Оқырмандар конференциясы
6 желтоқсан – Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбаевтің туған күні. Тірі болғанда әдебиет алыбы 82 жасқа толар еді.
3 желтоқсан күні заңғар жазушы Әбіш Кекілбайтің Үркер” романына оқырмандар конференциясы өтті. Үркер романы - қазақ елі басынан өткерген аса ауыр кезеңдерді, XVII-XVIII ғасырларда орын алған ірі-ірі оқиғаларды тарихи деректерге сүйеніп жазылған, көп қанатты, тарих шежіресін жырлайтын тамаша туынды.
Шығарманың басты кейіпкерлері – Тәуке, Әбілқайыр, Бөкенбай, Тевкелев немесе бірдің емес бүкіл елдің атынан сөйлеген билер: Қазыбек, Төле, Әйтеке. Бұдан басқа персонаждар ойдан шығарылған адамдар емес, өмірде, тарихта болған, қоғам өмірінде өшпес із қалдырған тұлғалар, қайраткерлер. Бұл шығарманың басқа шығармалардан ерекше айырмашылығы мен артықшылығы – ол түгелдей өмірде болған оқиға желісінде жазылғандығы.
Шараға Х.Өзбекхалиев атындағы Маңғыстау политехникалық және Ш.Есенов атындағы колледж студенттері белсене қатысты, алғыс хаттармен марапатталды
#әбішкекілбаевүркер @yessenov_college @mptk.aktau
@mangystau_kitapkhana
16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры" атты патриоттық кеш өтті. Шара барысында ата-бабамыздың арманы ...
9 желтоқсан күні облыстық кітапхана қызметкерлері Каталогизатор мектебі бойынша онлайн-тренингке қатысты. ⠀Тренинг барысында Web-RABIS ...
3 желтоқсан күні кітапханамызда "Кітап қорын есепке алу мен толықтырудың жаңа міндеттері" бойынша онлайн сабақ өтті. Сабаққа қала мен аудан ...
Бистро Fusion-де ашылды! Жақында Napoli кафесінде ашылады! ...
Халқымыздың талантты перзенті, ұлы ақын, ҚР ән-ұранының авторы Жұмекең Нәжімеденовтың туғанына 85 жыл толуына орай музыкалық ақпараттық сағат Өнер ...
1желтоқсан-ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Ақтау қалалық Ішкі істер басқармасы қызметкерлеріне "Елін сүйген, жерін сүйген көшбасшы" тақырыбында ...
15-қараша Ұлттық валюта күні қарсаңында "Теңге - асыл қазына, халық байлығы" тақырыбында "ҚР Ұлттық Банкі" Маңғыстау филиалының директорының ...
"Айгөлек" клубына шақырамыз! ...
Біздің Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапханасының Өнер бөлімінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы қарсаңында «Қайран елім, қазағым ...