• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

" ОН ТӨРТТЕ ЕЛ ТАНЫҒАН БОЛДЫМ БАЛДАЙ АҚЫН".

" ОН ТӨРТТЕ ЕЛ ТАНЫҒАН БОЛДЫМ БАЛДАЙ АҚЫН".

Бүгін Қ. Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасы Өлкетану залында Өлкенің ақын қызы Балдай Көшкінқызына арналған танымдық сағат өткізілді. Бес жаста сабақ көрдім әріп танып. Тоғызда үмбет болдым Құран алып, Он үште қыздың құрып салтанатын Шеріттім домбыраны тыңқылдатып. Он үште көмейіме сөз құйылды Бағымды сынап көрдім тойға барып, "Ақын" деп он төртімде ел таныды Жиында шыққаннан соң топты жарып. Он төртте ел таныған болдым Балдай. Бұлбұлдай сұңқылдаған тіл мен таңдай Ақ маңдай, алма мойын, сұлу мүсін Жайнаған екі көзім жаққан шамдай. Деп жырлап кеткен Балдай Көшкінқызы Маңғыстау топырағында туған. Жасы 18 келіп, айттырулы жеріне ұзатылып кеткенге дейін Ұсақ, Қиян, Шорым жерлерін мекен еткен ауылда өскен. Балдай бес жасында ауыл молдасынан дәріс алып ескіше діни сауаттанып, 9 жасында Құранды меңгеріп, 13 жасынан бастап өлең - сөз шығару қабілеті болған. Осы мезгілде Батыс Қазақстан аймағына атақ - даңқы жайыла бастаған Абыл Тілеуұлымен сөз қағыстырған. Абыл айтысқандарын баудай түсіріп жүрсе де, Балдай қызды жеңе алмапты. Үш жүздің талай жүйрік майталманы Жеңіліп кейін қайтты Абылдардай Абыл да жеті дүркін жерге қарап Кеткен ді қызыл тілге шыдай алмай" деп жырлап өтіпті апамыз. Қазіргі және келешек ұрпақ біздің Маңғыстау топырағында осындай аяулы да айтқыр апаларымыздың болғанын білсін деген ниетпен өткізілген іс - шараның бүгінгі қатысушылары Маңғыстау облысының аудандарының мектеп кітапханашылары. 



6-шілде -  Елордамыздың туған күніне орай оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі "Астана - еліміздің жүрегі" атты кітап көрмесін қарт Каспийдің ...

Жаңалыққа өту  

Ұлттық домбыра күні аясында "Домбыра күні - ұлттың үні" атты әдеби-сазды кешіміз көненің көзі, бабадан қалған асыл мирас - құнды қазына, киелі ...

Жаңалыққа өту  

6-маусым күні облыстық кітапханасының техникалық әдебиет бөлімінің "Дүниежүзілік тіршілік өрісін қорғау" күніне байланысты "Орман мен су табиғаттың ...

Жаңалыққа өту  

Облыстық  кітапханасының балалар бөлімі 1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Біз бақытты баламыз» атты мерекелік шарасын өткізді. ...

Жаңалыққа өту  

31 мамыр – Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірде «Жаппай саяси қуғын-сүргін ...

Жаңалыққа өту  

Бүгін 24 мамыр күні Қ.Сыдиықов атындағы әмбебап кітапханасының техникалық әдебиет бөлімінің "Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру мен ...

Жаңалыққа өту  

ХАЛҚЫ ҰНАТҚАН ҚАҒАЗОВ «Қазақстан десек — Қонаев, Маңғыстау десек — Қағазов есіме түседі.» Саламат Мұқашев Кітапханамызда белгілі комсомол, партия, ...

Жаңалыққа өту  

12-мамыр күні облыстық кітапханасының өнер бөлімінде Қазақстандық белгілі кинорежиссер, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Күләш ...

Жаңалыққа өту  

Жеңіс күні – сан мыңдаған ұрпақ үшін ұлы мереке. Биыл адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғыс - Ұлы Отан соғысы аяқталғанына 78 жыл толады. Бұл ...

Жаңалыққа өту  

03-04.05.23 ж. облыстық кітапханасында жас маман кітапханашыларына кезекті сабақтар өткізілді.  Мақсаты: Веб РАБИС бағдарламасының модульдерімен ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу