• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Биыл ақын, ғалым-зерттеуші Қабиболла Сыдиықұлының туғанына 90 жыл.

Биыл ақын, ғалым-зерттеуші Қабиболла Сыдиықұлының туғанына 90 жыл.

Қазақ халқы қай кезде де тілге шешен, өнерге бай халық. Кең байтақ жеріміздің әр аймағының жекелеген ақын, жырау, жыршы, әнші, күйші өнерпаздарын жан-жақты зерттеуде әрбір ғалымның өзіндік орны бар. Абайдың ұлылығын әлемге танытқан М.Әуезов болса, қазақтың Батыс өңіріндегі Абыл, Ақтан, Нұрым, Қашаған, Мұрын, Насихат, Қашаубай, Аралбай, Елеусін,  Мұрат сынды басқа да көптеген ақын, жырау, жыршыларды бүкіл елге танытуда Қабиболла Сыдиықұлының еңбегі ерекше.

Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу ісіне ширек ғасырдан астам уақыт бойы жемісті еңбек етіп, әдебиеттану ғылымына өзіндік үлес қосқан белгілі ғалымдарымыздың бірі, зерделі зерттеуші Қабиболла Сыдиықұлы Атырау мен Маңғыстаудың төл перзенті, Қазақтың маңдайына біткен марғасқа азаматы, ұстаз, жазушы, ғалым.

Қ. Сыдиықұлы  Шалгез, Абыл, Махамбет, Қашаған, Ораз, Есет, Нұрым, Ақтан, Қалнияз, Аралбай, Сәттіғұл, Ерімбет, Мұрын, Досы, Әкімалы, Елбай, Қашқынбай, Досжан (есентемір), Досжан (тама), Насихат т.б. сөз зергерлері мен әдеби, мәдени мұралар хақында 300-ден аса еңбектің авторы. 

2024 жылы өткізілетін  "Бір өлке - бір тұлға" акциясы аясында ақын, ғалым-зерттеуші Қабиболла Сыдиықұлының 90 жылдығына орай кітап көрмелер, библиографиялық көрсеткіштері, кездесулер, сұхбаттар, конференциялар т.б. ұйымдастырылады. 



16 қыркүйек күні  облыстық кітапханасында ақын, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мырзағали Іңірбаевтың шығармашылығына арналған ...

Жаңалыққа өту  

Облысымызда отбасы күніне орай кимешек киген аналар шеруі ұйымдастырылып, кітапханамызда кимешек киген аналармен дөңгелек үстел өтуде.  ...

Жаңалыққа өту  

7 қыркүйек күні облыстық кітапханасының өнер бөлімінде Қазақстандық және бұрынғы кеңес театр, кино және опера режиссері, КСРО және Қазақстанның халық ...

Жаңалыққа өту  

Елiне асығып, туған жерiнiң топырағын иiскеу бақытына ие бола алмай жүрген қандастар қаншама. Олар қай жерде жүрсе де Отанына оралу мүмкiндiгiн ...

Жаңалыққа өту  

 22 шілде күні облыстық кітапханасының Өлкетану залында "Өзі батыр әрі би Бабық Мыңбай" атты Мыңбай Әжібайұлының туғанына 220 жыл толуына орай ...

Жаңалыққа өту  

18-19 шілде күндері облыстық кітапханада "ҚИССА сүл-әнбия", "Бейсен және болмыс" кітаптарының тұсау кесерлері өтіп жатыр, және кітап жәрмеңкесі ...

Жаңалыққа өту  

" ОН ТӨРТТЕ ЕЛ ТАНЫҒАН БОЛДЫМ БАЛДАЙ АҚЫН". Бүгін Қ. Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасы Өлкетану залында Өлкенің ақын қызы Балдай ...

Жаңалыққа өту  

Жақында кітапхана қорынан ала аласыздар! ...

Жаңалыққа өту  

⚜️АЙТУҒАН ЖЫРАУДЫҢ 220 жылдығына орай. Бүгін өлкетану залында маңғыстаулық ақын, сыбызғышы Айтуған Тайұлының биыл 220 жылдық мерейтойы аясында ...

Жаңалыққа өту  

Бүгін елімізде Ұлттық домбыра күні!  Құрметті оқырмандар! Сіздерді кітапханамыздың өнер бөлімінде ұйымдастырған кітап көрмесін тамашалауға ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу