• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Артына өшпес із қалдырған нар тұлға - Қолғанат Нұржаубайұлы

28-ақпан күні облыстық кітапхана өлкетану залында Өлкенің өркендеуіне өз үлесін қосқан ел ағаларының бірі, өлкетанушы, журналист, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Ақтау қаласының құрметті азаматы, Құрмет орденінің иегері - Қолғанат Нұржаубайұлының туғанына 70 жыл толуына орай «Артына өшпес із қалдырған нар тұлға» атты еске алу кеші өтті. 

Қолғанат Нұржаубайұлы сонау Маңғыстаудың шалғай ауылынан шығып, Республика көлеміндегі алғашқылардың бірі болып, тарихшы-археолог мамандығын алып шыққан тұлға. Маңғыстаудан шыққан тұңғыш археолог, Маңғыстау облысының тарихи-өлкетану мұражайының негізін қалаушы. Қызылқала, Шерқала ортағасырлық бекініс-қалалары мен өлкенің археологиялық ескерткіштері туралы мәліметтерді зерттеуші. Ол жастайынан елмен етене араласып, жан-жақты қабілетімен, қандай құрметке де лайықты азамат екенін көрсетеді. Қай салада жұмыс істесе де артына өшпес із қалдырып, елдің ықыласы мен алғысына бөленеді. 

Облыс аймағындағы мәдени іс-шараларға белсене араласып, ел құрметіне бөлніп жүрген сыйлы азамат, заңғар жазушы Әбіш Кекілбайұлымен, поэзия падишасы – Фариза Оңғарсынова апасымен жақын аралас болып, олардың батасын алған жан. Қолғанат Нұржаубайұлы МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-де журналист болып жүріп, облыстағы көптеген өзекті мәселелерді ортаға салып, оның шешілуіне үлкен үлесін тигізді. Оның «Шәмбілдің шаңырағы», «Тағылым», «Емші», «Таушығым құт мекенім» деген кітаптары, бірнеше мақалалары жарық көрген. Еске алу кешінде Қолекеңнің өмірінен сыр шертетін бейнеүзік көрсетіліп, жиналған қауым ерекше тебіреніспен тамашалады. Кешке Қолғанат Нұржаубайұлының белгілі ұстаз, ғалым, ақын замандастары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. 

Ел ағаларынан белгілі дәрігер Сүлеймен Бердәулетов, Аққұлов Қаржау, Нұров Саламат, Құрмет орденінің иегері, ақын Сабыр Адай, Қазақ КСР-і «Халық ағарту ісінің үздігі», математик Ванов Қуантқан, математика-физика ғылымдарының докторы, ғалым Дүйсенбаев Баймұқанбет, жас өлкетанушы Кенжебек Сержан сөз сөйлеп өз естеліктерін айтты. Сонымен бірге, кеште Қолғанат ағаның өлеңдері оқылып, әсерлі әңгімелері айтылды. Облыстық филармонияның дәстүрлі әншісі Темірбек Асқамбаев «Тойбастар» жырын орындап, көпшілікке өнерін паш етті. Кітапхана ұжымының атынан Нұргүл Еңсегенова да сөз сөйлеп, Қолғанат ағаның аманат сөзін айтып еске алды.

Қолекеңнің тоқсан жастан асқан ағасы Ізбасқан ақсақал бастап, жұбайы Қамаш апай мен баласы Асқар Қолғанатұлы қорытынды сөз сөйлеп, ұйымдастырушы кітапхана ұжымына, жиналған қауымға өз ризашылығын білдірді. Кеш соңында Қолғанат Нұржаубайұлының рухына құран бағышталып, арнайы дайындалған көрмеге естелікке суретке түсті.




Steppe and World баспа үйінің басшысы Раиса Сайран Қадыр арнайы атбасын бұрып Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханаға ...

Жаңалыққа өту  

Ең жақсы сыйлық - кітап Бүгін Есенов университетінің профессоры Нағбду Қамарова Қ.Сыдиықұлы атындағы облыстық кітапханаға "Арыс" баспасынан ...

Жаңалыққа өту  

03-ақпан күні  кітапханамыздың Оқу залында  "Зобалаң жылдар, тәлкекті тағдыр" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қазақ даласының тарихындағы Ұлы ...

Жаңалыққа өту  

09-ақпан күні кітапханамыздың техникалық әдебиеттер залында  "Жер байлығы - ел игілігіне" "Қазақстан Каспийшельф" мемлекеттік компаниясының Маңғыстау ...

Жаңалыққа өту  

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Маңғыстау облысына 50 жыл, Ақтау қаласының құрылғанына 60 жыл толуына орай "Киелі мекен ...

Жаңалыққа өту  

Биыл "Бір өлке -бір тұлға"-2023  өлкетану акциясы -  әдебиеттерін насихаттау бойынша Өлкетанушы, географ, публицист, этнограф ғалым - Серікбол ...

Жаңалыққа өту  

24 қаңтар күні Қ.Сыдиықов атындағы әмбебап кітапханасында, Маңғыстаудың азаматы бас геолог Шаңырбаев Иманмәді Шаңбасұлының 75 жас толуына орай ...

Жаңалыққа өту  

 Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған филиалында жүргізілетін үйірмелердің жұмысы жөніндегі мәлімет:       Арнаулы кітапхана ...

Жаңалыққа өту  

Қазақстан Республикасының 2023 жылы еске алынатын күндері мен мерейтойлар көрсеткіші Қаңтар 1 қаңтар – Мұрат Мұхтарұлы Әуезов (жазушы, публицист) ...

Жаңалыққа өту  

Құрметті оқырмандар! Шетел әдебиеттер залында тегін "ағылшын тілін үйрену" үйірмесі өз жұмысын бастайды. Қатысып, үйреніңіздер!  ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу