін кітапханамызда «KitapTime - 2023» жалпы республикалық кітап фестивалі облыстық кітапханада  өтті. Шара барысында кітап көрмелер, әдеби кештер, ...

Жаңалыққа өту  

Бүгін облыстық кітапханаға қазақ эпосының белгілі зерттеушісі, аудармашы Жаңабаев Қанат аға келіп, қызықты да тартамды кездесуді өткізді.  Қайрат ...

Жаңалыққа өту  

Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша ...

Жаңалыққа өту  

Бүгін елімізде Абай күні аталып өтеді.  Еске салайық, 2020 жылдың 4 тамызында Үкіметтің арнайы қаулысы шығып, «Қазақстандағы мерекелік күндердің ...

Жаңалыққа өту  

Биыл Алаш жұртының әйгілі перзенті, ғұлама ғалым, ақын, фольклоршы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туғанына 165 жыл. Осыған орай  облыстық кітапханасында ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу