• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Артына өшпес із қалдырған нар тұлға - Қолғанат Нұржаубайұлы

28-ақпан күні облыстық кітапхана өлкетану залында Өлкенің өркендеуіне өз үлесін қосқан ел ағаларының бірі, өлкетанушы, журналист, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Ақтау қаласының құрметті азаматы, Құрмет орденінің иегері - Қолғанат Нұржаубайұлының туғанына 70 жыл толуына орай «Артына өшпес із қалдырған нар тұлға» атты еске алу кеші өтті. 

Қолғанат Нұржаубайұлы сонау Маңғыстаудың шалғай ауылынан шығып, Республика көлеміндегі алғашқылардың бірі болып, тарихшы-археолог мамандығын алып шыққан тұлға. Маңғыстаудан шыққан тұңғыш археолог, Маңғыстау облысының тарихи-өлкетану мұражайының негізін қалаушы. Қызылқала, Шерқала ортағасырлық бекініс-қалалары мен өлкенің археологиялық ескерткіштері туралы мәліметтерді зерттеуші. Ол жастайынан елмен етене араласып, жан-жақты қабілетімен, қандай құрметке де лайықты азамат екенін көрсетеді. Қай салада жұмыс істесе де артына өшпес із қалдырып, елдің ықыласы мен алғысына бөленеді. 

Облыс аймағындағы мәдени іс-шараларға белсене араласып, ел құрметіне бөлніп жүрген сыйлы азамат, заңғар жазушы Әбіш Кекілбайұлымен, поэзия падишасы – Фариза Оңғарсынова апасымен жақын аралас болып, олардың батасын алған жан. Қолғанат Нұржаубайұлы МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-де журналист болып жүріп, облыстағы көптеген өзекті мәселелерді ортаға салып, оның шешілуіне үлкен үлесін тигізді. Оның «Шәмбілдің шаңырағы», «Тағылым», «Емші», «Таушығым құт мекенім» деген кітаптары, бірнеше мақалалары жарық көрген. Еске алу кешінде Қолекеңнің өмірінен сыр шертетін бейнеүзік көрсетіліп, жиналған қауым ерекше тебіреніспен тамашалады. Кешке Қолғанат Нұржаубайұлының белгілі ұстаз, ғалым, ақын замандастары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. 

Ел ағаларынан белгілі дәрігер Сүлеймен Бердәулетов, Аққұлов Қаржау, Нұров Саламат, Құрмет орденінің иегері, ақын Сабыр Адай, Қазақ КСР-і «Халық ағарту ісінің үздігі», математик Ванов Қуантқан, математика-физика ғылымдарының докторы, ғалым Дүйсенбаев Баймұқанбет, жас өлкетанушы Кенжебек Сержан сөз сөйлеп өз естеліктерін айтты. Сонымен бірге, кеште Қолғанат ағаның өлеңдері оқылып, әсерлі әңгімелері айтылды. Облыстық филармонияның дәстүрлі әншісі Темірбек Асқамбаев «Тойбастар» жырын орындап, көпшілікке өнерін паш етті. Кітапхана ұжымының атынан Нұргүл Еңсегенова да сөз сөйлеп, Қолғанат ағаның аманат сөзін айтып еске алды.

Қолекеңнің тоқсан жастан асқан ағасы Ізбасқан ақсақал бастап, жұбайы Қамаш апай мен баласы Асқар Қолғанатұлы қорытынды сөз сөйлеп, ұйымдастырушы кітапхана ұжымына, жиналған қауымға өз ризашылығын білдірді. Кеш соңында Қолғанат Нұржаубайұлының рухына құран бағышталып, арнайы дайындалған көрмеге естелікке суретке түсті.




Облыстық кітапханасында батыр, ақын, күйші Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай «Менің атым – Махамбет» тарихи-танымдық сағаты өтті. ...

Жаңалыққа өту  

1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Жүзі басқа болғанымен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі ...

Жаңалыққа өту  

28 сәуір күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында "Қыз көктемнің жүрегі" атты кітаптың авторы ақын Ақшагүл Рамазанованың ...

Жаңалыққа өту  

2-сәуір күні  «Бір ел – бір кітап» атты республикалық акциясы аясында облыстық кітапханасының өнер бөлімінде жазушы шығармаларынан «Өнерлі жастар ...

Жаңалыққа өту  

22 сәуір күні облыстық кітапханасының өнер бөлімінің ұйымдастыруымен ALIYA TUMAN сән үйінің басшысы, ұйымдастырушысы, алғашқы ой елегін өткізіп, ...

Жаңалыққа өту  

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық - заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда ...

Жаңалыққа өту  

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні - жыл сайын 28 сәуірде атап өтілетін мереке. Бұл сонымен қатар жұмыста қайтыс болған немесе жарақат алған ...

Жаңалыққа өту  

23-сәуір - Бүкіләлемдік кітап күніне орай облыстық кітапханада "КІТАПХАНА ТҮНІ" - 2023  мерекелік іс-шара өткізілді. Шараға қала тұрғындары мен ...

Жаңалыққа өту  

12-сәуір күні облыстық кітапханада "Мағжанмен бір жыл" жобасы аясында «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының орталықтандырылған ...

Жаңалыққа өту  

Бір ғасырды бір ғасыр алмастырып, жаңа тарих туса да сол тарихты жасаған тұлғалардың есімдері асқақтап, ұлықтала бермек. Осындай тарихи тұлғалардың ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу