• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Steppe and World баспа үйінің басшысы Раиса Сайран Қадырқызымен кездесу

Steppe and World баспа үйінің басшысы Раиса Сайран Қадыр арнайы атбасын бұрып Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханаға келіп, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Пәния Оналбайқызының және қала мектеп кітапханашыларының қатысуымен отандық  кітап нарығы, Хәрри Поттер феномені мен еліміздегі әйел басшы туралы стереотиптерге қатысты өз ойын ортаға салды

- Қазақстанға 2016 жылғы кезекті сапарымда балаларыма, туыстарыма базарлыққа қазақ тілінде шыққан әлем әдебиетін таппай, таң қалдым (бұл жайында сұхбаттарымда жиі айтамын). Жырақта жүргенде елдегі жағдайға қатысты көзқарас басқаша болып жатады ғой. Сонда қазақ балалары бестселлер болған, танымал заманауи әдебиетті қалай оқиды деп ойланғаным рас. Шынын айту керек, осы уақытқа дейін елімізде қазақ кітап нарығы деп айтатындай нарық болмады. Мемлекеттік тапсырыспен классикалық әдебиетті шығаратын ірі баспаларды ескермегенде, нарық Ресейден шыққан орыс кітаптарынан тұрды. «Атамұра», «Алматы кітап», «Фолиант» баспалары көбіне мемлекетпен тікелей, яғни B2G (business-to-government) форматында жұмыс істеп келеді. Ал B2C (business-to-consumer) форматындағы жұмыс көп уақыт пен қаражатты талап етеді. Ондай күш-қуат пен уақыт бөлуге баспа үйлерінің біразы мүдделі болмады деп ойлаймын.

Осының бәрін зерделей келе, өз баспамды ашу керек деген идеяға тоқталдым, бұл 2016 жыл болатын. Баспа 2017 жылы тіркелді, ал алғашқы кітап – Джулия Дональдсонның «Ақын қояны» («The Rhyming Rabbit») 2018 жылы шықты. Қарап отырсаңыз, идеяның туындауы, баспа үйінің тіркелуі мен алғашқы кітаптың жарыққа шығуы екі жылды қамтыды. Меніңше, аз уақыт емес. 



Маусым айында кітапханамыздың техникалық әдебиет бөліміне  "Өрлеу" БАҰО" АҚ Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институтының орыс тілі пәнінің ...

Жаңалыққа өту  

Ұлт ұстазына арналған сайыс мәресіне жетті!  ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық Академиялық  кітапханасының ұйымдастыруымен жыл сайын ...

Жаңалыққа өту  

8 маусым күні облыстық кітапханасына мектеп мұғалімдері мен кітапханашылары келіп, кітапхана қорына түскен жаңа кітаптарымен, кітапхана бөлімдерімен ...

Жаңалыққа өту  

7 маусым күні кітапханамызда "Облыстық және білім беру ұйымдарының кітапхана байланысы: ынтымақтастық, тәжірибе, біліктілік" атты семинар-тренинг ...

Жаңалыққа өту  

Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне байланысты 5 маусым күні кітапханамыздың техникалық әдебиеттер бөлімінде ақпараттық шолу өтті. Кітапхана ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамызда  “Сыр” оқырмандар клубының кезекті отырысы өткізілді. Ортада Абайдың тоғызыншы, жиырма төртінші, отыз екінші қара сөздері талқыланды. ...

Жаңалыққа өту  

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің ...

Жаңалыққа өту  

25-наурыз күні Маңғыстау облыстық кітапханасында "2022 жыл - Балалар жылы" аясында "Ордаген" балаларға арналған ертегілер жоба авторларымен ...

Жаңалыққа өту  

11-наурыз күні Ш. Есенов атындағы Университетінде "ЖАЛАУ МЫҢБАЕВ - МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ" ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ. Баяндама ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу