"Бір ел - бір кітап"-2022 республикалық акциясы аясында
Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының техникалық әдебиет бөлімі,"Бір ел-бір кітап" республикалық акциясы аясында ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай М.Тынышбаев атындағы КазККА Ақтау көлік колледж студентеріне "Ахмет Байтұрсынов -ұлттың ұлы ұстазы" атты шара өткізді. Шараның мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру, ақын өмірін студенттерге үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу және студенттердің танымдық деңгейін дамыту болып табылады. Аталған шарада студенттер ақынның шығармашылығы туралы ой бөлісіп, жыр шумақтарын жатқа оқыды. Белсене қатысқан студенттерге алғыс хат тапсырылды. Шара соныңда "Ұлттың ұлы ұстазы"атты кітап көрмесі таныстырылды. Ақынның өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек.
Маусым айында кітапханамыздың техникалық әдебиет бөліміне "Өрлеу" БАҰО" АҚ Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институтының орыс тілі пәнінің ...
Ұлт ұстазына арналған сайыс мәресіне жетті! ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен жыл сайын ...
8 маусым күні облыстық кітапханасына мектеп мұғалімдері мен кітапханашылары келіп, кітапхана қорына түскен жаңа кітаптарымен, кітапхана бөлімдерімен ...
7 маусым күні кітапханамызда "Облыстық және білім беру ұйымдарының кітапхана байланысы: ынтымақтастық, тәжірибе, біліктілік" атты семинар-тренинг ...
Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне байланысты 5 маусым күні кітапханамыздың техникалық әдебиеттер бөлімінде ақпараттық шолу өтті. Кітапхана ...
Кітапханамызда “Сыр” оқырмандар клубының кезекті отырысы өткізілді. Ортада Абайдың тоғызыншы, жиырма төртінші, отыз екінші қара сөздері талқыланды. ...
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің ...
25-наурыз күні Маңғыстау облыстық кітапханасында "2022 жыл - Балалар жылы" аясында "Ордаген" балаларға арналған ертегілер жоба авторларымен ...
11-наурыз күні Ш. Есенов атындағы Университетінде "ЖАЛАУ МЫҢБАЕВ - МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ" ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ. Баяндама ...