• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Кітап оқып біл

Кітап оқудың пайдасы неде?

 Кітап – рухани сарқылмас қазына. Кітап деген де, әр адамның түсінігі әр түрлі. Мәселен біреулер ермек үшін оқыса, біреулер адам өміріңдегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы деп түсінеді. Білімнің қайнар бұлағы- кітап деп бекер айтпаған.Сондықтан да мұны адамзаттың баға жетпес құндылығы деп білеміз. Кітап оқымай өмірді білу,білім алу мүмкін емес шығар.Қазіргі уақытта бүлдіршіндерге, студенттерге, жасөспірімдерге  кітап оқуға толық мүмкіншілігі бар.
  Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұрған ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы – салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Жас ұрпақтың талабын қанағаттандыру, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда талап талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы-кітап. Ал адамның ойын байытып, сауатын жоғарылатып, білім нәрімен сусындатар орта – кітапхана. Әдебиет арқылы әлемдегі мемлекеттер бір-бірімен рухани байланыс жасауда. 

 Кітап оқудың пайдасы неде? Неге кейбір адамдар оқуды әлі де жалғастыруда, тек демалу немесе бос уақытты өткізу үшін ғана емес шығар?

Әрине, кітап оқудың пайдасы зор екендігінде сөз жоқ. Жақсы кітапты оқу арқылы адамның білім көкжиегі кеңейеді, ішкі жан дүниесі байыды, сақтау қабілетін арттырады, ақылдырақ болады дегендей. Ал тағы бір кітап оқудың маңызды жағы...:

Кітап оқу арқылы адамның сөздік қоры көбейіп, ойлау қабілетін арттырып, өз пікірін еркін жеткізе алады. Оған сөз жоқ өз тәжірибеңде көз жеткізуге болады. Мысалы бір классиктің шығармасын оқысаң-ақ болды, бұрын екі сөздің басын құрамайтын адам, өз ойын жеткізе алатындай дәрежеге жететініне күмән жоқ.

Сондай-ақ оқу логикалық ойлауды дамытады. Оқығаныңды іштей талдасаң, адам психологиясын жетік түсіне бастайсың.

Көңіл-күйің болмаса да кітап оқу бір сәт жабырқаудан арылтады, тіпті уақытша болса да уайымыңды басады.

Кітап оқудың тағы бір пайдасы адам ағзасының қартаймауына септігі бар екенін оқымыстылар дәлелдеуде. Урсула Ленз - егде адамдармен жұмыс жасайтын Федеральды біріккен ұйымның қызметкері былай дейді: «Егде адамдар үшін кітап оқу пайдалы екендігіне бірнеше себеп бар. Біріншіден, оқылған сөзді санада бейнеге айналдыру қабілеті когнитивті қызметке жақсы әсер етеді. Екіншіден, оқу ойын жинақтауға көмектеседі. Сондықтан оқудың қартайғанда да  белсенді ақыл-ойды сақтап қалуға пайдасы бар екен».

Сонымен келтірілген дәлелдер арқылы, сіздерді кітапты ең жақын досы етеді деп үміттенемін. Ал енді сіздерге кітаптардың пайдасы туралы Интернеттен алынған азды-кемді тіркестерді ұсынамын. 

Жақсы жазатын қаламгердің шығармасы оқылып қана қалмайды, одан қалса, сізді жақсы сөйлеуге үйретеді. 

Кітап оқудың денсаулыққа пайдасы зор
Ғалымдардың айтуынша, кітап оқу – рухани жетілуге ғана емес, тән саулығына да керемет пайдалы екендігін дәледеніп отыр. Медицина ілімінде үлкен мидың жұмысы бүкіл дене организмдеріне тікелей әсер етеді делінген. Сол үшін де биология саласында «үздіксіз қозғалыстағы клетка жасарып отырады дейтін» көзқарас бар. Жақында ғалымдар кітап оқу, сурет, музыка, жазушылық секілді ақыл-ой еңбегімен шұғылданатын адамдардың жүйке-жүйесінің басқа адамдардан әлдеқайда тез дамитынын және қартайған кезде де жүйке-жүйенің шаршауы, әлсіреуі және үлкен мидың қартаюы болмайтынын дәлелдеді.
Қан тамырдың, өкпе, жүрек және басқа да ағзалардың сау денелі болуы үшін дене әрекеті маңызды орында тұратыны белгілі. Бірақ, барлық дене мүшесіне әсер ететін үлкен миды жаттықтырудың ең тамаша тәсілі кітап оқу. Кітап оқу – жүйке жүйесін шынықтыру, дене-бітімді күшейту, әртүрлі аурулардың алдын алуда тамаша маңызға ие. Адамның ішкі құрылысында кезігетін барлық аурулар психологиямен тікелей байланысты. Көңіл-күйдің түсіңкі болуы, үлкен мидың шаршауы қатарлылар әртүрлі аурулардың басты себепкері. Сол үшін де жақсы кітап – рухани азық. Сау денелі болудың табылмас дәрісі.

Кітап оқудың тағы бір ерекшелігі – ұзақ өмір сүрудің кепілі екен. Жапония медицинасы осылай қорытынды шығарып отыр. Олардың айтуынша, ең ұзақ өмір сүретіндер – философтар, одан кейінгісі ғалымдар мен көркемөнершілер екен. Олар «кітап оқу – үлкен миды үздіксіз қозғалысқа салады. Кітап оқып болған соң да оның адамға сыйлайтын әсері дене шынықтырудан кейінгі массаж секілді адамды рухани қалыпқа түсіріп отырады» дейді. 


Толығырақ: http://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/6921/




Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы (швед. Nobelpriset i litteratur) — жыл сайын әдебиет саласы бойынша Нобель қорынан берілетін сыйлық. 1895 ...

Жаңалыққа өту  

 Кітап – рухани сарқылмас қазына. Кітап деген де, әр адамның түсінігі әр түрлі. Мәселен біреулер ермек үшін оқыса, біреулер адам өміріңдегі маңызы, ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу