• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

2022 жылы еске алынатын күндердің Маңғыстау бойынша күнтізбесі

                                                  2022 жылы еске алынатын күндердің

                                                         Маңғыстау  бойынша күнтізбесі

                          

Оқиға датасы

Оқиғаның

қысқаша сипаттамасы

Сілтемелер

Қаңтар

1 қаңтар

90 жыл бұрын (1932 ж.) Каспий мемлекеттік аң-балық өнеркәсіп тресі құрылды.

МОМА, қ. 66

2 қаңтар

Қазақ КСР-на еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, халыққа білім беру ісінің үздігі Орын Құлсариевтің туғанына 90 жыл (1932 ж.). 

МОМА, қ. 475

28 қаңтар

КСРО-ның құрметті мұнайшысы, Қазақ КСР-на еңбегі сіңген мұнайшы, Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы Өтесінов Рахметтің туғанына 95 жыл (1927 ж.).

МОМА, қ. 475

қаңтар

55 жыл бұрын (1967 ж.) Химиялық-гидрометаллургия зауытының бірінші кезеңі пайдалануға берілді.

МОМА, қ. 530

қаңтар

55 жыл бұрын (1967 ж.) Каспий тау-кен комбинатының жөндеу-механикалық шеберханалары құрылды. 1970 жылдан бастап - жөндеу-механикалық зауыты, қазіргі уақытта -Каспий аумақтық машина жасау комбинаты.

МОМА, қ. 530

Ақпан

12 ақпан

КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері, «Құрмет Белгісі» орденінің иегері, халықаралық жарыстардың жеңімпазы маңғыстаулық Әмин Тұяқовтың туғанына 85 жыл (1937 ж.).

«Маңғыстау» энциклопедиясы.

Алматы, 1997;

Сегізбаев М. Ауылымда ізі жатыр ұлылардың. Алматы, 2009

23 ақпан

КСРО Жоғарғы Кеңесінің халық депутаты, «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігінің бас директоры болған Бекбосынов Нұрлыхан Өтеуұлының туғанына 85 жыл (1937 ж.).

МОМА, қ. 175

24 ақпан

50 жыл бұрын Шевченко қаласында алғашқы радиохабарлама берілді (1972 ж.).

МОМА, қ. 340

ақпан

55  жыл бұрын «Маңғышлақмұнайгеофизика» тресі құрылды (1967 ж.).

МОМА, қ.  137

Наурыз

1 наурыз

50  жыл бұрын (1972 ж.) Каспий аймақтық тау-кен комбинаты тұрмыстық-коммуналды басқармасының көгалдандыру цехы құрылды.

МОМА, қ. 530

Сәуір

8 сәуір

65  жыл бұрын «Маңғышлақмұнайгазбарлау» тресі құрылды (1957 ж.).

МОМА, қ.  156

22 сәуір

Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің профессоры, геология-минералогия ғылымдарының докторы Құрбан Аманиязовтың туғанына 90 жыл (1932 ж.).

МОМА, қ.  175

Мамыр

1 мамыр

90  жыл бұрын (1932 ж.) Форт-Александровск (қазіргі Форт-Шевченко) қаласында Т. Г. Шевченко мемориалды мұражайы ашылды.

Культурное строительство на Мангышлаке. Сборник документов. Актау, 1996

7 мамыр

30 жыл бұрын (1992 жылы) Қазақстан Республикасының қарулы күштері құрылды.

10 мамыр

Социалистік Еңбек Ері, «Маңғышлақбалықтоңазытуфлоты» басқармасының балық аулау кемерінің капитаны Оразбаев Ізтұрғанның туғанына 105  жыл (1917 ж.).

МОМА, қ. . 154

10 мамыр

Ақтау қаласының құрметті азаматы, құрылыс саласының ардагері Ляшенко Николай Федоровичтің туғанына 85  жыл (1937 ж.).

МОМА, қ. . 179

31 мамыр

25 жыл бұрын (1997 жылы 05 сәуірдегі Қазқстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 31 мамыр) саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп бекітілді.

Маңғыстаудың азалы жылдары

Алматы 2007 ж.

Маусым

маусым

95 жыл бұрын (1927 ж.) Маңғышлақта Қызылармия және жұмысшы, шаруа Кеңесінің депутаттығына алғашқы сайлау өткізілді.

МОМА, қ. 276

Шілде

1 шілде

55 жыл бұрын (1967 ж.) Шевченко қаласында «Огни Мангышлака», қазіргі облыстық «Огни Мангистау» газетінің алғашқы нөмірі жарыққа шықты.

МОМА, қ. 172

6 шілде

30 жыл бұрын (1992 ж.) Маңғыстау облысының батысында орталығы Форт-Шевченко қаласы болып Түпқараған ауданы құрылды.

МОМА, қ. 330

25 шілде

100  жыл бұрын (1922 ж.) Форт-Александровскіде Урицкий атындағы пионер ұйымы құрылды.

МОМА, қ. 27п

шілде

30  жыл бұрын (1992 ж.) «Ақтау» Халықаралық теңіз транспорт компаниясы құрылды, оның құрылуы Қазақстан Республикасында теңіз сауда флотының ашылуына жол ашты.

Летопись г. Актау, 1963-2003.  Алматы, 2003

Тамыз

19 тамыз

50  жыл бұрын (1972 ж.) Шевченко қаласында №194 қалалық кәсіптік-техникалық училищесі құрылды. (қазіргі Маңғыстау энергетика колледжі).

МОМА, қ.  472

Қыркүйек

8 қыркүйек

50  жыл бұрын (1972 ж.) Шевченко қаласы әуежайында алғашқы рет Ил-18 жолаушылар лайнері қонды.

Летопись города Актау, 1963-2003. Алматы, 2003

27 қыркүйек

Социалистік Еңбек Ері, 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының ардагері Савин Петр Григорьевичтің туғанына 100 жыл (1922 ж.)

ГАМО,

ф. 154

15 қыркүйек

95 жыл бұрын (1927 ж.) Жұмысшы, шаруа және қызылармия депутаттары Адай округтік Кеңесінің І съезі өткізілді.

МОМА, қ.  276

қыркүйек

35  жыл бұрын (1987 ж.) алғаш рет  Шевченко қаласында «Каспий – достық теңізі» халықаралық жастар фестивалі өткізілді.

Летопись г. Актау, 1963-2003.  Алматы, 2003

Қазан

15 қазан

Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген еңбеккері Қорбақов Таушанның туғанына 100  жыл (1922 ж.).

МОМА, қ.  174

20 қазан

Қазақстан Коммунистік партиясы Маңғышлақ облыстық комитетінің бірінші хатшысы, төрт рет Еңбек Қызыл Ту және екі рет Құрмет Белгісі ордендерінің иегері, Ақтау қаласының құрметті азаматы Мұқашев Саламат Мұқашұлының туғанына 95 жыл (1927 ж.).

МОМА, қ.  154

24 қазан

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, маңғыстаулық ақын, журналист Гүлжаухар Сейітжанқызы 75  жаста (1947 ж.).

Летопись г. Актау, 1963-2003.  Алматы, 2003

26 қазан

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігінің бас директоры Тимонин Виталий Иосифовичтің туғанына 95  жыл (1927 ж.).

МОМА, қ.  175

Қараша

24 қараша

Социалистік Еңбек Ері, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерінің иегері, Шевченко қаласының құрметті азаматы, Маңғыстаудағы Каспий аймақтық тау-кен комбинатының алғашқы директоры Григорян Рубен Арамаисовичтің туғанына 105 жыл (1917 ж.).

МОМА, қ. 154

24 қараша

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты, партия, кеңес қызметкері Ережепов Қайролла Жеткізгенұлы 75  жаста (1947 ж.).

МОМА, қ. 175

29 қараша

50  жыл бұрын (1972 ж.) Шевченко қаласында әлемде алғашқы рет шапшаң нейтронды БН-350 реакторының физикалық  іске қосылуы сәтті жүргізілді.

МОМА, қ. 506.

Тарихи анықтама

Желтоқсан

12 желтосан

Маңғыстаудағы белгілі партия, кеңес қызметкері, 1930-1940 жж. қуғын-сүргінге ұшыраған Қилыбаев Байбоздың туғанына 125  жыл (1897 ж.).

МОМА, қ. 175

20 желтоқсан

Еліміздің мұнай ісінің үздігі, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры, Маңғыстау облысының аткомның төрағасы, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Қаз ССР-нің Жоғары Кеңес депутаты, Ақтау қаласының құрметті азаматы Марабаев Нәсіпқали Әбуғалиұлының туғанына 95 жыл (1927).

МОМА, қ. 3п, 330

25 желтоқсан

Ақтау қаласының құрметті азаматы, денсаулық сақтау саласының үздігі, Қазақ КСР-на еңбегі сіңген дәрігер, облыстық перзентхананың бөлім меңгерушісі Джиоева Екатерина Бетоевнаның туғанына 80  жыл (1942 ж.).

МОМА, қ. 475

25 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, профессор, медицина ғылымдарының докторы, оташы, маңғыстаулық Намаз Ізімбергеновтың туғанына 85 жыл (1937 ж.).

МОМА, қ. 475

2022  жылдың айы мен күндері анықталмаған атаулы даталар

1857 жыл

Маңғыстаулық әнші-сазгер, шебер-зергер, «Ақбөбек» әнінің авторы Қайып Қорабайұлының туғанына 165 жыл.

«Маңғыстау» энциклопедиясы,  Алматы, 1997

1882 жыл

Халық емшісі және ағартушы, инженер-геолог, маңғыстаулық ғалым Оразмағанбет Тұрмағанбетұлының туғанына 140 жыл.

МОМА, қ. 175

1887 жыл

Көрнекті мемлекеттік қызметкер, 1920 жж. Маңғыстауда кеңес үкіметін орнатудағы белгілі күрескер Нұрсұлтан Оңғалбаевтың туғанына 135 жыл.

МОМА, қ. 214

1892 жыл

Қазақстанның көрнекті мемлекеттік қайраткері, Маңғыстауда кеңес үкіметін орнатудағы белсенді күрескер Жалау Мыңбаевтың туғанына 130  жыл.

МОМА, ққ. 214, 235

1892 жыл

Қазақтың әскери-эскадрон полкінің алғашқы командирі, Маңғыстаудан шыққан алғашқы әскери комиссар Төлесін Әлиевтің туғанына 130  жыл.

МОМА, қ. 214

1922 жыл

1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан Кеңес Одағының Батыры, маңғыстаулық Жұмағали Қалдықараевтың туғанына 100  жыл.

Боздақтар. Алматы, 2003; Тағзым.

Алматы, 2005

1927 жыл

«Маңғыстаумұнайгазбарлау» экспедициясының тұңғыш бұрғылаушысы, мұнайшы, Жетібай кен орнын алғашқы ашушыларының бірі Тасмұратов Нұржаудың туғанына 95 жыл.

МОМА, қ. 542

1932 жыл

Ленин, Октябрь революциясы ордендерінің иегері, Өзен геология-барлау экспедициясының бұрғылау шебері Ғазиз Әбдіразақовтың туғанына 90  жыл.

МОМА, қ. 174

1937 жыл

Жоғары дәрежедегі неврапотолог-дәрігер, КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі, Есманова Мензипа Ишмухановнаның туғанына 85  жыл.

МОМА, қ. 475

1972 жыл

50  жыл бұрын Маңғышлақ газөндіру басқармасы құрылды.

МОМА, қ. 176

1977 жыл

45  жыл бұрын Шевченко қаласының архитектурасы үшін инженер, архитекторлар және құрылысшылар тобы  КСРО Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды.

Жемчужина Каспия.

Алматы, 2003

1992 жылы

30  жыл бұрын Маңғыстау облысында бірнеше ұлттық-мәдени орталықтар ашылды: татар халқының «Булгар», азербайжан халқының «Достлуг», корей халқының «Чэсэнь», армян халқының «Ехпайрутюн», шешен-ингуш халқының «Вайнах», лезген халқының «Самур» орталықтары ашылды.

МОМА, ққ. 330, 357п

 



2 желтоқсан күні конференц залында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі қаламгер, ақын Темір Мыңжастың 70 жасына орай "Өмірін жырмен ...

Жаңалыққа өту  

Бүгін облыстық кітапханасында ҰОС ардагері, Жаңаөзен қаланың құрметті азаматы, мәдениет қайраткері Өтежан Алшымбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ...

Жаңалыққа өту  

Облыстық кітапханада Саламат Мұқашевты еске алу кеші өтті.  Басқосуда еліміздің мемлекет және қоғам қайраткері Саламат Мұқашевтың ел дамуы мен ...

Жаңалыққа өту  

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МЕРЕЙІ МЕН ДЕҢГЕЙІ, ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ӨРКЕНІН ӨСІРУДЕ          ҚЫРУАР ПАЙДА КЕЛТІРЕТІН ОСЫНАУ РУХАНИ ҚАЗЫНАМЫЗ – КІТАП.   АЛ КІТАП ...

Жаңалыққа өту  

Құрметті оқырмандар! Кітап қорымыз жаңа кітаппен толығуда. 19 қазан күні кітапханада Ұстаз Джолманова Нұрлан Серікбаевичтың "Ел бол!" атты кітабының ...

Жаңалыққа өту  

Техникалық әдебиеттер бөліміне қыркүйек айының 15 жұлдызы күні N 25 мектептің жоғарғы сынып оқушылары кітапхананың кітап қорымен танысу мақсатында ...

Жаңалыққа өту  

14 қыркүйекте  "Мейірбике" жоғары медициналық колледжінің  мәжіліс залында "Маңғыстау Руханият" қоғамдық қорының мұрындық болуымен колледж ...

Жаңалыққа өту  

16 қыркүйек күні  облыстық кітапханасында ақын, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мырзағали Іңірбаевтың шығармашылығына арналған ...

Жаңалыққа өту  

Облысымызда отбасы күніне орай кимешек киген аналар шеруі ұйымдастырылып, кітапханамызда кимешек киген аналармен дөңгелек үстел өтуде.  ...

Жаңалыққа өту  

7 қыркүйек күні облыстық кітапханасының өнер бөлімінде Қазақстандық және бұрынғы кеңес театр, кино және опера режиссері, КСРО және Қазақстанның халық ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу