• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

«Сыйынар ем, Ана деген тәңірге» дөңгелек үстел

СЫЙЫНАР ЕМ, АНА ДЕГЕН ТӘҢІРГЕ...

«Болмасын әйел назалы,
Болмасын әйел жазалы.
Кеудесін қаққан талайдың,
Әйелден болған ажалы!»

                       Жүрсін ЕРМАН

7-наурыз күні облыстық кітапханасы конференц залында  8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Сыйынар ем, Ана деген тәңірге» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға: көпбалалы ана, ағылшын, неміс тілі маманы, блогер Нәреш Неождана Күмісбекқызы; көпбалалы ана, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Қаржаубаева Гүлдәурен Аманқұловна; Маңғыстау өнер колледжінің қобыз пәні оқытушысы, Абыл Тарақұлы атындағы қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің әртісі Кемелбекова Жұпар Ерсайынқызы; ҚР Мәдениет саласының үздігі, Маңғыстау өнер колледжінің «Домбырамен ән салу» пәнінің оқытушысы Ерімбетова Ақмарал Тастанбековна сынды майталман өнерпаз да, отбасының ұйытқысы да болып жүрген аналар келді.

Қонақтар іс-шараға қатысқан оқырмандарға, студенттерге, оқушыларға өмірден түйген тәлім-тәрбие, өнер жолындағы жанкешті еңбек туралы тағылымды әңгіме айтты. Сонымен бірге, әйелдер мерекемен арнайы құттықтай келген жас өнерпаздар ән мен күйден шашу шашты. Күміс көмей әнші А.Ерімбетова көрермендердің сұрауымен «Әдемі қыз» әнін әуелете шырқап берді.

Кездесу кешіне келген барша қонақтарға, көрермендерге алғыс айтамыз!

Барша әйелдер қауымына жұмысына табыс, отбасына амандық тілейміз! 



16 қыркүйек күні  облыстық кітапханасында ақын, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мырзағали Іңірбаевтың шығармашылығына арналған ...

Жаңалыққа өту  

Облысымызда отбасы күніне орай кимешек киген аналар шеруі ұйымдастырылып, кітапханамызда кимешек киген аналармен дөңгелек үстел өтуде.  ...

Жаңалыққа өту  

7 қыркүйек күні облыстық кітапханасының өнер бөлімінде Қазақстандық және бұрынғы кеңес театр, кино және опера режиссері, КСРО және Қазақстанның халық ...

Жаңалыққа өту  

Елiне асығып, туған жерiнiң топырағын иiскеу бақытына ие бола алмай жүрген қандастар қаншама. Олар қай жерде жүрсе де Отанына оралу мүмкiндiгiн ...

Жаңалыққа өту  

 22 шілде күні облыстық кітапханасының Өлкетану залында "Өзі батыр әрі би Бабық Мыңбай" атты Мыңбай Әжібайұлының туғанына 220 жыл толуына орай ...

Жаңалыққа өту  

18-19 шілде күндері облыстық кітапханада "ҚИССА сүл-әнбия", "Бейсен және болмыс" кітаптарының тұсау кесерлері өтіп жатыр, және кітап жәрмеңкесі ...

Жаңалыққа өту  

" ОН ТӨРТТЕ ЕЛ ТАНЫҒАН БОЛДЫМ БАЛДАЙ АҚЫН". Бүгін Қ. Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасы Өлкетану залында Өлкенің ақын қызы Балдай ...

Жаңалыққа өту  

Жақында кітапхана қорынан ала аласыздар! ...

Жаңалыққа өту  

⚜️АЙТУҒАН ЖЫРАУДЫҢ 220 жылдығына орай. Бүгін өлкетану залында маңғыстаулық ақын, сыбызғышы Айтуған Тайұлының биыл 220 жылдық мерейтойы аясында ...

Жаңалыққа өту  

Бүгін елімізде Ұлттық домбыра күні!  Құрметті оқырмандар! Сіздерді кітапханамыздың өнер бөлімінде ұйымдастырған кітап көрмесін тамашалауға ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу