Абай ақынның өлеңдерін нүктелі-бедерлі қаріптегі өлеңдер жинағы.
Қабиболла Сыдиықов ат-ғы Маңғыстау облыстық кітапханасында оқырмандардың әр түрлі топтары: балалар, жастар, үлкендермен қатар мүгедек оқырмандарға да тең құқылы қызмет көрсетіледі, ел жаңалықтары таныстырылып, әр түрлі шаралар ұйымдастырылып тұрады. Мүгедектермен жұмыс негізінен көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарды магнитофон лентасына жазылған кассеталармен қамтамасыз ету, оқу машинкасын пайдалану арқылы кітап оқыту, баспасөздегі жаңалықтарды дауыстап оқып беру, кітапханаға өздігінен келе алмайтын мүгедектерге үйлеріне кітап апарып беру бағыттарында жүргізіледі. Оқу машинкасы “Книголюб” арқылы кассетаға жазылған көркем әдебиеттер және Брайль жүйесімен жазылған нүктелі-бедерлі кітаптар тұрақты оқырмандарға күн сайын оқытылып отырады. Көздері көрмесе де, көңілдері ояу, жаңалыққа жаны құмар жандар үшін кітапхана қызметкерлері Б.Көшенова мен Д.Қожанова техника көмегімен Абай ақынның өлеңдерін нүктелі-бедерлі кітапша етіп шығарды. Жаздырып оқимын деушілерге кітапхана есігі ашық. Мекен-жайы: 11 шағын аудан, №16 үй, 52-пәтер. Көз мүгедектері кітапханасы.
Н. Еңсегенова
15 қараша күні кітапханамыздың конференц залында «Ұлттық валюта – төл теңге» тақырыбында ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Шараға 3502 әскери ...
АБЫЗДЫҢ АБЫЗДЫҒЫН АЙҚАРА АШҚАН қаламгер, майталман мәдениеттанушы Сауытбек Абдрахмановтың «Абыз Əбіш» атты толғаныстар кітабына шолу (таныстырылымы) ...
18 қазан күні "Тәуелсіздік керуені" акциясы аясында кітапханамыздың кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің меңгерушісі Қуандықова Зауре ...
30 қыркүйек күні кітапханамыздың Балалар бөлімінде жергілікті ақын, журналист Рахат Қосбармақпен "Маңғыстаудың арда ұлы" кездесу кеші өтті. Кешке ...
2022 жылы еске алынатын күндердің ...
Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының Жасөспірім бөлімінде тамыздың 25 жұлдызында Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері ...
"Парасат жолы" жобасы аясында Қазақтың ұлы ойшылы, ақын, жазба қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туғанына 176 жыл. Абай күні ...
"БАЛА ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕГІ" атты балалар ақыны Көмек Ыбыраймен кездесу кеші 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізілді. Қатысқан ...
Буккроссинг жаңалықтары: Осы, және басқа да кітаптарды қала кафелерінде орналасқан Буккроссинг сөрелерінен ала аласыздар! Новости Буккроссинга: ...
6 мамыр күні Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Панфилов дивизиясының ерлігіне арналған «Ер жүрек ерлеріміздің ерліктеріне тағзым» атты тақырыптық ...