«Бір ел - бір кітап 2024» - Бердібек Соқпақбаев
Биылғы жылы "Бір ел -бір кітап" акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқимыз.
Соқпақбаевтың көптеген шығармалары жас оқырмандарға арнап жазылған. Адамның әрбір кезеңі оның шынайы қуанышына толы. Осы тұрғыдан алғанда, қаладан атасына келіп, басынан қызықты ауыл өмірін өткерген қалалық қыз туралы «Аяжан» атты әңгімесі шынайы қызығушылық тудырады.
Жазушының кейінгі шығармаларының ішінде махаббат, сұлулық тақырыбына арналған «Қайдасың, Гаухар?» атты тамаша әңгімесі бар.
Бердібек Соқпақбаевтың барлық туындыларында оның шығармашылығының қайнар көзі халық өмірінен бастау алғаны сезіледі. Жазушының бейнелеу қабілеті өте бай. Ол өз кейіпкерлерінің портетін шебер суреттеп, әрқайсысын өзіне тән тілде сөйлетеді.
Ақын, ғалым Қабиболла Сыдиықұлының 90 жылдығына арналған көрмесін тамашалауға шақырамыз! ...
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді кітапхана шараларына белсене қатысуға шақырамыз! ...
https://cloud.mail.ru/public/29uM/3DQZ9Kupy ...
Steppe & World баспасы 2018 жылдан бері қазақ тілінде балаларға және ересектерге арналған кітаптар шығарумен айналысып келеді. ...
Биылғы жылы өлкелік "Бір өлке - бір тұлға" акциясы аясында ақын, ғалым-зерттеуші Қабиболла Сыдиықұлының 90 жылдығына орай кітап көрмелер, ...
Биылғы жылы "Бір ел -бір кітап" акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің ...
Жақсы есім мен беделден артық ештеңе жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа шалдығу - абыройсыздық. Сыбайлас жемқорлық ірілі-ұсақ болмайды, оның әрбір қадамы ...