• Область Мангистау, Город Актау, 19А микрорайон, здание 1/1
  • Вторник - Пятница: 09:00-18:30
    Суббота - Воскресенье: 10:00-18:30
    Понедельник - выходной

Сценарии

«Қылқалам шебері – Әбілхан Қастеев»

Құрметті кеш қонақтар,оқырмандар!

Бүгінгі «Қылқалам шебері – Әбілхан Қастеев» атты шығармашылық  портрет кешімізге қош келдіңіздер! Кешіміз суретші,қазақтың бейнелеу өнерінің негізін салушы    Әбілхан Қастеевтің туғанына 110 жыл толуына арналады.  Осы кешке Абыл Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебінің ән-терме мұғалімі Мағзумова Гүлсім Қызықбайқызы шәкірттерімен, сол мектептін  ән-терме мұғалімі Мусаева Тансұлу Болықбаевна шәкірттерімен  келіп отыр. Қош келдіңіздер!

Тындаушылар:  Маңғыстау гуманитарлық колледжінің 1-курс студенттері мен мұғалімі Егізғараев Қосай.  Сондай-ақ, кешті жүргізуде мен, өнер секторының қызметкері Егинбергенова Гуля Жарасқанқызы және Маңғыстау гуманитарлық колледжінің студентті Бимурзаева Әсем.

Абыл Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебінің ән-терме оқушысы Құсымова Аружан. Мұзарантық  әні : Ғарифолла Құрманғалиев. «Әнші даусы» (Дүрдараз) Қарсалыңыздар.

1 Жүргізуші:

Әбілхан Қастеев қазақ суретшілерінің төлбасы. Атадан балаға мұра болып қалыптасып келе жатқан біртұтас өнеріміздің қайнар көзінің сарқылмас бұлағының бірі Әбілхан Қастеев жай суретші емес. «Пірім менің Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» - деп Жамбыл атамыз айтқандай, ол ұлттық сурет, бейнелеу өнерінің пірі. Қандай суреткерді болсын қанаттандыратын, шабыттандыратын ұлы өнер аламанына үкілеп қосатын да, алтын бесік ,туған жері – Шежін жерінің табиғаты мен киелі топырағы.  Сіздердің назарынызға 2013 жылы түсірілген деректі фильмді ұсынамыз. Экранға назар аударайық.

Фильм  «Ұлт мақтанышы»

18.40  тоқтату.

Жүргізуші:  Кеш қонақтарға сұрақ: Сонда сіз қалай ойлайсыз, Хлудовтың Ә. Қастеев атамызға қатысы жоқ, бар болғаны майлы бояулар мен қылқалам берді деп ойлайсызба? Әлде Ә. Қастеев Хлудовтың шәкірті дегенді рас деп ойлайсызба? Қалай қарайсыз? Өз пікіріңізді айта отырсаңыз. Хлудовты неге жұрт білгісі келмеген?

Фильм.

22.01 тоқтату.

Жүргізуші: Маңғыстау өнер колледжінен келген  студенттер Дәурен мен Тілеужан  өздерінің салған туындыларын  көрермендерге таныстырып өтеді.

Салған суреттеріне баға берсеңіз.

Портрет  салғанда қандай қыіншылықтар туады? Сізге бір адамның  суретін салу  үшін қанша уақыт керек?  Жалпы портрет салудың қыр-сырына тоқталып кетсеңіз.

Халық әні: «Қаракөз»

Фильм.

А. Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебінің мұғалімі Мағзумова Г.Қ. орындауында Тұрдығұлұлының «Ой көк» әні.

2 жүргізуші: «Жүректен шыққан мың өнер» атты кітап көрмемен таныстыру.

Әбилхан Қастеевтың творчествосы жан-жақты. Шығармаларында портреттер-де, тарихи және жанрлық суреттер де, табиғат көріністер де көп кездеседі. Көрменін «Даланы қылқаламға қуат еткен» атты 2-бөлімінде суретшінің республиканы көп аралап жүргенде салынған табиғат көріністері.

Ә. Қастеев Маңғыстауда да бір неше рет болған. Онын «Өзендегі қыс», «Жетібай көрінісі», «Форт –Шевченко» т.б. суреттері бар.

«Жылжар мен жолдар» атты фотокөрмемен таныстыру.

А. Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебінің оқушысы Марат Мұхаммедтің орындауында. «Сүгірдің термесі»

Марапаттау: Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының бас әдіскері Енсегенова Нұргүл Туманбайқызына сөз беру.

А. Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебінің мұғалімі   Мусаева Т.Қ. орындауында «Қарғаш-ай».

Фотоға түсу. 



Күйші,Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, «Құрмет»өрденінің иегері                     Сержан Шәкіраттың 75 жас мерейто

Перейти к новости  

90-лет со дня его рождения Булата Окуджавы 

Перейти к новости  

Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» кітабының желісі бойынша 

Перейти к новости  

Суретші,қазақтың бейнелеу өнерінің негізін салушы  Әбілхан Қастеевтің туғанына 110 жыл.

Перейти к новости  

Информационный час: "Астана - моя столица"

Перейти к новости  

КОНТАКТНЫЙ ТЕЛЕФОН

+7 (7292) 30 31 13

РАБОЧИЙ ГРАФИК

Вторник - Пятница: 09:00-18:30
Суббота - Воскресенье: 10:00-18:30

Понедельник - выходной

Правила пользования услугами универсальной библиотеки

Прочесть