Биыл ақын, ғалым-зерттеуші Қабиболла Сыдиықұлының туғанына 90 жыл.
Биыл ақын, ғалым-зерттеуші Қабиболла Сыдиықұлының туғанына 90 жыл.
Қазақ халқы қай кезде де тілге шешен, өнерге бай халық. Кең байтақ жеріміздің әр аймағының жекелеген ақын, жырау, жыршы, әнші, күйші өнерпаздарын жан-жақты зерттеуде әрбір ғалымның өзіндік орны бар. Абайдың ұлылығын әлемге танытқан М.Әуезов болса, қазақтың Батыс өңіріндегі Абыл, Ақтан, Нұрым, Қашаған, Мұрын, Насихат, Қашаубай, Аралбай, Елеусін, Мұрат сынды басқа да көптеген ақын, жырау, жыршыларды бүкіл елге танытуда Қабиболла Сыдиықұлының еңбегі ерекше.
Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу ісіне ширек ғасырдан астам уақыт бойы жемісті еңбек етіп, әдебиеттану ғылымына өзіндік үлес қосқан белгілі ғалымдарымыздың бірі, зерделі зерттеуші Қабиболла Сыдиықұлы Атырау мен Маңғыстаудың төл перзенті, Қазақтың маңдайына біткен марғасқа азаматы, ұстаз, жазушы, ғалым.
Қ. Сыдиықұлы Шалгез, Абыл, Махамбет, Қашаған, Ораз, Есет, Нұрым, Ақтан, Қалнияз, Аралбай, Сәттіғұл, Ерімбет, Мұрын, Досы, Әкімалы, Елбай, Қашқынбай, Досжан (есентемір), Досжан (тама), Насихат т.б. сөз зергерлері мен әдеби, мәдени мұралар хақында 300-ден аса еңбектің авторы.
2024 жылы өткізілетін "Бір өлке - бір тұлға" акциясы аясында ақын, ғалым-зерттеуші Қабиболла Сыдиықұлының 90 жылдығына орай кітап көрмелер, библиографиялық көрсеткіштері, кездесулер, сұхбаттар, конференциялар т.б. ұйымдастырылады.
Маусым айында кітапханамыздың техникалық әдебиет бөліміне "Өрлеу" БАҰО" АҚ Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институтының орыс тілі пәнінің ...
Ұлт ұстазына арналған сайыс мәресіне жетті! ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен жыл сайын ...
8 маусым күні облыстық кітапханасына мектеп мұғалімдері мен кітапханашылары келіп, кітапхана қорына түскен жаңа кітаптарымен, кітапхана бөлімдерімен ...
7 маусым күні кітапханамызда "Облыстық және білім беру ұйымдарының кітапхана байланысы: ынтымақтастық, тәжірибе, біліктілік" атты семинар-тренинг ...
Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне байланысты 5 маусым күні кітапханамыздың техникалық әдебиеттер бөлімінде ақпараттық шолу өтті. Кітапхана ...
Кітапханамызда “Сыр” оқырмандар клубының кезекті отырысы өткізілді. Ортада Абайдың тоғызыншы, жиырма төртінші, отыз екінші қара сөздері талқыланды. ...
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің ...
25-наурыз күні Маңғыстау облыстық кітапханасында "2022 жыл - Балалар жылы" аясында "Ордаген" балаларға арналған ертегілер жоба авторларымен ...
11-наурыз күні Ш. Есенов атындағы Университетінде "ЖАЛАУ МЫҢБАЕВ - МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ" ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ. Баяндама ...