Буккроссинг шақырады!
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді облыстық кітапханада орналасқан БУККРОССИНГ сөрелерді тамашалауға шақырамыз!
Облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен халықты кітап оқуға тарту, кітапхана жаңалықтарымен бөлісу және кітап қорын насихаттау мақсатымен 2019 жылдан бастап қаламыздың COFFEESHOP COMPANY, Шаңырақ, Тraveler's Coffee, бистро Fusion кафелерінде «Біз әлемді үлкен кітапханаға айналдырамыз!» ұранымен буккроссинг сөрелері (оқыған кітаптарды басқа да оқығысы келген кітаптарға айырбастау орны) ашылды. Сонымен бірге облыстық балалар аурухана дәлізінде «Буккросинг бұрышы» жасақталып, ауруханадағы балаларға кітаптар, газет-журналдармен әр тоқсан сайын толықтырылады.
Қала тұрғындарының, кітап сүйер қауымның көмегімен БУККРОССИНГ сөрелері көбейіп, жұмыс жасап жатыр.
Келіңіздер! Жарқын болашаққа бізбен бірге!
Құрметті оқырман! Сіздің назарыңызға Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана қорына ұсынған Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап ...