• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Артына өшпес із қалдырған нар тұлға - Қолғанат Нұржаубайұлы

28-ақпан күні облыстық кітапхана өлкетану залында Өлкенің өркендеуіне өз үлесін қосқан ел ағаларының бірі, өлкетанушы, журналист, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Ақтау қаласының құрметті азаматы, Құрмет орденінің иегері - Қолғанат Нұржаубайұлының туғанына 70 жыл толуына орай «Артына өшпес із қалдырған нар тұлға» атты еске алу кеші өтті. 

Қолғанат Нұржаубайұлы сонау Маңғыстаудың шалғай ауылынан шығып, Республика көлеміндегі алғашқылардың бірі болып, тарихшы-археолог мамандығын алып шыққан тұлға. Маңғыстаудан шыққан тұңғыш археолог, Маңғыстау облысының тарихи-өлкетану мұражайының негізін қалаушы. Қызылқала, Шерқала ортағасырлық бекініс-қалалары мен өлкенің археологиялық ескерткіштері туралы мәліметтерді зерттеуші. Ол жастайынан елмен етене араласып, жан-жақты қабілетімен, қандай құрметке де лайықты азамат екенін көрсетеді. Қай салада жұмыс істесе де артына өшпес із қалдырып, елдің ықыласы мен алғысына бөленеді. 

Облыс аймағындағы мәдени іс-шараларға белсене араласып, ел құрметіне бөлніп жүрген сыйлы азамат, заңғар жазушы Әбіш Кекілбайұлымен, поэзия падишасы – Фариза Оңғарсынова апасымен жақын аралас болып, олардың батасын алған жан. Қолғанат Нұржаубайұлы МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-де журналист болып жүріп, облыстағы көптеген өзекті мәселелерді ортаға салып, оның шешілуіне үлкен үлесін тигізді. Оның «Шәмбілдің шаңырағы», «Тағылым», «Емші», «Таушығым құт мекенім» деген кітаптары, бірнеше мақалалары жарық көрген. Еске алу кешінде Қолекеңнің өмірінен сыр шертетін бейнеүзік көрсетіліп, жиналған қауым ерекше тебіреніспен тамашалады. Кешке Қолғанат Нұржаубайұлының белгілі ұстаз, ғалым, ақын замандастары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. 

Ел ағаларынан белгілі дәрігер Сүлеймен Бердәулетов, Аққұлов Қаржау, Нұров Саламат, Құрмет орденінің иегері, ақын Сабыр Адай, Қазақ КСР-і «Халық ағарту ісінің үздігі», математик Ванов Қуантқан, математика-физика ғылымдарының докторы, ғалым Дүйсенбаев Баймұқанбет, жас өлкетанушы Кенжебек Сержан сөз сөйлеп өз естеліктерін айтты. Сонымен бірге, кеште Қолғанат ағаның өлеңдері оқылып, әсерлі әңгімелері айтылды. Облыстық филармонияның дәстүрлі әншісі Темірбек Асқамбаев «Тойбастар» жырын орындап, көпшілікке өнерін паш етті. Кітапхана ұжымының атынан Нұргүл Еңсегенова да сөз сөйлеп, Қолғанат ағаның аманат сөзін айтып еске алды.

Қолекеңнің тоқсан жастан асқан ағасы Ізбасқан ақсақал бастап, жұбайы Қамаш апай мен баласы Асқар Қолғанатұлы қорытынды сөз сөйлеп, ұйымдастырушы кітапхана ұжымына, жиналған қауымға өз ризашылығын білдірді. Кеш соңында Қолғанат Нұржаубайұлының рухына құран бағышталып, арнайы дайындалған көрмеге естелікке суретке түсті.




Тілшіміздің жинағы түрік тілінде жарық көрді “Маңғыстау” газетінің белді тілшісі Үміт Жәлекенің әңгімелер жинағы түрік тіліне аударылып, ...

Жаңалыққа өту  

30 наурыз күні облыстық кітапхана техникалық әдебиет бөлімінде "Табиғат әлемінің әсемдігі - бөлшектерде"  23 наурыз- Бүкіләлемдік метеорология ...

Жаңалыққа өту  

30.03.23ж. Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында “Бір өлке, бір тұлға” акциясы аясында, Қазақтан шыққан тұңғыш мифолог, ...

Жаңалыққа өту  

16-наурыз күні  кітапханамызда «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері»(1998), Ғарифолла Құрманғалиевтен тікелей сабақ алған шәкірті, Маңғыстау ...

Жаңалыққа өту  

2-наурыз күні Ш. Есенов Университеті және Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік сыйлығының ...

Жаңалыққа өту  

СЫЙЫНАР ЕМ, АНА ДЕГЕН ТӘҢІРГЕ... «Болмасын әйел назалы, Болмасын әйел жазалы. Кеудесін қаққан талайдың, Әйелден болған ажалы!»                 ...

Жаңалыққа өту  

Алғыс айту күні – сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн. Айтулы күн, ризашылық пен мейірімнің, бейбітшілік ...

Жаңалыққа өту  

28-ақпан күні облыстық кітапхана өлкетану залында Өлкенің өркендеуіне өз үлесін қосқан ел ағаларының бірі, өлкетанушы, журналист, Қазақстан ...

Жаңалыққа өту  

28-ақпан күні кітапханамызда ерекше іс-шара өтті. Ерекше дейтін себебіміз — ХХ ғасырдың басында "қазақ халқының көзі, құлағы һәм тілі" болған ...

Жаңалыққа өту  

22-ақпан күні  кітапханамыздың оқу залында Ислам әлемін крестшілер шабуылынан және моңғол шапқыншылығынан құтқарған Мәмлүктер мемлекетінің төртінші ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу